Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2008 жылғы 28 сәуірден басталатын аптада ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2008 жылғы 3 наурыздан басталатын апта мен 28 сәуірден басталатын апта аралығында теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту: егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетіңше зерттеу жүргізуің керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Берілген материалдан ауытқымай сөйлеу неліктен маңызды және бұл үшін не істеуге болады? (be 234-б., 1-абз.—235-б., 1-абз.).
2. Неге тәлім бергенде сұрақтарды қолданудың маңызы зор деуге болады? (be 236-б., 1—5 абз.).
3. Сұрақтар тыңдаушыларымызға ой жүгіртуге қалай көмектеседі? (be 237-б., 3-абз.—238-б., 1-абз.).
4. Неліктен тәлім бергенде адамдардың ішкі сезімдерін “сарқып” алу үшін сұрақтарды шебер қолдану маңызды? (Нақ. с. 20:5; Мат. 16:13—16; Жох. 11:26) (be 238-б., 3—5 абз.).
5. Тәлім бергенде теңеулерді қолдану неліктен маңызды? (Жар. 22:17; Ерм. 13:11) (be 240-б., 1—3 абз.).
№1-ТАПСЫРМА
6. Киелі рух Құдайдың бүгінгі қызметшілеріне қалай көмектесуде? (Жох. 14:25, 26) (be 19-б., 2, 3-абз.).
7. Оқи білудің ең үлкен пайдасы қандай? (be 21-б., 3-абз.).
8. Зерттеу дегеніміз не? (be 27-б., 3-абз.—28-б., 1-абз.).
АПТА САЙЫН КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
9. Неге Иса өзін “Ізгі Ұстаз” деп атаған кісіні түзетті? (Мар. 10:17, 18) (w08 15.02 “Ехобаның сөзі тірі. Марқа кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар”).
10. Иса інжір ағашы туралы мысал келтіргенде, Исраил халқына қатысты не айтқысы келді? (Мар. 11:12—14, 20, 21) (w03-U 15.05 26-б., 2, 3-абз.).
11. Исаның “Құдайым, Құдайым! Неліктен Мені жалғыз қалдырдың?” деген сөздері оның сенімінің жоқ болғандығына нұсқай ма? (Мар. 15:34).
12. Жәбірейіл періштенің Мәриямның үстіне киелі рух келіп, Құдайдың құдіреті оған көлеңкесін түсіргеннің арқасында ‘құрсақ көтеретіні’ туралы сөздері нені білдіреді? (Лұқа 1:30, 31, 34, 35). (w08 15.03 “Ехобаның сөзі тірі. Лұқа кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар”; it-2-Е 56-б., 2-абз.).
13. Исаның шәкірттері шынымен ‘демалыс күні істеуге тыйым салынған жұмысты істеді’ ме? (Лұқа 6:1, 2) (gt 31-тар.).
14. Исаның Мартаға берген кеңесінен не нәрсеге үйренуге болады? (Лұқа 10:40—42) (w99-U 1.09 31-б.).
15. Иса неге сонша қатты қиналды? (Лұқа 22:42).