Киелі кітап зерттеу сабақтарын ұсынатын арнайы күн
1 Қаңтар айынан бастап барлық қауым әр айдың бір демалыс күнінде, мүмкін алғашқы демалыс күнінде, Киелі кітап зерттеу сабағын ұсынуға баса назар аударатын болады. Бұл жергілікті жағдайға байланысты сенбі не жексенбі күні болуы мүмкін. Сол күні зерттеу сабағына келіспеген адамдарға “Киелі кітап үйретеді” кітабын не журналдардың соңғы сандарын ұсынуға болады. Ақсақалдар мен қызмет көмекшілерінің бәрі осы шараға толық атсалысып, жариялаушыларға Киелі кітап зерттеу сабақтарын бастауға көмектесулері керек.
2 Қауымның қызмет комитеті демалыс күндердің қайсысы Киелі кітап зерттеу сабағын ұсынуға ыңғайлы болатынын шешеді. Сол күнді арагідік жариялаушылардың естеріне салып тұру қажет. Сонда олар алдын ала дайындалып, үйме-үй жүргенде және қызығушылық танытқан адамдарға барғанда зерттеу сабағын ұсынуға ерекше күш сала алады.
3 Қалай дайындала аламыз? Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға көмектесетін ұсыныстарды 2008 жылғы қыркүйек айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасынан және “Пікір алысу” (ор.) кітабының 11-бетінен табуға болады. Кейбіреулер трактаттардың бірін, мысалы “Шындықты білгіңіз келе ме?” трактатын, қолданғысы келетін шығар. Сондай-ақ 2007 жылғы тамыз айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 3-бетінде журналдарды алған адамға қайта барып, зерттеу сабақтарын қалай бастауға болатынына қатысты ұсыныстар берілген. Уағыздауға арналған кездесулерін ақсақалдар мен қызмет көмекшілері кезегімен өткізеді. Бұл 10—15 минуттық кездесуде Киелі кітап зерттеу сабағын бастаудың бір-екі тиімді жолы талқыланады не көрсетіледі.
4 Әрине, Киелі кітап зерттеу сабағын бәрі бірдей қабыл алмайды не зерттеуді жалғастырмайды. Алайда бұл зерттеу сабақтарын ұсынудан бас тартуымызға себеп болмау керек, себебі момын адамдарды ұйымына жақындатып тартатын Ехобаның өзі (Жох. 6:44). Біздің жауапкершілігіміз — шындық тұқымдарын сеуіп қана қою емес, тамыр жайғандарын күтіп баптау және суғару, яғни ақжүректі адамдармен Киелі кітап зерттеу сабақтарын жүргізу. Осылайша біз Құдаймен бірге еңбектенуші болу мәртебесіне ие боламыз (Қор. 1-х. 3:9).