Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 3.08. 1-б.
  • Біз Ехобаға бере аламыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Біз Ехобаға бере аламыз
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Ұқсас мәлімет
  • Қуатты үнемдеу қаншалықты маңызды?
    Ояныңдар! 2017
  • Патшалықтың мүддесі үшін құрбандықтарға барасың ба?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қызметімізді толықтай атқарып жүрміз бе?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Ехоба қалжырағанға қуат береді
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2008
km 3.08. 1-б.

Біз Ехобаға бере аламыз

1 Сен адамдардың Құдайға қандай да бір нәрсе бере алатынын білгенсің бе? Әбіл малдарының ең жақсысын Ехобаға құрбандық ретінде берген. Нұх пен Әйүп те Құдайға осындай құрбандық ұсынған (Жар. 4:4; 8:20; Әйүп 1:5). Әрине, мұндай құрбандықтар Жаратушыны байытқан жоқ, өйткені онсыз да барлық нәрсе оның иелігінде. Алайда құрбандық ұсыну арқылы сол адал адамдар Құдайға деген терең сүйіспеншіліктерін білдірген. Ал біз Ехобаны “мадақтап сый-тартуымызды” ұсыну үшін уақытымызды, күш-жігеріміз бен қаражатымызды жұмсаймыз (Евр. 13:15).

2 Уақытымыз. Қызметке көбірек атсалысу үшін аса маңызды емес істерге кететін уақыттың “құнын өтеп” алғанымыз мақтауға тұрарлық (Ефес. 5:15, 16, ЖД). Бәлкім, жылына бір не бірнеше рет қосалқы ізашар болу үшін күнделікті жоспарымызға қандай да бір өзгерістер енгізе алатын шығармыз. Мүмкін, қызметке әдеттегіден көбірек уақыт жұмсармыз. Мысалы, әр аптада әдеттегіден 30 минут артық уағыздайтын болсақ, айына кемінде екі сағат көбірек тапсырамыз.

3 Күш-жігеріміз. Қызметке бар күш-жігерімізді жұмсау үшін қатты шаршап, Ехобаға ең құнды нәрсемізді бере алмайтындай күйге жеткізетін көңіл көтеру түрлері мен істерден аулақ болуымыз керек. Сондай-ақ тым уайымшыл болмауымыз қажет, өйткені бұл ‘еңсемізді басып’, қызметке жұмсауға болатын күшімізді алып қоюы мүмкін (Нақ. с. 12:25). Тіпті уайымдауға айтарлықтай негіз болса да, ‘шаруамызды Жаратушыға тапсырғанымыз’ әлдеқайда дұрыс болмас па еді?! (Заб. 54:23; Філіп. 4:6, 7).

4 Қаражатымыз. Біз уағыз ісіне қаражатымызбен де қолдау көрсете аламыз. Пауыл бауырластарды “қолдағы қаражаттарынан бөлектеп, сақтап” отыруға талпындырған. Осылайша олар мұқтаждық көргендерге қол ұшын бере алар еді (Қор. 1-х. 16:1, 2). Біз де қаражатымыздың қандай да бір бөлігін сақтап қойып, жергілікті қауымның қажеттіліктеріне не дүниежүзілік іске садақа ретінде беруімізге болады. Біздің шын жүректен берген тартуымыз, тіпті кішігірім болса да, Ехоба үшін бағалы (Лұқа 21:1—4).

5 Ехоба бізге көп нәрсе берді (Жақ. 1:17). Ал біз өз ризашылығымызды уақытымыз, күш-жігеріміз бен қаражатымызды қызметке барынша жұмсау арқылы білдіре аламыз. Осылай еткеніміз Ехобаны қуантады, өйткені ол “қуанышпен беретіндерді ұнатады” (Қор. 2-х. 9:7).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу