Теократиялық қызмет мектебінің 2009 жылға арналған бағдарламасы
НҰСҚАУЛАР
2009 жылы теократиялық қызмет мектебін өткізу үшін келесі шаралар қарастырылған.
МӘЛІМЕТ КӨЗДЕРІ: Киелі кітап, “Күзет мұнарасы” [w] және “Киелі кітап әңгімелері” [Smy].
Мектеп сәлемдесумен УАҚТЫЛЫ басталып, төмендегі бағдарлама бойынша өту керек. Бағдарламаның әр бөлімінен кейін мектеп бақылаушысы келесі бөліммен таныстырып тұрады.
КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ КӨҢІЛ БҰРАРЛЫҚ ОЙЛАР: 10 минут. Алғашқы төрт минутта қабілетті ақсақал немесе қызмет көмекшісі сол аптада оқуға берілген тараулардағы ойларды талқылайды. Ал берілген тараулар кітаптың бірінші тарауынан басталса, алғашқы төрт минутта айтылатын мәлімет “Күзет мұнарасының” 2004 жылдың 1 қаңтардағы санынан бері басылып келген “Ехобаның сөзі тірі” айдарынан алыну керек. Мысалы, Жаратылыс кітабының алғашқы бес тарауы 5 қаңтардан басталатын аптада талқыланады. Сондықтан баяндамашы “Күзет мұнарасындағы” осы кітапқа қатысты мақаланың кіріспе абзацтарынан бірнеше негізгі ойды таңдап айту керек. Ол мәліметті қауымға пайдалы болатындай етіп жеткізуге тиіс. Берілген тараулардағы не “Күзет мұнарасындағы” ойларды қарастырудың негізгі мақсаты — тыңдаушыларға бұл мәліметтің неге және қандай пайдасы бар екендігін түсіндіру. Баяндамашы бөлімнің алғашқы бөлігінің төрт минуттан асып кетпеуін мұқият қадағалау керек. Қалған алты минутты ол міндетті түрде тыңдаушылардың өз ойларын айтуына бөлу керек. Олар Киелі кітаптан оқыған тараулардан өздеріне қызықты да пайдалы болған ойларды 30 секундтан асырмай қысқаша айтып беруге шақырылады. Сосын, мектеп бақылаушысы оқушыларды басқа сыныптарға жібереді.
№ 1-ТАПСЫРМА: 4 минут не одан кем. Оқуға арналған бұл тапсырма ер бауырласқа беріледі. Оқушы берілген мәліметті алғы сөз не қорытынды айтпай оқып шығады. Мектеп бақылаушысы оқушыға жатық, логикалық екпін түсіріп, интонацияны өзгертіп, дұрыс кідіріс жасап, табиғи етіп және түсініп оқуды үйренуге көмектеседі.
№ 2-ТАПСЫРМА: 5 минут. Бұл тапсырма әйел бауырласқа беріледі. Оқушыға шартты жағдай тапсырылады, немесе оны “Қызмет мектебі” оқулығының 82-бетінде берілген тізімнен өзі таңдайды. Ол берілген тақырып бойынша дайындалу керек және оны шынайы әрі жергілікті жағдайда қолдануға болатындай етіп жеткізу керек. Егер мәлімет көзі берілмесе, оқушы тапсырманы әдебиеттерімізден іздеп дайындайды. Мектеп бақылаушысы оқушының мәліметті қалай жеткізгеніне, үй иесіне Жазба орындары туралы ой жүгіртуге және басты ойларды түсінуге қалай көмектескеніне назар аударады. Мектеп бақылаушысы оған көмекші тағайындайды.
№ 3-ТАПСЫРМА: 5 минут. Бұл тапсырма ер не әйел бауырласқа беріледі. Оқушы берілген тақырыпты ашып беру керек. Егер мәлімет көзі көрсетілмесе, оқушы оны әдебиеттерімізден іздестіріп жинақтау қажет. Бұл тапсырма ер бауырласқа берілген жағдайда, Патшалық сарайындағы тыңдаушыларға арналған баяндама ретінде айтылады. Ал әйел бауырлас алған жағдайда, оны № 2-ші тапсырма сияқты орындау керек. Егер тақырыптың қасында жұлдызша тұрса, тапсырманы тек ер бауырлас, мүмкін болса, ақсақал не қызмет көмекшісі дайындау керек екенін ескерулеріңді өтінеміз.
КЕҢЕС. 1-2 минут. Мектеп бақылаушысы оқушыға қандай сабақ берілгенін алдын ала хабарламайды. Ол № 1-ші, № 2-ші және № 3-ші тапсырмадан кейін тапсырманың мақтауға тұратын жақтарына көңіл бөледі. Ол “Қызмет мектебі” кітабына жүгіне отырып, тапсырманың неліктен жақсы болғанын түсіндіруі қажет. Әр оқушының қажеттілігіне сай, қосымша кеңестерді кездесудің соңында не басқа уақытта оңашада беруге болады.
БЕРІЛГЕН УАҚЫТ МӨЛШЕРІ. Тапсырмалар да, берілетін кеңес те, көрсетілген уақытынан аспау керек. № 1, 2, 3-ші тапсырмалармен шығатын оқушылар уақыттан асып бара жатса, оларды ізетпен тоқтату керек. Егер Киелі кітаптағы көңіл бұрарлық ойларды айтуға шыққан бауырластар берілген уақыттан асып кетсе, оларға оңашада кеңес беру керек. Барлығы да белгіленген уақытты мұқият қадағалаулары керек. Бағдарлама уақыты 30 минут.
КЕҢЕС БЛАНКІ. Оқулықта берілген.
ҚОСЫМША КЕҢЕСШІ. Мүмкін болса, ақсақалдар кеңесі мектеп бақылаушысымен қатар қабілетті ақсақалдың бірін таңдап алып, қосымша кеңесші ретінде тағайындайды. Егер қауымда ақсақалдар жеткілікті болса, кеңес беріп отыру үшін жыл сайын басқа ақсақалды тағайындауға болады. Қосымша кеңесші, қажет болса, Киелі кітаптағы көңіл бұрарлық ойларды айтатын бауырластарға жеке кеңес беріп отырады. Осындай тапсырмалармен шыққан ақсақалдар мен қызмет көмекшілеріне әрбір тапсырмадан соң міндетті түрде кеңес беріп отыру қажет емес.
ҚАЙТАЛАУ. 20 минут. Мектеп бақылаушысы екі ай сайын қайталау жүргізеді. Мұның алдында жоғарыда көрсетілген тәртіппен, Киелі кітаптағы көңіл бұрарлық ойлар айтылады. Қайталау сол аптаны қоса алғанда, соңғы екі айда өткен мәліметке негізделеді. Егер қайталау өткізілетін аптада қауым аудандық конгреске баратын болса немесе аудандық бақылаушы келетін болса, қайталау кейінгі аптаға жылжытылып, келесі аптаның № 1, 2, 3-ші тапсырмалары орындалу керек. Оқуға берілген тараулардың кестесі және көңіл бұрарлық ойлар тапсырмасы өзгермейді.
Бағдарлама
5 қаңт. Киелі кітапты оқу: Жаратылыс 1—5
№ 1: Жаратылыс 3:1—15
№ 2: Smy 1-әңгіме
№ 3: Нені бос әурешілік емес деуге болады?
12 қаңт. Киелі кітапты оқу: Жаратылыс 6—10
№ 1: Жаратылыс 9:1—17
№ 2: Иса қазір не істеп жатыр?
№ 3: Smy 2-әңгіме
19 қаңт. Киелі кітапты оқу: Жаратылыс 11—16
№ 1: Жаратылыс 14:1—16
№ 2: Smy 3-әңгіме
№ 3: Ехоба бізді қалай қалыптастырады?
26 қаңт. Киелі кітапты оқу: Жаратылыс 17—20
№ 1: Жаратылыс 17:1—17
№ 2: Неге адамдарға уағыздаймыз?
№ 3: Smy 4-әңгіме
2 ақп. Киелі кітапты оқу: Жаратылыс 21—24
№ 1: Жаратылыс 22:1—18
№ 2: Smy 5-әңгіме
№ 3: a Өзгелерге пейілімізді қалай кең жая аламыз? (Қор. 2-х. 6:11—13)
9 ақп. Киелі кітапты оқу: Жаратылыс 25—28
№ 1: Жаратылыс 25:1—18
№ 2: Құдай өзгере ме?
№ 3: Smy 6-әңгіме
16 ақп. Киелі кітапты оқу: Жаратылыс 29—31
№ 1: Жаратылыс 29:1—20
№ 2: Неліктен ‘уайымдауды доғаруымыз’ керек? (Мат. 6:25 ЖД)
№ 3: Smy 7-әңгіме
23 ақп. Киелі кітапты оқу: Жаратылыс 32—35
Қайталау
2 наур. Киелі кітапты оқу: Жаратылыс 36—39
№ 1: Жаратылыс 39:1—16
№ 2: Дүниені не біріктіреді?
№ 3: Smy 8-әңгіме
9 наур. Киелі кітапты оқу: Жаратылыс 40—42
№ 1: Жаратылыс 40:1—15
№ 2: Smy 9-әңгіме
№ 3: b Тәуелсіздік рухынан сақ бол!
16 наур. Киелі кітапты оқу: Жаратылыс 43—46
№ 1: Жаратылыс 44:1—17
№ 2: Адал да ақылды құл деген кім?
№ 3: Smy 10-әңгіме
23 наур. Киелі кітапты оқу: Жаратылыс 47—50
№ 1: Жаратылыс 48:1—16
№ 2: Ібілістен қорқуымыз керек пе?
№ 3: Smy 11-әңгіме
30 наур. Киелі кітапты оқу: Мысырдан шығу 1—6
№ 1: Мысырдан шығу 1:1—19
№ 2: Smy 12-әңгіме
№ 3: Неліктен мен есірткі қабылдамаймын?
6 сәу. Киелі кітапты оқу: Мысырдан шығу 7—10
№ 1: Мысырдан шығу 9:1—19
№ 2: Smy 13-әңгіме
№ 3: c Ғалаттықтарға 6:2 мен Ғалаттықтарға 6:5-ті қалай үйлестіруге болады?
13 сәу. Киелі кітапты оқу: Мысырдан шығу 11—14
№ 2: Құмар ойындарды ойнау неліктен дұрыс емес?
№ 3: Smy 14-әңгіме
20 сәу. Киелі кітапты оқу: Мысырдан шығу 15—18
№ 2: Өзімізді жалған ғибадаттан қалай таза ұстай аламыз?
№ 3: Smy 15-әңгіме
27 сәу. Киелі кітапты оқу: Мысырдан шығу 19—22
Қайталау
4 мам. Киелі кітапты оқу: Мысырдан шығу 23—26
№ 2: Smy 16-әңгіме
№ 3: Құдайдан қалай күш-қайрат ала аламыз?
11 мам. Киелі кітапты оқу: Мысырдан шығу 27—29
№ 2: Smy 17-әңгіме
№ 3: d Бұрыс нәрсеге адал болу неге қауіпті?
18 мам. Киелі кітапты оқу: Мысырдан шығу 30—33
№ 2: Болашаққа деген үмітіміз қалай жүзеге асады?
№ 3: Smy 18-әңгіме
25 мам. Киелі кітапты оқу: Мысырдан шығу 34—37
№ 2: Smy 19-әңгіме
№ 3: Неліктен жаман қылықтарға көз жұмып қарамауымыз керек?
1 маус. Киелі кітапты оқу: Мысырдан шығу 38—40
№ 2: Исаға ғибадат еткен дұрыс па?
№ 3: Smy 20-әңгіме
8 маус. Киелі кітапты оқу: Рут 1—4
№ 1: Рут 1:1—17
№ 2: Smy 21-әңгіме
№ 3: e Мәсіхшілер билікті қалай жүргізу керек?
15 маус. Киелі кітапты оқу: Патшалықтар 1-жазба 1—4
№ 1: Патшалықтар 1-жазба 2:1—11
№ 2: Мәсіхшілер Құдай өздерін қорғайды деп күтулері керек пе?
№ 3: Smy 22-әңгіме
22 маус. Киелі кітапты оқу: Патшалықтар 1-жазба 5—9
№ 1: Патшалықтар 1-жазба 5:1—12
№ 2: Smy 23-әңгіме
№ 3: Шомылдыру рәсімінен өткен шәкірттердің алатын батасы
29 маус. Киелі кітапты оқу: Патшалықтар 1-жазба 10—13
Қайталау
6 шіл. Киелі кітапты оқу: Патшалықтар 1-жазба 14, 15
№ 1: Патшалықтар 1-жазба 15:10—23
№ 2: Киелі кітап Құдай Сөзі екенін қайдан білеміз?
№ 3: Smy 24-әңгіме
13 шіл. Киелі кітапты оқу: Патшалықтар 1-жазба 16—18
№ 1: Патшалықтар 1-жазба 17:41—51
№ 2: Smy 25-әңгіме
№ 3: Мәсіхшілер кедейлерге қалай қамқорлық көрсетеді?
20 шіл. Киелі кітапты оқу: Патшалықтар 1-жазба 19—22
№ 1: Патшалықтар 1-жазба 20:24—34
№ 2: Өзімізді жын-перілердің әсерінен қалай қорғай аламыз?
№ 3: Smy 26-әңгіме
27 шіл. Киелі кітапты оқу: Патшалықтар 1-жазба 23—25
№ 1: Патшалықтар 1-жазба 25:1—13
№ 2: Неге момындық ұстамды болуды да білдіреді?
№ 3: Smy 27-әңгіме
3 там. Киелі кітапты оқу: Патшалықтар 1-жазба 26—31
№ 1: Патшалықтар 1-жазба 27:1—12
№ 2: Smy 28-әңгіме
№ 3: Қайта тірілуге деген үміт өмірімізге қалай әсер етеді?
10 там. Киелі кітапты оқу: Патшалықтар 2-жазба 1, 2, 5—8
№ 1: Патшалықтар 2-жазба 2:1—11
№ 2: Smy 29-әңгіме
№ 3: Ехобаға қалай адалдық танытамыз?
17 там. Киелі кітапты оқу: Патшалықтар 2-жазба 9—12, 23, 24
№ 1: Патшалықтар 2-жазба 9:1—13
№ 2: Құдай ішімдік ішуге тыйым сала ма?
№ 3: Smy 30-әңгіме
24 там. Киелі кітапты оқу: Шежірелер 2-жазба 1—5
№ 2: Құдай заңын сүю деген не? (Заб. 118:97)
№ 3: Smy 31-әңгіме
31 там. Киелі кітапты оқу: Шежірелер 2-жазба 6—9
Қайталау
7 қырк. Киелі кітапты оқу: Шежірелер 2-жазба 10—12
№ 1: Шежірелер 2-жазба 12:1—12
№ 2: Smy 32-әңгіме
№ 3: Тағдыр туралы ілім ақылға қонымсыз
14 қырк. Киелі кітапты оқу: Шежірелер 2-жазба 26—28
№ 1: Шежірелер 2-жазба 28:16—27
№ 2: Ақылмен жөн сілтеу деген не әрі неге бұл маңызды? (Ефес. 6:4)
№ 3: Smy 33-әңгіме
21 қырк. Киелі кітапты оқу: Шежірелер 2-жазба 29—32
№ 1: Шежірелер 2-жазба 30:1—12
№ 2: Smy 34-әңгіме
№ 3: Стреспен қалай күресуге болады?
28 қырк. Киелі кітапты оқу: Шежірелер 2-жазба 33—36
№ 1: Шежірелер 2-жазба 34:1—11
№ 2: Smy 35-әңгіме
№ 3: Құдай Патшалығы адамзат үкіметтерінің бәрінен асып түседі
5 қаз. Киелі кітапты оқу: Забур 1—4, 8, 15
№ 1: Забур 1:1—2:12
№ 2: ‘Бұл дүниелік болмауға’ не жатады?
№ 3: Smy 36-әңгіме
12 қаз. Киелі кітапты оқу: Забур 18, 21, 22, 31
№ 1: Забур 18:1—15
№ 2: Smy 37-әңгіме
№ 3: Азды қанағат ету қай кезде игі деуге болады? (Нақ. с. 15:16)
19 қаз. Киелі кітапты оқу: Забур 41, 45, 50, 69, 72
№ 1: Забур 41:1—12
№ 2: Құдайға ұйымдасқан түрде ғибадат ету қажет пе?
№ 3: Smy 38-әңгіме
26 қаз. Киелі кітапты оқу: Забур 89, 90, 94, 99, 102
Қайталау
2 қар. Киелі кітапты оқу: Забур 109, 116, 118
№ 1: Забур 118:1—16
№ 2: Құдайдан қорқу деген не?
№ 3: Smy 39-әңгіме
9 қар. Киелі кітапты оқу: Забур 120, 125, 126, 130
№ 1: Забур 120:1—125:6
№ 2: Smy 40-әңгіме
№ 3: Құдайға қалай ғибадат етіп жатқанымыз маңызды ма?
16 қар. Киелі кітапты оқу: Забур 132, 133, 138, 150
№ 1: Забур 138:1—18
№ 2: Smy 41-әңгіме
№ 3: f Біз нені киелі тұтуымыз керек?
23 қар. Киелі кітапты оқу: Нақыл сөздер 1—6
№ 1: Нақыл сөздер 5:1—23
№ 2: Ехоба куәгерлерінің басқа діндерден айырмашылығы қандай?
№ 3: Smy 42-әңгіме
30 қар. Киелі кітапты оқу: Нақыл сөздер 7—11
№ 1: Нақыл сөздер 7:1—27
№ 2: “Ехобаның ұлы күні” деген не? (Соф. 1:14 ЖД)
№ 3: Smy 43-әңгіме
7 желт. Киелі кітапты оқу: Нақыл сөздер 12—16
№ 1: Нақыл сөздер 14:1—21
№ 2: Smy 44-әңгіме
№ 3: g Рухани өсу үшін қауым кездесулеріне келу неліктен маңызды?
14 желт. Киелі кітапты оқу: Нақыл сөздер 17—21
№ 1: Нақыл сөздер 17:1—20
№ 2: Smy 45-әңгіме
№ 3: Ехобаның бүкіләлемдік билігін қалай қолдаймыз?
21 желт. Киелі кітапты оқу: Нақыл сөздер 22—26
№ 1: Нақыл сөздер 25:1—20
№ 2: ‘Ең алдымен патшалықты іздеуді жалғастыра беру’ деген не?
№ 3: Smy 46-әңгіме
28 желт. Киелі кітапты оқу: Нақыл сөздер 27—31
Қайталау
[Сілтемелер]
a Тек ер бауырласқа, мүмкін болса, ақсақал не қызмет көмекшісіне тапсырылады.
b Тек ер бауырласқа, мүмкін болса, ақсақал не қызмет көмекшісіне тапсырылады.
c Тек ер бауырласқа, мүмкін болса, ақсақал не қызмет көмекшісіне тапсырылады.
d Тек ер бауырласқа, мүмкін болса, ақсақал не қызмет көмекшісіне тапсырылады.
e Тек ер бауырласқа, мүмкін болса, ақсақал не қызмет көмекшісіне тапсырылады.
f Тек ер бауырласқа, мүмкін болса, ақсақал не қызмет көмекшісіне тапсырылады.
g Тек ер бауырласқа, мүмкін болса, ақсақал не қызмет көмекшісіне тапсырылады.