Теократиялық қызмет мектебінің 2007 жылға арналған бағдарламасы
Нұсқаулар
2007 жылы Теократиялық қызмет мектебін өткізу үшін келесі шаралар қарастырылған.
МӘЛІМЕТ КӨЗДЕРІ: Киелі кітап, “Күзет мұнарасы” [w], “Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз” [be], ‘Киелі жазбалардың бәрі... сенім артуға тұрарлық әрі тиімді’ [bsi06-U], “Тарихтағы ең ұлы адам” [gt] және “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” [kl].
Мектеп әнмен, дұғамен және сәлемдесумен УАҚТЫЛЫ басталып, төмендегі бағдарлама бойынша өту керек. Бағдарламаның әр бөлімінен кейін мектеп бақылаушысы келесі бөліммен таныстырып тұрады.
САБАҚ. 5 минут. Мектеп бақылаушысы, қосымша кеңесші немесе басқа бір қабілетті ақсақал “Қызмет мектебі” кітабына негізделіп, шешендік өнердің бір қырын қарастыратын баяндама айтады. (Қауымда ақсақал аз болса, баяндаманы қабілетті қызмет көмекшісіне тапсыруға болады.)
№ 1-ТАПСЫРМА. 10 минут. Қауым ақсақалы не қызмет көмекшісінің баяндамасы. Бұл баяндама “Күзет мұнарасындағы” және “Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз” кітабындағы мәліметке негізделеді. Ол тәлім беруге арналған 10 минуттық баяндама ретінде айтылады. Баяндаманы айтып қана қоя салмай, қауымға әсіресе пайдалы болатын ойларға көңіл бұра отырып, оларды өмірде қалай қолдануға болатынына баса назар аудару керек. Тапсырма бағдарламада көрсетілген тақырыпқа негізделу керек. Бұл тапсырмамен шығатын бауырластар баяндаманы берілген уақыттан асырмаулары керек. Қажет болса, баяндамашыға оңашада кеңес беруге болады.
КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ КӨҢІЛ БҰРАРЛЫҚ ОЙЛАР. 10 минут. Алғашқы бес минутта қабілетті ақсақал немесе қызмет көмекшісі берілген мәліметті жергілікті қажеттіліктерді ескере отырып жеткізеді. Ол Киелі кітаптың сол аптада оқуға берілген тарауларының кез келген бөлігіне түсініктеме беруіне болады. Бұл оқуға берілген тармақтарды қорытындылау ғана болмау керек. Негізгі мақсат — тыңдаушыларға бұл мәліметтің неге және қандай пайдасы бар екендігін түсіндіру. Баяндамашы бөлімнің алғашқы бөлігінің бес минуттан асып кетпеуін мұқият қадағалау керек. Қалған бес минутты ол міндетті түрде тыңдаушылардың өз ойларын айтуына бөлу керек. Олар Киелі кітаптан оқыған тармақтарынан өздеріне қызықты да пайдалы болған ойларды қысқаша (30 секундтан асырмай) айтып беруге шақырылады. Сонан соң Мектеп бақылаушысы оқушыларды әр түрлі сыныпқа жібереді.
№ 2-ТАПСЫРМА. 4 минуттан аспайды. Оқуға арналған бұл тапсырма ер бауырласқа беріледі. Оқушы берілген мәліметті алғы сөз де, қорытынды да жасамай оқып шығады. Мектеп бақылаушысы оқушыға әсіресе түсінікті де жатық, логикалық екпін түсіріп, интонацияны өзгертіп, дұрыс кідіріс жасап және табиғи етіп оқуды үйренуге көмектеседі.
№ 3-ТАПСЫРМА. 5 минут. Бұл тапсырма әйел бауырласқа беріледі. Бұл тапсырмамен шығатын оқушыларға шартты жағдай тапсырылады, немесе оны “Қызмет мектебі” оқулығының 82-бетінде берілген тізімнен өздері таңдайды. Оқушы берілген тақырып бойынша дайындалу керек және оны жергілікті жағдайда қолдануға болатындай етіп жеткізу керек. Егер мәлімет көзі берілмесе, оқушы материалдарды өз әдебиеттерімізден тауып дайындайды. Жаңа оқушыға мәлімет көзі көрсетілген тапсырманы беру керек. Мектеп бақылаушысы оқушының мәліметті қалай жеткізгеніне және үй иесінің Жазба орындары туралы ой жүгіртіп, басты ойларды түсінуіне қалай көмектескеніне назар аударады. Мектеп бақылаушысы оған көмекші береді.
№ 4-ТАПСЫРМА. 5 минут. Оқушы берілген тақырып бойынша жұмыс істеуі керек. Егер мәлімет көзі көрсетілмесе, оқушы оны әдебиеттерімізден іздестіріп жинақтайды. Бұл тапсырма ер бауырласқа берілген жағдайда, Патшалық Сарайындағы тыңдаушыларға арналған баяндама ретінде айтып жеткізеді. Ал әйел бауырлас алған жағдайда оны № 3-ші тапсырмадағыдай орындау керек. Мектеп бақылаушысы орынды деп есептесе, № 4-тапсырманы ер бауырласқа тапсыруына болады. Егер тақырыптың қасында жұлдызша тұрса, тапсырманы ер бауырлас баяндама ретінде дайындау керек екенін ескерулеріңді өтінеміз.
КЕҢЕС. 1 минут. Мектеп бақылаушысы оқушының қандай сабақпен шығатынын алдын ала хабарламайды. Ол № 2-ші, № 3-ші және № 4-ші тапсырмадан кейін бір минуттан асырмай, тапсырманың мақтауға тұратын жақтарына көңіл бөледі. Ол “жақсы болды” деп жалпы айтып қоя салмай, неліктен жақсы болғанын тыңдаушыларға түсіндіруі қажет. Әр оқушының қажеттілігіне сай қосымша кеңестерді кездесудің соңында не басқа уақытта оңашада беруге болады.
РЕГЛАМЕНТ. Баяндама да, берілетін кеңес те көрсетілген уақытынан аспау керек. № 2, 3, 4-ші тапсырмалармен шығатын оқушылар уақыттан асып бара жатса, оларды ізетпен тоқтатуға болады. Егер сабақпен, № 1-тапсырмамен немесе Киелі кітаптың көңіл бұрарлық тұстарын айтуға шыққан бауырластар берілген уақыттан асып кетсе, оларға оңашада кеңес беру керек. Барлығы да белгіленген уақытты мұқият қадағалаулары керек. Ән мен дұғаны қоспағанда, бүкіл бағдарлама уақыты 45 минут.
КЕҢЕС БЛАНКІ. Оқулықта берілген.
ҚОСЫМША КЕҢЕСШІ. Мүмкін болса, ақсақалдар кеңесі мектеп бақылаушысымен қатар қабілетті ақсақалдың бірін таңдап алып, қосымша кеңесші ретінде тағайындайды. Егер қауымда ақсақалдар жеткілікті болса, кеңес беріп отыру үшін жыл сайын басқа ақсақалды тағайындауға болады. Қосымша кеңесші, қажет болса, № 1-ші тапсырмамен шығатын және Киелі кітаптағы көңіл бұрарлық ойларды айтатын бауырластарға жеке кеңес беріп отырады. Ақсақалдар мен қызмет көмекшілеріне әрбір тапсырмадан соң, міндетті түрде кеңес беріп отыру қажет емес.
АУЫЗША ҚАЙТАЛАУ. 30 минут. Мектеп бақылаушысы екі ай сайын ауызша қайталау жүргізеді. Мұның алдында жоғарыда көрсетілгендей, сабақ пен Киелі кітаптың көңіл бұрарлық тұстары айтылады. Ауызша қайталау сол аптаны қоса алғанда, соңғы екі айда өткен мәліметке негізделеді. Егер ауызша қайталау өткізілетін аптада қауым аудандық конгреске баратын болса, қайталау (сол аптадағы бағдарламаның өзге бөліктері де) кейінгі аптаға жылжытылып, келесі аптадағы кездесу кестесі конгресс өтетін аптада өткізіледі. Ал егер ауызша қайталау болатын аптада аудандық бақылаушы келетін болса, ән мен сабақ және Киелі кітаптағы көңіл бұрарлық ойлар кестеде көрсетілгендей өткізіліп, бұған келесі аптада қарастырылатын тәлім беруге арналған баяндама қосылады. Келесі аптадағы Теократиялық қызмет мектебі кестеде көрсетілгендей, сабақ пен Киелі кітаптың көңіл бұрарлық ойларынан басталып, содан кейін ауызша қайталау болады.
Бағдарлама
1 қаңт. Киелі кітапты оқу. Шежірелер 2-жазба 12, 26—28 7-ән
Сабақ. Мәліметтің іс жүзіндегі пайдасы (be 158-бет, 2—4 абз.)
№ 1 Мектеп тапсырмасын дайындау (be 43-бет, 1-абз. — 44-бет, 3-абз.)
№ 3 Иса көктен келген, болашақта да көкке оралады (gt 68-тарау, 1—8 абз.)
№ 4 Қалай біз ‘Иеміз Иса Мәсіхке беріле түсіп, Оны үлгі етеміз?’ (Рим. 13:14)
8 қаңт. Киелі кітапты оқу. Шежірелер 2-жазба 29—32 20-ән
Сабақ. Ізгі хабардың іс жүзіндегі пайдасын көруге көмектесу (be 159-бет, 1—4 абз.)
№ 1 Тақырыппен және шартты жағдаймен жұмыс істеу (be 44-бет, 4-абз. — 46-бет, 2-абз.)
№ 3 Ехоба рухани ас-сумен қамтамасыз етеді (kl 161—163 бет, 5—8 абз.)
№ 4 Ехоба Құдайдың балаларды жақсы көретінін қайдан білеміз?
15 қаңт. Киелі кітапты оқу. Шежірелер 2-жазба 33—36 27-ән
Сабақ. Сөздерді таңдай білу (be 160-бет, 1—3 абз.)
№ 1 Шежірелер 2-жазба кітабының пайдасы (bsi06-U 8-бет, 34—36 абз.)
№ 3 Шынайы сүйіспеншілікті дамыту жолы
№ 4 Азаттыққа жеткізетін ақиқат (gt 68-тарау, 9—12 абз.)
22 қаңт. Киелі кітапты оқу. Забур жырлары 1—4, 8 5-ән
Сабақ. Түсінуге жеңіл сөздерді қолданып сөйлеу (be 161-бет, 1—4 абз.)
№ 1. Забур жырлары кітабына кіріспе (1-бөлім) (bsi06-U 21, 22-бет, 1—5 абз.)
№ 2 Забур 2:1—12
№ 3 Сүйіспеншілікке бөлену деген нені білдіреді? (kl 163—166 бет, 9—14 абз.)
№ 4 Неге басқаның ниеті туралы жаман ойдан аулақ болу керек?
29 қаңт. Киелі кітапты оқу. Забур жырлары 15, 18, 21, 22, 31 22-ән
Сабақ. Түрлі сөздерді қолдану және дәлдік (be 161-бет, 5-абз. — 162-бет, 4-абз.)
№ 1. Забур жырлары кітабына кіріспе (2-бөлім) (bsi06-U 22, 24-бет, 6—11 абз.)
№ 2 Забур 31:1—11
№ 3 Әкелікке қатысты мәселе (gt 69-тарау)
№ 4 a Мәсіхшілер өздерін басқалармен бәсекелестік көзқараспен салыстырмайды
5 ақп. Киелі кітапты оқу. Забур жырлары 41, 45, 50, 69, 72 6-ән
Сабақ. Күшті, әсерді және сезімді білдіретін сөздер (be 163-бет, 1-абз. — 164-бет, 2-абз.)
№ 1 Исаның жақсылық пен жамандыққа деген көзқарасын дамыт (w05 1.1. 20, 21-бет 11—15 абз.)
№ 2 Забур 45:1—12
№ 3 Қауым — пана (kl 167—169 бет, 15—20 абз.)
№ 4 Киелі кітапта сыйлық беру дұрыс емес болып есептеле ме?
12 ақп. Киелі кітапты оқу. Забур жырлары 89, 90, 94 11-ән
Сабақ. Сауатты сөйлеу (be 164-бет, 3-абз. — 165-бет, 1-абз.)
№ 1 Қарсылыққа кезіккенде қорықпаңдар (w05 1.1. 27-бет, 16—18 абз.)
№ 2 Забур 94:1—11
№ 3 Жанқиярлықпен өмір сүруге тұрады
№ 4 Зағип болып туылған кісіні айықтыру (gt 70-тарау)
19 ақп. Киелі кітапты оқу. Забур жырлары 99, 102, 109, 116 4-ән
Сабақ. Жоспарды қолдану (be 166-бет, 1-абз. — 167-бет, 2-абз.)
№ 1 Неге Ехобаның үкімдерімен келісуіміз керек? (w05 1.2. 28, 29-бет, 4—9 абз.)
№ 2 Забур 102:1—14
№ 3 Неге Құдайдың құлы болу — ұнамды нәрсе?
№ 4 b Исаға елікте. Құдайға мәңгілік қызмет ет (kl 170, 171-бет, 1—6 абз.)
26 ақп. Киелі кітапты оқу. Забур жырлары 118 5-ән
Сабақ. Не айтатыныңды ойластырып ал (be 167-бет, 3-абз. — 168-бет, 2-абз.)
Ауызша қайталау
5 наур. Киелі кітапты оқу. Забур жырлары 120, 125, 126, 130 19-ән
Сабақ. Баяндама жоспары қарапайым болу керек (be 168-бет, 3-абз. — 169-бет, 6-абз.)
№ 1 Забур жырлары кітабының пайдасы (1-бөлім) (bsi06-U 24, 25-бет, 23—27 абз.)
№ 2 Забур 125, 126
№ 3 Нағыз бақыт неге байланысты?
№ 4 Парызшылдар қайыршы адамға қарсы ештеңе айта алмай қалды (gt 71-тарау)
12 наур. Киелі кітапты оқу. Забур жырлары 132, 133, 138, 150 23-ән
Сабақ. Материалды қисынды етіп реттеу (be 170-бет, 1-абз. — 171-бет, 2-абз.)
№ 1 Забур жырлары кітабының пайдасы (2-бөлім) (bsi06-U 25, 26-бет, 28—32 абз.)
№ 2 Забур 138:1—14
№ 3 Мәңгілік өмірге алып баратын маңызды қадамдар (kl 173—175 бет, 7—9 абз.)
№ 4 Мысырдан шығу 14:11-дегі сөздерді бүгінде қалай қолдануға болады?
19 наур. Киелі кітапты оқу. Нақыл сөздер 1—6 21-ән
Сабақ. Мәліметті қисынды түрде баяндау (be 171-бет, 3-абз. — 173-бет, 1-абз.)
№ 1 Нақыл сөздер кітабына кіріспе (1-бөлім) (bsi06-U 27, 28-бет, 1—5 абз.)
№ 3 Ыбырайым, Әйүп және Даниялдың қайта тірілуге сенгенін қайдан білеміз?
№ 4 Иса жетпіс шәкіртін уағыздауға аттандырды (gt 72-тарау)
26 наур. Киелі кітапты оқу. Нақыл сөздер 7—11 9-ән
Сабақ. Қажет материалды ғана қолдан (be 173-бет, 2—5 абз.)
№ 1 Нақыл сөздер кітабына кіріспе (2-бөлім) (bsi06-U 28, 29-бет, 6—11 абз.)
№ 3 Неліктен шомылдыру рәсімінен өту қажет? (kl 175, 176-бет, 10—12 абз.)
№ 4 Мәсіхші не нәрсені мақтан тұтуы керек?
2 сәу. Киелі кітапты оқу. Нақыл сөздер 12—16 13-ән
Сабақ. Еркін сөйлеу (be 174-бет, 1-абз. — 175-бет, 4-абз.)
№ 1 Ехобаның сөзі таза болуға және адалдық сақтауға көмектеседі (w05 1.5. 9, 10-бет, 5—11 абз.)
№ 3 Нағыз жақындарымыз кімдер? (gt 73-тарау)
№ 4 c Кеңеске қалай қарауымыз керек?
9 сәу. Киелі кітапты оқу. Нақыл сөздер 17—21 14-ән
Сабақ. Еркін сөйлеудің қауіптерінен аулақ болу (be 175-бет, 5-абз. — 177-бет, 1-абз.)
№ 1 Нақыл сөздер кітабының пайдасы (1-бөлім) (bsi06-U 29—31 бет, 19—28 абз.)
№ 3 Неге Құдайға қызмет ету қуаныш сыйлайды?
№ 4 Шомылдыру рәсімі — сенің өміріңдегі ең маңызды қадам (kl 176-бет, 13—16 абз.)
16 сәу. Киелі кітапты оқу. Нақыл сөздер 22—26 5-ән
Сабақ. Аяқ астынан жауап беру қажет болғанда (be 177-бет, 2-абз. — 178-бет, 2-абз.)
№ 1 Ехобаның сөзі батылдық береді (w05 1.5. 10, 11-бет, 12—14 абз.)
№ 3 Исаның Мартаға берген кеңесі (gt 74-тарау, 1—5 абз.)
№ 4 Жерді қалайша қарғыс атты? (Жар. 3:17)
23 сәу. Киелі кітапты оқу. Нақыл сөздер 27—31 7-ән
Сабақ. Ауызекі тілде сөйлеу (be 179-бет — 180-бет)
№ 1 Нақыл сөздер кітабының пайдасы (2-бөлім) (bsi06-U 31, 32-бет, 29—38 абз.)
№ 3 Неге Ехобаның ұлылығы шексіз деп айтуға болады?
№ 4 Арналу және шомылдыру рәсіміне сай өмір сүру (kl 178—180 бет, 17—22 абз.)
30 сәу. Киелі кітапты оқу. Ишая 1—5 25-ән
Сабақ. Дауыс. (be 181-бет, 1—4 абз.)
Ауызша қайталау
7 мам. Киелі кітапты оқу. Ишая 6—10 8-ән
Сабақ. Дұрыс тыныс алу (be 181-бет, 5-абз. — 184-бет, 1-абз.; 182-бет, қоршау)
№ 1 Ишая кітабына кіріспе (bsi06-U 8—11 бет, 1—8 абз.)
№ 2 Ишая 6:1—13
№ 3 Дұға айтқанда табанды болу керек (gt 74-тарау, 6—9 абз.)
№ 4 Мәсіхшілер сенімсіздікпен қалай күресе алады?
14 мам. Киелі кітапты оқу. Ишая 11, 12, 40—42 29-ән
Сабақ. Жиырылған бұлшық еттерді босату (be 184-бет, 2-абз. — 185-бет, 3-абз.; 184-бет, қоршау)
№ 1 Қауымға арналған баяндамаларды дайындау (be 47-бет, 1-абз. — 49-бет, 1-абз.)
№ 2 Ишая 11:1—12
№ 3 ‘Шынайы өмірге’ қазірден дайындал (kl 181, 182-бет, 1—5 абз.)
№ 4 d Неге мәсіхшілер кездесіп жүргенде құлықтылық тазалығын сақтайды?
21 мам. Киелі кітапты оқу. Ишая 43—46 12-ән
Сабақ. Өзгелерге көңіл бөл (be 186-бет, 1—4 абз.)
№ 1 Қызмет кездесуінің бөлімдерін және басқа да баяндамаларды дайындау (be 49-бет, 2-абз. — 51-бет, 2-абз.)
№ 2 Ишая 45:1—13
№ 3 Өз-өзін алдау деген не және одан қалай сақтануға болады?
№ 4 Исаның кереметтерін дұрыс қабылдау (gt 75-тарау)
28 мам. Киелі кітапты оқу. Ишая 47—51 17-ән
Сабақ. Мұқият тыңдау (be 187-бет, 1—5 абз.)
№ 1 Кешірім сұрау — татуласудың кілті (w03 1.2. 4—7 бет)
№ 2 Ишая 50:1—11
№ 3 Һар-Магедоннан кейінгі жұмақтағы жер (kl 182—184 бет, 6—11 абз.)
№ 4 Ата-аналар балаларына кітап оқып берулері керек
4 маус. Киелі кітапты оқу. Ишая 52—57 28-ән
Сабақ. Рухани өсулеріне көмектес (be 187-бет, 6-абз. — 188-бет, 3-абз.)
№ 1 Көпшілікке арналған баяндаманы дайындау (be 52-бет, 1-абз. — 54-бет, 1-абз.)
№ 2 Ишая 55:1—13
№ 3 Құдайдан тәуелсіз болуға тырысу — ақымақтық
№ 4 Исаның парызшылдар мен ғұламалардың екіжүзділігін әшкерелеуі (gt 76-тарау)
11 маус. Киелі кітапты оқу. Ишая 58—62 26-ән
Сабақ. Іс жүзінде көмек көрсету (be 188-бет, 4-абз. — 189-бет, 4-абз.)
№ 1 Баяндамашының өзі шешетін нәрселер (be 54-бет, 2—4 абз.; 55-бет, қоршау)
№ 2 Ишая 60:1—14
№ 3 Барлық жерде бейбітшілік және өлген адамдардың қайта тірілуі (kl 184—187 бет, 12—18 абз.)
№ 4 Шынайы мейірімділік — әлсіздік емес
18 маус. Киелі кітапты оқу. Ишая 63—66 2-ән
Сабақ. Адамдарға құрмет көрсет (be 190-бет, 1-абз. — 191-бет, 1-абз.)
№ 1 Ишая кітабының пайдасы? (bsi06-U 11, 12-бет, 34—39 абз.)
№ 2 Ишая 64:1—12
№ 3 Иса мұрагерлік туралы дауға араласпады (gt 77-тарау)
№ 4 e Неге шынайы мәсіхшілер саясатқа араласпайды?
25 маус. Киелі кітапты оқу. Жүніс 1—4 25-ән
Сабақ. Құрметпен қарау (be 191-бет, 2-абз. — 192-бет, 2-абз.)
Ауызша қайталау
2 шіл. Киелі кітапты оқу. Матай 1—6 1-ән
Сабақ. Құрмет көрсетіп сөйлеу (be 192-бет, 3-абз. — 193-бет, 2-абз.)
№ 1 Тәлім беру қабілетіңді дамыт (be 56-бет, 1-абз. — 57-бет, 2-абз)
№ 2 Матай 4:1—16
№ 3 Ехобаға жақындау үшін не істеу керек? (Жақ. 4:8)
№ 4 Кемелділік деген не және қалай оған жетуге болады? (kl 187—191 бет, 19—25 абз.)
9 шіл. Киелі кітапты оқу. Матай 7—11 28-ән
Сабақ. Сенімділікпен сөйле (be 194-бет, 1-абз. — 195-бет, 2-абз.)
№ 1 ‘Ажырата біл’ (be 57-бет, 3-абз. — 58-бет, 2-абз.)
№ 2 Матай 9:1—13
№ 3 Исаның шәкірттерін өзінің қайтып келетін күніне дайындауы (gt 78-тарау)
№ 4 Аян 17:9—11 дейінгі тармақтар нені білдіреді?
16 шіл. Киелі кітапты оқу. Матай 12—15 18-ән
Сабақ. Сенімділік неден көрінеді? (be 195-бет, 3-абз. — 196-бет, 4-абз.)
№ 1 Тыңдаушыларды ойлануға талпындыр (be 58-бет, 3-абз. — 59-бет, 3-абз.)
№ 2 Матай 13:1—17
№ 3 Зерделі болу деген нені білдіреді? (Нақ. с. 13:16)
№ 4 Халық адасты, бірақ бәрі емес (gt 79-тарау, 1—5 абз.)
23 шіл. Киелі кітапты оқу. Матай 16—21 14-ән
Сабақ. Әдепті, бірақ табанды бол (be 197-бет, 1—3 абз.)
№ 1 Естігендерін қалай қолдануға болатынын көрсет және үлгі бол (be 60-бет, 1-абз. — 61-бет, 3-абз.)
№ 2 Матай 19:1—15
№ 3 Демалыс күні емделуге қарсылық білдіргендерді әшкерелеу (gt 79-тарау, 6—9 абз.)
№ 4 Құдай Патшалығының бар екендігінің дәлелі
30 шіл. Киелі кітапты оқу. Матай 22—25 16-ән
Сабақ. Куәлік еткенде әдепті де сыпайы бол (be 197-бет, 4-абз. — 198-бет, 5-абз.)
№ 1 Әңгімелесуді үйрен (be 62-бет, 1-абз. — 64-бет, 1-абз.)
№ 2 Матай 22:15—33
№ 3 Қой қоралар мен Бағушы (gt 80-тарау)
№ 4 Ұлы болуға қатысты дұрыс көзқарас қандай?
6 там. Киелі кітапты оқу. Матай 26—28 18-ән
Сабақ. Орнымен айтылған сөз (be 199-бет, 1—4 абз.)
№ 1 Әңгімені жалғастырудың жолдары (be 64-бет, 2-абз. — 65-бет, 4-абз.)
№ 2 Матай 26:31—46
№ 3 Мұса қай жағынан мәсіхшілерге керемет үлгі қалдырған?
№ 4 Олар неге Исаны өлтірмекші болды? (gt 81-тарау)
13 там. Киелі кітапты оқу. Марқа 1—4 27-ән
Сабақ. Отбасында және басқалармен сөйлескенде әдептілік сақтау (be 200-бет, 1—4 абз.)
№ 1 Нұхтың жазбасы. Біз үшін мәні бар ма? (w03 1.8. 4—7 бет.)
№ 2 Марқа 4:10—25
№ 3 Кім құтқарылмайды? (gt 82-тарау, 1—6 абз.)
№ 4 Киелі кітаптағы “жек көру” сөзінің қандай мағынасы бар?
20 там. Киелі кітапты оқу. Марқа 5—8 17-ән
Сабақ. Рухты көтеретін әрі жағымды нәрселер жайлы айт (be 202-бет, 1-абз. — 203-бет, 2-абз.)
№ 1 Сенім арту бақытты өмір үшін аса маңызды (w03 1.11. 4—7 бет.)
№ 2 Марқа 6:1—13
№ 3 Құдай рухы бізге қалай көмектеседі?
№ 4 Иерусалимге бара жатқанда атқарылған істер (gt 82-тарау, 7—11 абз.)
27 там. Киелі кітапты оқу. Марқа 9—12 14-ән
Сабақ. Жағымды мәнермен сөйле (be 203-бет, 3-абз. — 204-бет, 1-абз.)
Ауызша қайталау
3 қырк. Киелі кітапты оқу. Марқа 13—16 24-ән
Сабақ. Бір сенімдегілермен сөйлескенде (be 204-бет, 2-абз. — 205-бет, 4-абз.)
№ 1 Сұрақ қойған адамның көзқарасын біліп алу (be 66-бет, 1-абз. — 68-бет, 1-абз.)
№ 2 Марқа 15:1—15
№ 3 Адамдар Құдайды шынымен қуанта ала ма?
№ 4 Құдай шын мәнінде бағалайтын істерді жасау (gt 83-тарау)
10 қырк. Киелі кітапты оқу. Лұқа 1—3 25-ән
Сабақ. Баса назар аудару үшін қайталау (be 206-бет, 1—4 абз.)
№ 1 Қалай жауап беру керектігін білу (be 68-бет, 2-абз. — 70-бет, 4-абз.)
№ 2 Лұқа 1:26—45
№ 3 Шәкірт болудың жауапкершілігі (gt 84-тарау)
№ 4 f ‘Бөтен кісінің даусын’ қалай айыруға болады? (Жох. 10:5)
17 қырк. Киелі кітапты оқу. Лұқа 4—6 7-ән
Сабақ. Уағыздау қызметінде және баяндама айтқанда қайталау (be 207-бет, 1-абз. — 208-бет, 4-абз.)
№ 1 Хат жазу (be 73-бет)
№ 2 Лұқа 6:1—16
№ 3 Өзін әділ санаудан абай болу және кішіпейілділікті бағалау (gt 85-тарау)
№ 4 g Ата-аналар балаларына мол рухани мұрадан артық сый бере алмайды
24 қырк. Киелі кітапты оқу. Лұқа 7—9 10-ән
Сабақ. Тақырыптың ашылуы (be 209-бет, 1—3 абз.)
№ 1 Жетістіктерге жетіп, алға баса бер! (be 74-бет, 1-абз. — 75-бет, 3-абз.)
№ 2 Лұқа 8:4—18
№ 3 Неге 144 000 деген санды тура мағынада түсіну керек? (Аян 7:4)
№ 4 Жоғалған ұл мен оның сүйіспеншілігі мол әкесі (gt 86-тарау, 1—9 абз.)
1 қаз. Киелі кітапты оқу. Лұқа 10—12 22-ән
Сабақ. Лайықты тақырып (be 210-бет, 1-абз. — 211-бет, 1-абз.; 211-бет, қоршау)
№ 1 Қабілет-дарыныңды қолдан (be 75-бет, 4-абз. — 77-бет, 2-абз.)
№ 2 Лұқа 10:1—16
№ 3 Мепібосеттің жақсы қасиетіне қалай еліктей аламыз?
№ 4 Жоғалған ұлдың оралуының басқаларға әсер етуі (gt 86-тарау, 10—20 абз.)
8 қаз. Киелі кітапты оқу. Лұқа 13—17 23-ән
Сабақ. Негізгі ойларға баса назар аудару (be 212-бет, 1-абз. — 213-бет, 1-абз.)
№ 1 Неге Құдай сөзін сүю керек? (w05 1.5. 13, 14-бет, 3—6 абз.)
№ 2 Лұқа 16:1—13
№ 3 Болашағыңды даналықпен ойластыр (gt 87-тарау)
№ 4 Уағыздау қызметіне үнемі шығу қандай ерекше қуанышқа бөлейді?
15 қаз. Киелі кітапты оқу. Лұқа 18—21 6-ән
Сабақ. Негізгі ойлар тым көп болмау керек (be 213-бет, 2-абз. — 214-бет, 5-абз.)
№ 1 Жастар, Ехобаның алдында ұялмайтындай болып жүріңдер (w03 1.11. 29—32 бет.)
№ 2 Лұқа 18:1—14
№ 3 Кішіпейілділік түсініспеушілікті жеңуге көмектеседі
№ 4 Бай кісі мен Елазар (gt 88-тарау, 1—10 абз.)
22 қаз. Киелі кітапты оқу. Лұқа 22—24 24-ән
Сабақ. Қызығушылық оятатын алғы сөз (be 215, 1-абз. — 216-бет, 5-абз.)
№ 1 Адамзаттың проблемалары діннен бе? (w04 1.03. 4—7 бет.)
№ 2 Лұқа 22:1—18
№ 3 Бай кісі мен Елазар туралы астарлы әңгіменің мәні (gt 88-тарау, 11—21 абз.)
№ 4 Шынайы мәсіхшілер шыдамдылықты қалай танытады?
29 қаз. Киелі кітапты оқу. Жохан 1—4 2-ән
Сабақ. Уағыздау кезінде адамдардың көңілін жаулап алу (be 217-бет, 1—4 бет.)
Ауызша қайталау
5 қар. Киелі кітапты оқу. Жохан 5—7 7-ән
Сабақ. Алғы сөзіңде не жайлы айтатыныңды көрсет (be 217-бет, 5-абз. — 219-бет, 4-абз.)
№ 1 Сіз Құдайды қуанта аласыз (w04 1.6. 3—6 бет.)
№ 2 Жохан 5:1—18
№ 3 ‘Кемелді сүйіспеншілікке’ ие болу деген не? (Жох. 1-х. 4:18, ЖД)
№ 4 Мейірімділік танытып, Яһудеяға қауіпті сапар шегуі (gt 89-тарау)
12 қар. Киелі кітапты оқу. Жохан 8—11 24-ән
Сабақ. Ұтымды жасалған қорытынды сөз (be 220-бет, 1—3 абз.)
№ 1 Балаларыңызды тәрбиелеуге Киелі кітап көмектесе ала ма? (w04 1.07. 4—7 бет.)
№ 2 Жохан 10:1—15
№ 3 Неге өз қателіктерімізден үйрену ең жақсы жол емес?
№ 4 Исаның қайта тірілуге деген үміт туралы айтуы (gt 90-тарау)
19 қар. Киелі кітапты оқу. Жохан 12—16 23-ән
Сабақ. Есте ұстайтын жайттар (be 221-бет, 1—5 абз.)
№ 1 Оқырмандардың сауалдары (w04 1.07. 30—31 бет.)
№ 2 Жохан 13:1—17
№ 3 Неге жер бетінде жұмақ орнамас бұрын, рухани жұмақ орнауға тиіс?
№ 4 Исаның Елазарды қайта тірілтуі (gt 91-тарау)
26 қар. Киелі кітапты оқу. Жохан 17—21 28-ән
Сабақ. Уағыздау қызметінде (be 221-бет, 6-абз. — 222-бет, 6-абз.)
№ 1 Исаның кереметтері не туралы айтады? (w04 1.08. 4—7 бет.)
№ 2 Жохан 20:1—18
№ 3 Момын болу деген нені білдіреді?
№ 4 Құдайдың қайырымдылығына ризашылығыңды білдір (gt 92-тарау)
3 желт. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 1—4 8-ән
Сабақ. Тура да сенімді мәліметтерді келтір (be 223-бет, 1—5 абз.)
№ 1 Ең пайдалы кеңестің көзі (w04 1.09. 4—7 бет.)
№ 3 Адам Ұлы келген кезде (gt 93-тарау)
№ 4 Неге мәңгілік өмір жалықтырмайды деп айтуға болады?
10 желт. Киелі кітапты оқу. Елшілерді істері 5—7 12-ән
Сабақ. Шынайы хабарды берік ұстан (be 224-бет, 1—4 абз.)
№ 1 Қиындықтармен қалай күресе аламыз? (w03 1.01. 6, 7-бет, қоршау)
№ 3 Дұға мен кішіпейілділіктің қажеттілігі (gt 94-тарау)
№ 4 h Адамның рухани күйі некесіне қалай әсер етеді?
17 желт. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 8—10 18-ән
Сабақ. Мәліметтеріңнің қаншалықты сенімді екенін тексер (be 225-бет, 1—3 абз.)
№ 1 Сенімді нығайтып, батылдық беретін оқиға (w03 1.10. 30—31 бет.)
№ 3 Исаның өзгеріске түскен көрінісі қалай орындалды?
№ 4 Ажырасу және балаларға сүйіспеншілік көрсетуге байланысты тәлім беру (gt 95-тарау)
24 желт. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 11—14 22-ән
Сабақ. Түсінікті етіп сөйле (be 226-бет, 1-абз. — 227-бет, 1-абз.)
№ 1 Ақшаңызды даналықпен жаратыңыз! (w04 1.11. 6-бет, қоршау)
№ 3 Иса және бай жас басшы (gt 96-тарау)
№ 4 Қуғын-сүргінге қалай дайындалуымызға болады?
31 желт. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 15—17 5-ән
Сабақ. Таныс емес терминдерді түсіндіру (be 227-бет, 2-абз. — 228-бет, 1-абз.)
Ауызша қайталау
[Сілтемелер]
a Тек ер бауырласқа тапсырылады.
b Тек ер бауырласқа тапсырылады.
c Тек ер бауырласқа тапсырылады.
d Тек ер бауырласқа тапсырылады.
e Тек ер бауырласқа тапсырылады.
f Тек ер бауырласқа тапсырылады.
g Тек ер бауырласқа тапсырылады.
h Тек ер бауырласқа тапсырылады.