Шындықты қарапайым етіп жеткіз
1. Тиімді тәлім беру үшін не маңызды?
1 Қызметіміз тиімді болу үшін шындықты қарапайым етіп жеткізгеніміз маңызды. Ұлы ұстаз Исаның үлгісін қарастырғанымыз “тәлім беру шеберлігін” (ЖД) арттыруға көмектеседі (Тім. 2-х. 4:2; Жох. 13:13).
2. Қарапайым тәлім беруге не жатады және ол қандай нәтиже береді?
2 Қарапайым сөйле. Иса Таудағы уағызында терең мағыналы шындықтарды қарапайым етіп жеткізді (Мат. 5—7 тар.). Сонда “халық Оның тәліміне қатты қайран қалды”. Ал кейінірек Исаны тұтқындауға жіберілген сақшылар: “Бірде-бір адам Ол сияқты сөйлеген емес!”— деді (Мат. 7:28, 29; Жох. 7:46). Адамдардың шындыққа көзін жеткізу үшін қиын сөздер мен тіркестерді немесе күрделі мысалдарды қолданудың қажеті жоқ. Шындықты қарапайым сөздермен-ақ түсіндіруге болады.
3. Неліктен кейбіреулер тым көп мәлімет беруге бейім және қалай бұдан аулақ бола аламыз?
3 Тыңдаушыларыңды ескер. Иса тәлім бергенде, тыңдаушыларын ескерген (Жох. 16:12). Біз де, әсіресе туысқандарға, жаңадан қызығушылық білдіріп жүргендерге немесе балаларымызға тәлім бергенде, қабілеттерін ескеріп, оларға бейімделе білуіміз керек. Тіпті мұқият тыңдап отырғандай болып көрінсе де, тым көп мәлімет бермегеніміз дұрыс. Ақжүректі адамдардың алдағы уақытта да Ехоба Құдай туралы білімдерін тереңдете беретіні шүбәсіз (Жох. 17:3; Қор. 1-х. 3:6).
4. Неге әр нәрсені бүге-шігесіне дейін түсіндірмей, негізгі ойларға баса назар аударғанымыз маңызды?
4 Негізгі ойларға баса назар аудар. Иса тәлім бергенде әр нәрсені бүге-шігесіне дейін түсіндіріп, тақырыпты күрделендірмеген. Мысалы, ол ‘өлгендердің қабірден шығатынын’ айтқанда, қайта тірілген сенушілер мен күнәкарларды не күтіп тұрғаны жайлы ашып айтудың уақыты келмеген еді (Жох. 5:28, 29). Біз Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізгенде, негізгі ойларға баса назар аударғанымыз және қосымша мәліметті келтірмегеніміз жөн.
5. Қарапайым етіп тәлім берсек, қандай батаға ие боламыз?
5 Мәңгілік өмірге жетелейтін білімді қарапайым сөздермен жеткізгені үшін Ехобаға қаншалықты ризамыз десеңдерші! (Мат. 11:25). Біз де шындықты қарапайым етіп жеткізіп, қызметіміздің жемісін көрейік!