Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 3.07. 4-б.
  • “Викторина”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Викторина”
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2007
  • Ұқсас мәлімет
  • 1) Сұрақ, 2) Жазба орны, 3) Тарау
    Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Әңгіме бастауға арналған жаңа айдар
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2016)
  • Оқырман қауымға
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітапқа баса көңіл аударады
    Біздің патшалық қызметіміз. 2005
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2007
km 3.07. 4-б.

“Викторина”

1. Көбіміз үшін не нәрсе қиынға соғады?

1 Құдай Сөзін жақсы көргендеріңмен, ондағы оқиғалардың кейбір тұстарын немесе Жазбалардағы кейбір ерекше сөздерді естеріңе түсіре алмайтын кездерің бола ма? Сондай-ақ балаларыңның Киелі кітаптағы маңызды мәліметтерді және ондағы негізгі ілімдерді тура түсінгенін қалайсыңдар ма? “Ояныңдар!” журналының 31-бетіндегі “Викторина” айдары жастардың да, үлкендердің де Құдай Сөзін жақсырақ білулеріне жақсы көмектеседі (Ел. іс. 17:11).

2. “Викторинаның” әртүрлі бөлімдерін қалай қолдануға болады?

2 Бұл айдарды мейлінше жақсы қолдану үшін не істеуге болады? “Ояныңдар!” журналының 2006 жылғы қаңтар айындағы санында келесі ұсыныс айтылған болатын: “31-бетті қарап шығуға уақыт бөліңдер... Бұл беттегі кейбір бөлімдер жастарға, ал басқалары Киелі кітапты жақсырақ білетін адамдарды ойландыруға арналған. “Бұл қашан болған?” деп аталатын бөлім Киелі кітаптағы адамдардың өмір сүрген уақыты мен кейбір маңызды оқиғалардың болған уақытын ретімен қойып шығуға көмектеседі. “Осы санда” деп аталатын бөлімнің жауаптарын журналды ақтарып отырып табуға болады, ал басқа сұрақтардың көбісінің жауабы сол журналдың бір бетінде төңкеріліп берілген. Бұл жауаптарды оқып алып, оны басқаларға айтып бермес бұрын, неге біраз ізденістер жасап көрмеске? Тіпті отбасымен немесе басқалармен бірге Киелі кітапты талқылағанда да, осы жаңа айдарды қолдануларыңа болады”.

3. Көп отбасы викторинаның қандай пайдасын көріп жүр? Ал сендерге оның қай бөлімі ұнайды?

3 Көп отбасы Киелі кітапты бірге зерттеу кезінде осы айдарды қолдануды ұнататыны рас. Бір әйел былай деп жазған: “Күйеуім екеуміз үш жасар қызымызға қызықты болу үшін отбасымен зерттеуге осы айдардың “Кішкентайларға арналған тапсырмалар” деген бөлімін қосуды ұйғардық. Оның бар ынтасымен өзінің “Ояныңдар!” журналының беттерін бір-бірлеп аша отырып, өзі іздеген суретті тауып алғанын көру сондай қызық”. Ал Бразилиядағы бір әке былай дейді: “Жеті жасар балам екеуміз осы айдарды қатты ұнатамыз. Бұл Мойзеске көңіл қоюға, Жазба орындарын іздеуге, суреттерді және оқиғалардың қашан болғанын түсінуге көмектеседі”. Ал сегіз жасар Эшли былай деп жазады: “Журналдың соңындағы “Викторина” үшін рақмет. Одан мен Киелі кітап туралы көп білдім”

4. Викторинаны отбасымен бірге зерттеу кезінде қалай қолдануға болады?

4 Неге виторинаны оқта-текте отбасымен зерттеу кезінде қарастырып тұрмасқа? Ондағы сұрақтардың жауабын табу қиын болса, “Индексті” немесе Watchtower Reader деп аталатын компакт-дискті қолдануларыңа болады. Осылайша балаларыңды ізденіс жүргізуге үйрете бересіңдер. Егер ересек балаларың болса, неге отбасымен зерттеуден бұрын оларға “Мен кіммін?” немесе “Бұл қашан болған?” деген бөлімдегі сұрақтарға қатысты ізденіс жүргізуді тапсырып қоймасқа? Сонда олар ізденістерінің нәтижесін отбасымен зерттеу кезінде айтып бере алар еді. Осы айдарды тиімді қолданып, балаларды ‘балалық шағынан-ақ Киелі жазбалармен таныстыру’ — Құдай Сөзін олардың саналарына құюдың бір жолы (Тім. 2-х. 3:15; Заң. қ. 6:7).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу