Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2008 жылғы 27 сәуірден басталатын аптада қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2008 жылғы 2 наурыздан басталатын апта мен 27 сәуірден басталатын апта аралығында қарастырылған мәліметтерге 20 минуттық қайталау жүргізеді.
1. Күнделікті кездесіп отырған сынақтарға төтеп беру үшін Жүсіп не істеді? (Жар. 39:7—12) (lv-U 105-б., 18-абз.—106-б., 20-абз.).
2. Киелі кітапта туған күн тойлауға қатысты не айтылған? (Жар. 40:20—22) (lv-U 150-б., 9-абз.—151-б., 11-абз.).
3. Неліктен мысырлықтар еврейлермен бірге тамақтансақ арамданып қаламыз деп ойлаған? (Жар. 43:32) (w04 1.03 31-б., 1-абз.).
4. Жүсіптің: “Менің сүйегімді де өздеріңмен бірге осы жерден ала кетіңдер”,— деген сөздері қандай әсер қалдырды? (Жар. 50:25) (w07 1.06. 28-б., 10-абз.).
5. Қиын тапсырма алған кезде не нәрсе бізге сенімділік бере алады? (Мыс. ш. 4:10, 13) (w04 1.04 29-б., 5-абз.).
6. Қай мағынада Ыбырайым, Ысқақ және Жақыпқа Құдай өз есімін білдірмеген? (Мыс. ш. 6:3) (w04 1.04 29-б., 7-абз.).
7. Ехобаның перғауынды жазалауының нәтижесінде неге қол жеткізілді және бұл бізге қалай әсер етуі керек? (Мыс. ш. 9:13—16) (w05 1.06 9-б., 8-абз.).
8. Мысырдан шығу 14:30, 31-дегі сөздердің бүгінгі күнге қандай қатысы бар? (w04 1.04 30-б., 5-абз.).
9. Қалайша Ехоба әкелерінің күнәлары үшін ‘немерелері мен шөберелеріне дейін жазалайды’? (Мыс. ш. 20:5) (w04 1.04 31-б., 7-абз.).
10. Қалайша ашкөздікке қатысты оныншы өсиет адамдар орнатқан заңнан үстем? (Мыс. ш. 20:17) (w06 1.07 15, 16-б., 16-абз.).