Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 9.07. 3-б.
  • Хабарландырулар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Хабарландырулар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2007
Біздің патшалық қызметіміз. 2007
km 9.07. 3-б.

Хабарландырулар

◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Қыркүйекте “Киелі кітап үйретеді” кітабы. Адаммен алғашқы кездескен кезде-ақ Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Кітапты алған адамдардың бәріне Киелі кітап зерттеу сабағын бастау үшін қайта бару керек. Қазанда “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық танытқан адамға “Сергек болыңдар!” кітапшасын ұсыныңдар және Киелі кітапқа деген қызығушылығын арттыруға тырысыңдар. Қарашада “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым”. Егер үй иесі баламыз жоқ десе, “Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” деген трактатты не оның жағдайын ескере отырып, басқа трактатты ұсын. Желтоқсанда қауымда жиналып қалған кез келген 192 беттік кітап. Ондай кітаптар болмаса, “Сергек болыңдар!” кітапшасын ұсынуға болады. Қаңтарда “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабы. Ақпанда “Ехобаға жақында” кітабы.

◼ Қыркүйек айында бес сенбі, бес жексенбі болатындықтан, бұл айда қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік бар.

◼ Қауымдар келесі жолы әдебиетке тапсырыс бергенде, “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналдарының 2007 жылғы түптелген томдарына, 2007 жылғы “Күзет мұнарасы басылымдарының индексіне”, 2008 жылғы “Жылнамаға” және компакт-дисктегі “2007 жылғы Күзет мұнарасының кітапханасына” тапсырыс берулеріне болады. Бұл құралдардың қай тілдерде шығатыны туралы тізім ай сайын жіберіліп тұратын “Барлық қауымға арналған хабарландыруда” келтіріледі. Бұларға 2007 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсырыс беру керек. “2007 жылғы Күзет мұнарасының кітапханасы” қауымның шомылдыру рәсімінен өткен мүшелеріне ғана арналғанын және оны қауым арқылы ғана алуға болатынын ескерулеріңді өтінеміз.

◼ Желтоқсан айындағы қызмет кездесуінде “Ехоба куәгерлері. Ізгі хабарды жариялау үшін ұйымдасқан” деп аталатын жаңа фильм талқыланады. Бұл фильм “Біздің дүниежүзілік бауырластығымыз” деп аталатын фильммен бірге DVD дискте шығарылған (Заттың нөмірі: 9240, белгіленуі: dvjwa-DVA). Қауымдар бұл дискке 2007 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тапсырыс берулері керек. Онсыз қауымдарға диск жіберілмейді.

◼ 2008 жылғы Еске алу кешіне орай 2008 жылғы 31 наурыздан басталатын аптада арнайы баяндама айтылады. Баяндаманың тақырыбы кейінірек хабарланады. Сол аптада аудандық бақылаушы келетін не аудандық конгресс болатын қауымдарда бұл баяндама келесі аптада айтылады. Ешбір қауымда арнайы баяндама 2008 жылғы 31 наурыздан басталатын аптадан бұрын айтылмауға тиіс.

◼ Төрағалық етуші бақылаушы не ол тағайындаған өзге бауырлас маусым, шілде және тамыз айларындағы қаржы есебін тексеруі керек. Тексеру жасалғанын қаржы жөніндегі кезекті есеп берілгеннен кейін хабарлау керек (“Қауым қаржысын тексеруге қатысты басшылықты” (S-27) қара).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу