Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Тамызда “Өлген соң адаммен не болады?” кітапшасы және қолда бар кез келген 32 беттік кітапша. Қыркүйекте “Құдайға шынайы мойынсұнатын уақыт” кітапшасы. “Ең ұлы адам” кітабын да ұсынуға болады. Қазанда “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық танытқан адамға “Құдай талап етеді” кітапшасын ұсынуға болады. Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Қарашада “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым”. Егер баламыз жоқ десе, “Білім” кітабын немесе “Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” деп аталатын трактатты ұсын.
◼ Төрағалық етуші бақылаушы не ол тағайындаған бауырлас 1 қыркүйекте немесе осы уақыттан көп ұзамай, қауымның қаржысын тексеру керек. Егер Патшалық Сарайын соғуға немесе қайта құруға қатысты қосымша шот ашылған болса, оны да тексеру керек. Тексерудің нәтижесін қаржы жөнінде кезекті есеп берілгеннен кейін хабарлау керек.