Ехоба куәгерлерінің 2009 жылғы облыстық конгресі
1. а) Облыстық конгрестің үш күніне де қатысудың қандай пайдасы бар? ә) Қазірден бастап қандай дайындықтар жасауымыз керек?
1 Бәріміз де 2009 жылғы облыстық конгресті асыға күтудеміз. Бұл — “рухани мұқтаждықтарын мойындайтын” бауырластарымызбен жиналып, Ехобаны дәріптеудің тағы бір мүмкіндігі (Мат. 5:3 ЖД). Ехобаның күні жақындап қалғандықтан, бәріңді мәсіхші бауырластармен араласудың және сенімде берік тұруға көмектесетін рухани тәлімнің толық пайдасын көру үшін конгрестің үш күніне де қатысуға шақырамыз (Соф. 1:14). Мұғалімдерге не жұмыс берушілерге конгреске қатысу Құдайға деген ғибадатыңның ажырамас бөлігі екенін айт. Конгреске қатысты дайындықтарды алдын ала жасауға қорықпа әрі Ехобадан бата беруін сұра. Оның өзіңді қолдайтынына сенімді бол (Ишая 50:10).
2. Неліктен кейбір облыстық конгрестерде бауырластар өздерін халықаралық конгресте жүргендей сезінетін болады?
2 Халықаралық конгрестер. Бұл конгрестер санаулы ғана ел мен қалаларда өтетіндіктен, оларға тағайындалғандар ғана бару керек. Бәріміз осы басшылыққа мойынсұнсақ, конгреске келетін адамдарға орын жеткілікті болады (Қор. 1-х. 14:40; Евр. 13:17). Алайда көп жердегі облыстық конгрестерде бауырластар өздерін халықаралық конгресте жүргендей сезінетін болады. Себебі миссионерлер, шетелде қызмет ететін бетелдіктер және халықаралық бағдарламаның қызметшілері туған елдеріндегі облыстық конгрестерге барады.
3. Қауымдағы бауырластарға мәсіхшілік сүйіспеншілікті қалай көрсете аламыз?
3 Басқаларға көмектес. Қауымыңдағы кейбір бауырластарға конгреске баруға көмектесу қажет пе? Қажет болса, оларға көмектесу арқылы ‘өз мүддеңді ғана емес, басқалардікін де ойлай жүретініңді’ көрсетесің (Філіп. 2:4).
4, 5. Басқа конгреске баратын болсаң, қандай басшылықты ұстанғаның жөн?
4 Мәлімет алу. Конгрестің өтетін күндері мен жерін сұрап Бетелге телефон шалмас бұрын, алдымен қажетті мәліметті қауым хатшысынан сұрауыңды өтінеміз.
5 Өз қауымың тағайындалған конгрестен басқа конгреске баратын болсаң, “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” бланкісінің екінші бетінде келтірілген мекенжайға хат жазып, “Тұратын жайлар тізімін” ала аласың. “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” бланкісі жуырда қауым хатшыларына жіберіледі. Жауап алуың үшін, хатыңмен бірге мекенжайың жазылған және марка жапсырылған бос хатқалта салып жіберуді ұмытпа.
6. Ерекше мұқтаждықтары бар жариялаушылар көмек сұраса, қандай жайттар ескерілу керек?
6 Ерекше мұқтаждықтар. Егер жариялаушы конгресс кезінде тұратын жерге қатысты көмек сұраса, қауымның қызмет комитеті “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” бланкін толтыру үшін жариялаушының талаптарға сай келетінін-келмейтінін шешуі керек. Қауым хатшысы бланкті конгрестің пәтер бөліміне жібермес бұрын, олар бланктегі басшылық пен 2008 жылдың 14 желтоқсанындағы барлық ақсақалдар кеңесіне арналған хатты қарастырулары керек.
7. Қонақүйде тұруды жоспарласаңдар, нені ескеру қажет?
7 Қонақүй. Басқа қалада өтетін конгреске баруды жоспарласаңдар, қонақүйде тұру қымбат болатынын ескеріңдер. Сондықтан қазірден бастап конгреске баруға және қонақүйде бөлме жалдауға жеткілікті болатын ақша жинағандарың дұрыс.
8. Бауырластардың бәрі бөлмелерді жалдай алу үшін біз не істей аламыз?
8 Қонақүйге қатысты әркімнің талғамы әртүрлі болатынын түсінеміз. Алайда “Тұратын жайлар тізімінде” жоқ қонақүйлерден бөлме жалдайтын болсақ, пәтер бөлімінің жұмысын қиындатамыз. Қолдануды жоспарламаған бөлмелерді жалдамауды және тапсырыс беріліп қойған бөлмеден соңғы сәтте бас тартып кетпеуіңді өтінеміз. Бұл басшылықты ұстанатын болсаң, бауырластардың бәрі қонақүйден бөлме жалдай алатын болады (Қор. 1-х. 10:24).
9. 2009 жылғы облыстық конгреске дайындалғанда және оған қатысқанда, не нәрсеге ерекше назар аударуымыз қажет?
9 Құдайға даңқ әкелетін істер. Барлық істерімізде, мысалы қонақ үйдің қызметкерлерімен және конгресс өтіп жатқан қаладағы өзге адамдармен араласқанда, киелі рухтың жемісін танытсақ, яғни сөзіміз бен іс-әрекеттерімізге ерекше мұқият болсақ, Ехобаның халқына жақсы ат әкелеміз және адамдардың ізгі хабарды қабылдауларына кедергі жасамаймыз (Қор. 1-х. 10:31; Қор. 2-х. 6:3, 4). 2009 жылғы облыстық конгрестегі сенің жүріс-тұрысың Құдайға даңқ әкелсін! (Пет. 1-х. 2:12).
[5-беттегі қоршау]
Бағдарлама уақыты:
Бейсенбі (Халықаралық конгрестер ғана)
13:20—16:55
Жұма және сенбі
9:20—16:55
Жексенбі
9:20—16:00