Исаның қалдырған үлгісімен жүр
1. Иса қандай үлгі көрсеткен?
1 Шәкірт дайындау ісіне атсалысқанда, біздің іс-әрекетімізді бақылап жүрген адамдарға үлгіміздің қатты әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Иса сөзімен де, ісімен де үйреткен. Оның іс-әрекетін бақылаған адамдар оның құлшынысын, адамдарға деген сүйіспеншілігін, Әкесінің есімін дәріптеуге деген ыстық ықыласын және еркін орындауға деген берік шешімін көрген (Пет. 1-х. 2:21).
2. Біздің үлгіміз қасымыздағы жариялаушыларға қалай әсер етуі мүмкін?
2 Үйме-үй уағыздағанда. Иса сияқты біздің де үлгіміз жанымыздағы адамдарға әсер етеді. Жаңа және тәжірибесі аз жариялаушылар белсенді қызметімізді көргенде, өз қызметтерінің сапасы туралы ойланатын болады. Ал біздің қуанышымызды және басқалардың қамын шын жүректен ойлайтынымызды көрген сайын, қызметті осылайша атқарудың қаншалықты маңызды екені естеріне түсіп отырады. Сондай-ақ бар ықыласпен Жазбаларды қолданатынымызды, адамдарға қайта баратынымызды және зерттеу сабақтарын жүргізетінімізді көре отырып, олардың да солай етуге ынталанары сөзсіз.
3. Қызығушыларымыз өз үлгімізден қалай және нені үйренуі мүмкін?
3 Зерттеу сабақтарын жүргізгенде. Әсіресе бізбен Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдар жүріс-тұрысымызға ерекше назар аударады. Мысалы, қызығушыларға зерттеу сабақтарына дайындалудың, Жазба орындарын ашып оқудың және негізгі ойлардың астын сызудың маңыздылығын түсіндіретін шығармыз, алайда олар ең бірінші өзіміздің қалай дайындалатымызға назар аударады (Рим. 2:21). Егер зерттеу сабағына уақтылы келетін болсақ, олар да сабақ өтетін уақытта басқа тірліктермен айналысып кетпейтін болады. Сондай-ақ олардың жанқиярлығымыз бен берік сенімімізді байқайтынында сөз жоқ. Сондықтан да Исаның үлгісімен мүмкіндігінше тура жүретін жариялаушылардың қызығушылары да жиі белсенді әрі жемісті қызмет ететініне таңғалмаса да болады.
4. Қауым кездесулерінде өз үлгімізбен қандай тәлім береміз?
4 Қауым кездесулерінде. Мәсіхшілер қауымындағы адамдардың бәрі қауым кездесулерінде өз үлгілерімен тәлім береді. Қауымға жаңадан келіп жүрген қызығушылар ондағы адамдардың жақсы үлгісінен көп нәрсе үйрене алады. Олар бауырластар арасындағы жылы қарым-қатынасты, бірлікті және олардың қарапайым сырт көрінісін байқайтын болады (Заб. 132:1). Қауым кездесулеріне үнемі келгеніміз және онда өз сенімімізді көпшілік алдында жариялағанымыз да назардан тыс қалмайды. Бір кездесуде қасындағы кішкене қыздың баяндамашы айтқан Жазба орнын өз Киелі кітабынан тез тауып алып, оны мұқият оқып отырғанын байқаған бір кісі өзімен Киелі кітап зерттеу сабағын өтуге өтініш білдірген екен.
5. Неге біз өз үлгіміздің маңыздылығын ұмытпауымыз керек?
5 Жазбаларда бір-біріміздің жақсы жақтарымызға еліктеуіміз керектігі жазылған (Філіп. 3:17; Евр. 13:7). Сондықтан, Иса қалдырған үлгімен мүмкіндігінше тура жүретін болсақ, бұл өзгелердің назарына ілігіп, оларға жақсы әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Осыны есте сақтай отырып, Тімотеге 1-хат 4:16-дағы: “Өзіңе де, үйретіп отырған іліміңе де мұқият ықылас аудар”,— деген сөздерді санамызға тоқып алайық.