Сауалдар жәшігі
◼ Теократиялық қызмет мектебінде өтетін мәліметтерді жинақтап, басқаларға таратып беруге бола ма?
Оны отбасындағыларға немесе жақын достарға беруге болады. Алайда мұндай мәліметті кең көлемде тарату немесе сату авторлық құқықты бұзатындықтан, заң бұзушылық болып саналады (Рим. 13:1).
Теократиялық қызмет мектебінде кейбір тапсырмалардың тек тақырыбы ғана беріледі де, мәлімет көзі көрсетілмейді. Мұндайда тапсырманы алған адамға басқа біреудің мәлімет көздерін жинастырып немесе оның тізімін жасап, дайындап бергені пайдалы болар ма еді? Жоқ. Сондай-ақ ауызша қайталау болатын кезде, ондағы сұрақтардың жауаптарын басқаларға таратып беру де дұрыс болмас еді. Себебі дайын жауаптар оқушылардың маңызды ойларды естерінде сақтауына көмектеспейді. Олар өз беттерінше ізденіс жүргізулері керек. Ехоба ‘кемеңгерлердің тілімен’ сөйлеуіміз үшін мектепті тәлім берудің маңызды бір жолы ретінде қолданып отыр (Иш. 50:4, Тт).