Өзгелерді Ехобаны сүюге үйрет
1. Кейбіреулерді Ехобаға жақындауға не талпындырады?
1 Ехоба туралы бірінші рет естіген кезің есіңде ме? Сені оған жақындауға не талпындырды? Көптеген ақ-жүректі адамдар Жаратушымыз оларды өзінің жанашырлық және сүйіспеншілік сияқты теңдесі жоқ қасиеттерімен баурап алғанын айтып бере алады (Жох. 1-х. 4:8).
2, 3. “Киелі кітап үйретеді” басылымын қолданып, қызығушыларға Ехобаға деген сүйіспеншіліктерін дамытуға қалай көмектесе аламыз?
2 “Ол, біздің Құдайымыз!” “Киелі кітап үйретеді” басылымы Ехобаның сүйіспеншілігіне және онымен жеке қарым-қатынас дамытудың маңыздылығына ерекше назар аударады. Бұл басылымды қолданып, өзгелерге Құдайға деген сүйіспеншіліктерін дамытуға қалай көмектесе аламыз? Жаңа бір ойды қарастырғанда: “Бұл жерден Ехоба туралы не білеміз?” немесе “Бұл Ехобаның теңдесі жоқ Әке екенін қалай көрсетеді?”— деген сияқты ойландыратын сұрақтар қойсақ болады. Осылай тәлім беру арқылы зерттеушіге Ехобамен мәңгі дос болып кетуге көмектесе аламыз.
3 Шынайы әрі тірі Құдай туралы білім алудың жоғары мәртебе екенін түсіндіргеніміз Киелі кітап зерттейтін адамдарды Ишая сияқты: “Ол, біздің Құдайымыз!”— деп айтуға талпындырады (Ишая 25:9). Құдай Сөзін түсіндіріп жатқанда, адамзаттың Ехобаның ниетіне сай, Иса Мәсіх басқарған үкімет арқылы қандай баталарға ие болатынына ерекше назар аударуымыз керек (Ишая 9:6, 7).
4, 5. Ехобаны сүйетініміз неден көрінеді?
4 Ехобаға деген сүйіспеншілікті паш ету. Ехобаны шын жүрегімен, жан-тәнімен әрі бүкіл ақыл-ойымен сүйетін адам мұнысын оған деген күшті сезімдермен ғана көрсетпейтінін білеміз. Біз Құдайдың ой қалпын қабыл алып, сол көзқарасымызды сақтауымыз керек (Заб. 96:10). Құдайға деген сүйіспеншілігімізді көрсету үшін оның өсиеттерін берік ұстануымыз қажет әрі қиындықтар мен қарсылықтарға қарамастан ‘жүріс-тұрысымыз Тәңірге бағышталып, қасиетті де Оған ұнамды болуға тиіс’ (Пет. 2-х. 3:11; Жох. 2-х. 6).
5 Құдай еркін орындауға сүйіспеншілігіміз талпындыратын болса, бұл бізді “зор қуанышқа” бөлейді (Заб. 40:8 ЖД). Зерттеуші Құдайдың талаптары оның қызметшілерінің игілігі үшін берілгенін түсінуі керек (Заң. қ. 10:12, 13). Ехобаның басшылығына сай өмір сүру арқылы адам оның барлық керемет істеріне деген терең ризашылығын көрсетеді. Қызығушыға Ехобаның әділ жолдарымен жүрудің көптеген қасіреттен сақтайтынын түсіндір.
6. Ехобаны сүйетін адамдар қандай баталарға ие бола алады?
6 Құдайды сүйетін адамдардың алатын батасы. Ехоба өзін сүйетін момын адамдардың қамын ойлайды және оларды өзінің “терең ой-мақсаттарынан да хабардар” етеді (Қор. 1-х. 2:9, 10). Олар Ехобаның ниетін білетіндіктен болашаққа сенімділікпен әрі үмітпен қарайды (Ерм. 29:11). Ехобаны сүйетін адамдар оның шексіз рақымына бөленеді (Мыс. ш. 20:6). Құдай оларды қатты жақсы көретіндіктен, олар мәңгі өмір сүруге үміттенеді (Жох. 3:16).
7. Өзгелерді Ехобаны сүюге үйрету сені қандай сезімге бөлейді?
7 Көктегі әкеміз туралы көбірек білген сайын, басқаларға жеткізетін біліміміз де көбейе түседі (Мат. 13:52). Өзгелерді, әсіресе балаларымызды, Ехобаны сүюге үйрету — теңдесі жоқ мәртебе! (Заң. қ. 6:5—7). Ехобаның “мол ізгілігін” көріп жүрген біздер қызығушыларымызбен бірге оны дәріптей берейік (Заб. 145:7 ЖД).