Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 1.08. 7-б.
  • Хабарландырулар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Хабарландырулар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2008
Біздің патшалық қызметіміз. 2008
km 1.08. 7-б.

Хабарландырулар

◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Қаңтарда “Білім” кітабы немесе “Сергек болыңдар!” кітапшасы. Болмаса келесі әдебиеттердің қолда бар кез келгенін ұсынуға болады: “Құдайдың басшылығы”, “Құдайға шынайы мойынсұнатын уақыт” кітапшалары және “Жұмаққа жолды қалай табуға болады?” трактаты. Ақпанда “Отбасы бақытының сыры” кітабы. Наурызда “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабы. Зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Сәуірде және мамырда “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық білдірген, сондай-ақ Еске алу кешіне не өзге де теократиялық кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ адамдарға қайта барғанда, “Киелі кітап үйретеді” кітабы бойынша Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар. Маусымда: “Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер” кітабы. Зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар.

◼ Наурыз айында бес сенбі, бес жексенбі болатындықтан, бұл айда қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік бар.

◼ Ақпан айынан бастап 2 наурыздан кешіктірмей, аудандық бақылаушы “Қиын уақытта көмекті қайдан табуға болады?” деп аталатын жаңа баяндама айтады.

◼ Сенбі, 22 наурыз күні, күн батқан соң Еске алу кешін атап өту үшін, қауымдар қажетті шаралар қолданулары керек. Баяндаманы ертерек бастауға болғанымен, рәміздерді қолдан қолға беруді күн батпай бастамау керек. Аймақтарыңда қай уақытта күн бататынын жергілікті мекемелерден анықтап алыңдар. Әрбір қауымның Еске алу кешін бөлек өткізгені жақсы, алайда бұл әрдайым мүмкін бола бермейді. Егерде бір Патшалық сарайында бірнеше қауым жиналатын болса, бір немесе бірнеше қауым сол кешке өзге бір ғимаратты жалдағаны жөн. Келгендердің барлығы осы мерекенің толық пайдасын көру үшін, мүмкін болса, бағдарламалардың арасындағы үзіліс, кем дегенде, 40 минут болуына кеңес береміз. Сондай-ақ көліктердің жүруіне және көлікжайға қойылуына кедергі жасалмау жағын да қарастырған жөн. Мұны әсіресе адамдарды әкеліп-әкеткенде ескеру керек. Ақсақалдар кеңесі жергілікті жағдайда қандай шараларды қолданған дұрыс болатынын шешулері керек.

◼ Қауым хатшылары мен оқшау топтарға жауапты бауырластар қауымда әрбір ізашар үшін толтырылған ізашарлық қызметке тағайындау хаты (S-202) бар екеніне көз жеткізулері қажет. Егер ол қауымда болмаса, офиске хат жазулары керек.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу