Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 11.09. 7-б.
  • Сауалдар жәшігі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сауалдар жәшігі
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба куәгерлерінің жиындары сізге қандай пайдасын тигізеді?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Ғибадат ету үшін неге бас қосуымыз қажет?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Телефонмен уағыздау — куәлік берудің тиімді жолы
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Кездесулердің жігер беретіндей өтуіне үлес қосып жүрсің бе?
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2009
km 11.09. 7-б.

Сауалдар жәшігі

◼ Неліктен қауым кездесулерінің бағдарламасын телефон арқылы тыңдауға қатысты парасаттылық таныту қажет?

Кейде бауырластар денсаулықтың нашарлығынан не басқа да қиын жағдайлардың салдарынан Патшалық сарайындағы кездесулерге келе алмайды. Сол себепті олар үшін бағдарламаны үйде отырып телефон арқылы тыңдауға жағдай жасалған. Бұл шын мәнінде мұқтаж адамдар үшін сүйіспеншілікпен жасалған шара болып табылады. Олар мұның пайдасын көру үшін жауапты бауырластар парасаттылық танытып, бәрін жан-жақты ойластырулары керек. “Әдеп пен тәртіп” сақталуы үшін ақсақалдар бұған бақылау жүргізіп, ұйымдасқан түрде әрекет етеді (Қор. 1-х. 14:40).

Ақсақалдар бірінші кезекте созылмалы ауруға шалдыққан, мүмкіндіктері шектеулі не басқа да себептермен үйінен шыға алмайтын жариялаушылардың бағдарламаны телефон арқылы тыңдауларына қам жасайды. Науқастанып қалған әрі жұмысқа уақытша шыға алмайтын жариялаушылар, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі, бірақ рухани өсіп жатқан Киелі кітап зерттеушілер бұл шараның пайдасын көре алады. Олар қауымға қатысқандар деп есептелінеді. Ал телефон желісі жүргізілмеген болса, шынында да мұқтаж адамдар үшін қауым кездесулерінің бағдарламасын дыбыс құрылғыларына жазып беруге болады.

Әрине, Патшалық сарайға келіп, қауым кездесулеріне қатысқаннан артық ешнәрсе жоқ. Бауырластармен араласқанымыздың арқасында өзара жігерленеміз және жаңадан келгендерге кездесулерді бағалауға көмектесеміз. Қауымға келгенде, бағдарламадағы көріністерден көп нәрсеге үйренеміз, ақсақалдар бізге қажетті көмек көрсете алады және бауырластарымыздың ыстық сүйіспеншіліктеріне бөленеміз. Бірде егде жастағы әйел бауырлас Патшалық сарайынан шығып келе жатқанда, бауырластары оны құшақтап алады. Сонда марқайып қалған ол: “Телефон арқылы мұндай жылулықты сезіне алмас едім!”— деген болатын (Рим. 1:11, 12).

“Күні-түні Құдайға сиынып мінажат етіп, ғибадатханадан шықпайтын” Анна іспетті көптеген егде тартқан бауырластарымыз денсаулықтары жақсарып, жағдайлары көтеріп жатса, қауым кездесулеріне үнемі келіп тұрады (Лұқа 2:36, 37). Олар себепсізден-себепсіз емес, қажет болғанда ғана бағдарламаны телефон арқылы тыңдайды, бірақ мүмкіндік туа қалса, Патшалық сарайына келіп, кездесулерге қатысады. Осы бауырластардың үлгісіне еліктеп, Ұлы Құдайымыз Ехобаға ғибадат ету үшін қауым кездесулеріне келуге қолымыздан келгеннің бәрін істеп, қуанышқа кенелейік (Заб. 94:1—3, 6; 121:1).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу