“Даналық өзінен туған істермен ақталады”
1. Кейбір адамдар біздің ісімізге қалай қарайды?
1 Ісімізді түсінбейтін немесе жалған мәлімет естіген кейбір үй иелері уағыздауға келген бізді тыңдағысы келмеуі, тіпті жағымсыз сөздер айтуы мүмкін. Басқа біреулеріне бұқаралық ақпарат құралдарының алалаушылық рухымен берілген мәліметтері әсер етсе керек. Кейбір жерлерде Ехоба куәгерлеріне “қауіпті секта” деген ат таңып қойған. Осындай жағдайлар бізге қалай әсер етуі керек?
2. Қызметтегі жағымсыз жайттардан салымыз суға кетпеуі үшін не қажет?
2 Иса мен оның І ғасырдағы шәкірттері жиі адамдардың тарапынан түсініспеушілікке және дөрекілікке кезігетін (Ел. іс. 28:22). Алайда мұндай жағымсыз жайттар оларға қызметтерін мақтан тұтуға кедергі жасамаған. Иса: “Даналық өзінен туған істермен ақталады”,— деді (Мат. 11:18, 19). Ізгі хабарды шындықты іздеген адамдар бағалай алатынына сенімді болғандықтан, ол Әкесінің еркін құлшына орындай берді. Құдай Ұлының өзі осындай жағымсыз жайттарға кезіккенін естен шығармасақ, біздің де салымыз суға кетпейді.
3. Біз жайлы жалған мәліметтің таралғанына және қарсылық жасалып жатқанына біз неге таңғалмаймыз?
3 Иса осы дүниенің адамдары өзін қалай жек көрсе, шәкірттерін де жек көретінін айтқан (Жох. 15:18—20). Олай болса, біз жайлы жалған мәлімет таралғанына және қарсылықтар жасалып жатқанына таңғалмауымыз керек. Турасын айтқанда, ақыр заман кезеңі бітуге жақындаған сайын, мұндай жайттардың көбейетінін және Шайтанның ашуы да күшейе түсетінін білеміз (Аян 12:12). Бірақ бұл Шайтанның дүниесіне аз уақыт қалғанын білдіреді, сондықтан қуануымыз керек.
4. Адамдар айтқандарымызды тыңдағылары келмей, жағымсыз сөздер айтса, қалай жауап беруіміз керек?
4 Игі ниетпен жауап беріңдер. Адамдар айтқандарымызды тыңдағылары келмей, жағымсыз сөздер айтқанда, біз оларға игі ниетпен жауап қайтаруымыз керек (Нақ. с. 15:1; Қол. 4:5, 6). Мүмкін болса, шын ниет танытып тұрған үй иесіне біз туралы таратылып жатқан мәліметтің жалған екенін айтуға және Ехоба куәгерлері туралы неліктен осылай ойлайтынын сұрауға болады. Біздің жылы-жұмсақ сөйлегеніміздің арқасында ол Куәгерлер туралы естігеніне күмәнданып, келесі жолы бізді тыңдауы мүмкін. Алайда үй иесі өте ашулы болса, жай ғана кетіп қалған дұрыс. Адамдар бізге қалай қараса да, Ехобаның қызметімізді бағалайтынына сенімді бола аламыз (Ишая 52:7).