Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2009 жылғы 28 желтоқсаннан басталатын аптада қарастырылады.
1. Қиындықтардан қандай пайда көруіміз мүмкін? (Заб. 118:71). (w06 1.09 14-б., 4-абз.)
2. Құдайды “күніне жеті рет” дәріптеу деген нені білдіреді? (Заб. 118:164). (w06 1.09 14-б., 6-абз.)
3. Қалай Дәуіт ‘емшектен шығарылған сәбидей жан дүниесін тыныштандырды’? (Заб. 130:1—3 сілт.). (w06 1.09 15-б., 5-абз.)
4. Неге жезөкше әйелді ‘өзге әйел’ деген? (Нақ. с. 5:20). (w06 1.10 7-б., 6-абз.)
5. ‘Сөздерім’ мен ‘өсиетім’ дегенге не жатады? (Нақ. с. 7:1, 2). (w06 1.10 8-б., 1-абз.)
6. “Ұрлап ішкен су” деген не және неге ол “тәтті”? (Нақ. с. 9:17). (w06 1.10 8-б., 3-абз.)
7. Қалайша “көзін қысып белгі берген ыза келтірер [“көңілге мұң ұялатады” Тт]”? (Нақ. с. 10:10). (w06 1.10 9-б., 6-абз.)
8. Неге арамза тиістісін әділ жаннан да көбірек алмақ? (Нақ. с. 11:31). (w06 1.10 9-б., 8-абз.)
9. Қалай адам ‘білімін жасырады’? (Нақ. с. 12:23). (w06 1.10 9-б., 9-абз.)
10. Қалайша “ренжіген ағайын — бекітілген қаладай” болады? (Нақ. с. 18:19). (w06 1.10 9-б., 10-абз.)