Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінің 2006 жылғы 30 қазанда басталатын аптасында ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2006 жылдың 4 қыркүйегінен басталатын аптасы мен 30 қазанда басталатын аптасы аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту. Егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Адамдармен сөйлескенде, өзімізді ұстай білу неге маңызды және тым қатты қобалжымау үшін не істеуімізге болады? (be 135-б., 5-абз., — 137-б., 2-абз., қоршаулар)
2. Неге сеніміміз туралы сұрағанда, Киелі кітаптың көмегімен жауап беруге тырысуымыз керек? (be 143-б., 1—3 абз.)
3. Киелі кітапты қолдану шеберлігімізді қалай арттыруымызға болады? (be 144-б., қоршау)
4. Неге қызмет кезінде үнемі Киелі кітапқа жүгініп отыру маңызды және қауым кездесуінде барлығын Киелі кітаптарын ашып отыруға қалай талпындыруға болады? (be 145, 146-б., қоршаулар)
5. Тармақтарға алғы сөз жасағанда, қандай екі мақсатты көздеуіміз керек? (be 147-б., 2-абз.)
№ 1-ТАПСЫРМА
6. Неге Рут кітабы Патшалыққа қатысты уәделерге деген сенімділігімізді нығайтуы керек? (bsi00-U 15-бет, 10-абз.)
7. Нақыл сөздер 2:1—5 дейінгі тармақтар бізді білім мен даналықты ‘күміс пен қазына’ іздегендей іздей беруге шақырады. Біз үшін бұл нені білдіреді? (be 38-б., 4-абз.)
АПТА САЙЫН КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
8. Лақтың етін енесінің сүтіне пісірмеңдер деген бұйрық нені білдірген? (Мыс. ш. 34:26)
9. Исраилдіктер Мысырдан шығу 34:23, 24-тегі өсиетке бағыну арқылы Ехобаға деген сенімдерін көрсеткен. Біз бұдан қандай сабақ аламыз? (w98-U 1.9 20-б.)
10. Исраилдіктердің киелі шатырдың жұмыстарын дәл Құдай бұйырғандай жасағандары бүгінгі қандай істің бейнесі болып табылады? (Мыс. ш. 39:32). (w95-U 15.12. 12-б, 9-абз.)
11. Нағимаға қайғы-қасіретті Ехоба жіберді ме? (Рут 1:13, 21)
12. Ненің арқасында Рут “тамаша әйел” ретінде танымал болған? (Рут 3:11, ЖД)
13. Неге Ханна Исраилде патша болмаса да, Ехоба “халқының патшасына күш сыйлайд” деп дұға еткен? (Пат. 1-ж. 2:10)
14. Исраилдіктердің келісім сандығын алып шықса да, жеңіліске ұшырағанынан қандай сабақ аламыз? (Пат. 1-ж. 4:3, 4, 10)
15. Қандай “қинайтын рух” Саулдың үрейін ұшырып, қорқытқан? (Пат. 1-ж. 16:14)