Қауым кездесулерінде Ехобаға арнап ән шырқауға дайынсың ба?
1 Қауым бағдарламасына дайындалғанда, мадақ әндерін шырқау үшін де дайындалуға болады. Мұны істеудің жолдарын қарастырайық.
2 Өлеңнің мәніне көңіл аударыңдар. Әр әннің негізгі жазба орны және соңында келтірілген қосымша тармақтар өлеңнің Жазбаларға негізделген мәніне назар аударуға көмектеседі.
3 Ән айтып жаттығыңдар. Жаңа өлеңдермен таныс болу үшін апта сайынғы отбасылық ғибадат кезінде азырақ уақытты ән айтуға арнауға болады. Қауым кездесулерінде шырқалатын күйтабаққа басылған пианиноның сүйемелдеуін қолданып, ән шырқауға болады.
4 “Ехобаға арнап ән шырқаңдар” кітапшасын қолдануды бастаған кезде ән айтуға дайын боласың ба? Әрине, дайын боларың сөзсіз. Бұл үшін әннің мәнін түсінуге әрі оны айтып жаттығуға уақыт бөл.