Парасатты өмір сүріңдер
1 Иса төрт балықшыны соңынан еруге шақырғанда, олар бұл істі кейінге қалдырмастан, “дереу.. Оған еріп шәкірттері болды” (Мат. 4:18—22). Тарс қаласынан келген Саул да Мәсіхтің шәкірті болып, кейін көзі қайтадан ашылған соң, ‘көп кешікпей сол қаладағы яһуди мәжілісханаларында Иса туралы уағыздай бастады’ (Ел. іс. 9:20). Уақыт үнемі жылжып отырады және кеткен уақытты қайтарып алу мүмкін емес. Сол себепті де уақытымызды ‘парасаттылықпен’ пайдаланғанымыздың маңызы зор (Ефес. 5:15, 16).
2 Кездейсоқтық. Біз кез келген сәтте Ехобаға қызмет ету мүмкіндігінен айырылып қалуымыз мүмкін (Жақ. 4:14). ‘Жағдайдың орайлас келуінен’, не кездейсоқтықтан, ешкім де қашып құтыла алмайды (Екк. 9:11). Оның үстіне, бәріміздің де жасымыз ұлғаюда және кәрілікпен келетін әрі Ехобаға барынша қызмет етуге мүмкіндік бермейтін “қиын-қыстау күндер” қазіргі өмірде кімнің болса да басына түсері анық (Екк. 12:1). Сондықтан да Құдайға бағышталудан тартыншақтау немесе қызмет аясын кеңейтудің бар мүмкіндігін пайдаланудың орнына барынша қолайлы жағдайдың орнауын күту даналыққа жатпайды (Лұқ. 9:59—62). Ыбырайым парасаттылықпен бүкіл өмірін Ехобаға арнаған, сондықтан өмірінің соңғы жылдарында жан тыныштығына бөленіп, жасы ұлғайған шағында өміріне риза болып дүние салды (Жар. 25:8).
3 Осы заманның ақыры таяп қалды. ‘Осы заманның ақыры таяп қалғандықтан’ да біз уақытымызды парасаттылықпен пайдаланғымыз келеді (Қор. 1-х. 7:29—31). Көп ұзамай Шайтан басқарған дүние жойылады. “Өнімді жинайтын уақыт” аяқталған соң, қой тәрізді адамдарды алып келу ісі қайтып қайталанбайды (Аян 14:15). Сол себепті де күнделікті тұрмыстың уайымы мен ондағы алаңдататын нәрселердің уақытымызды ұрлауына жол бермей, оны толығымен қызметке арнайық (Лұқ. 21:34, 35). Орақ ісіне барынша атсалысқан адамдар ретінде артта қалған күндерге қанағаттана қарау қандай тамаша!
4 Біз қуанышты қызметке қатысу мүмкіндігін қалт жібермеуіміз керек. “Әлі де “бүгін” деген мерзім бітпей тұрғанда”, Ехобаға қолымыздан келгенше қызмет етіп қалуға бел буайық (Евр. 3:13). Сонда өзімізді нағыз парасатты адамдар ретінде көрсетеміз, себебі “Құдайдың еркін орындаушы мәңгі өмір сүреді” (Жох. 1-х. 2:17).