Қызмет кездесулерінің кестесі
14 тамыздан басталатын апта
13-ән
15 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Арнайы бір күндік конгрестің бағдарламасын” талқылау. Егер белгілі болса, арнайы бір күндік конгрестің болатын күнін хабарла.
15 мин. “Қыркүйекте “Ояныңдар!” журналының арнайы басылымын ұсынамыз”a. 4-абзацқа келгенде, жасөспірім жариялаушы қыркүйек айындағы “Ояныңдар!” (ор.) журналын мұғалімге қалай ұсынуға болатынын көрсетсін. 4-беттегі немесе аймақтарыңа қолайлы басқа ұсынысты пайдаланып, 1 тамыздағы “Күзет мұнарасын” қалай ұсынуға болатынын көрсет. “Мен Ехоба Куәгерлерімен сөйлеспеймін”,— деп сөзді бөліп жібергенде, не деп жауап қайтаруға болатыны көрсетілсін. (“Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап, оны жалғастыру жолдары” (ор.) деп аталатын кітапшаның 9-бетін қара.)
15 мин. “Күзет мұнарасы” мен көпшілікке арналған кездесудің пайдасы. “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” кітабының (ор.) 59-бетіндегі тақырыпшадан 64-беттегі тақырыпшаға дейінгі мәліметке негізделген баяндама.
19-ән және соңғы дұға.
21 тамыздан басталатын апта
21-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. “Аудандық конгрестің жаңа бағдарламасын” талқыла. Егер белгілі болса, бұл конгрестің қашан өтетінін хабарла.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. Қосалқы ізашар болуды қазірден жоспарла! Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Тыңдаушыларды келесі қызмет жылында, ең болмаса, бір ай қосалқы ізашар болуды мақсат етіп қоюға талпындыр (Қор. 1-х. 9:26). Кейбіреулер ерекше белсенділік танытатын айды немесе қосымша демалыс күндері бар айды, болмаса бес сенбі, бес жексенбісі бар айды таңдайтын шығар. Бауырластарға келесі сұрақтарды қойып шық: “Бұрын қосалқы ізашар болу үшін кедергілерді қалай жеңдіңдер? Қосалқы ізашар болғанның қандай пайдасын көрдіңдер? Егер ықыластарың болғанымен, қосалқы ізашар бола алатындарыңа сенімсіз болсаңдар, неге бұл туралы дұға айтқан дұрыс? (Ел. іс. 4:29; Қор. 2-х. 4:7; Жақ. 1:5). Бұл туралы отбасыларыңмен және қауымдағы әсіресе жағдайы сендердікіне ұқсайтын бауырластармен сөйлескеннің қандай пайдасы бар? (Нақ. с. 15:22). Қосалқы ізашар болу үшін сен қай айды таңдадың?”
25-ән және соңғы дұға.
28 тамыздан басталатын апта
15-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Тамыз айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал.
15 мин. Басқаларды жігерлендіре аласың (Рим. 1:11, 12). Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Қауымда неше жалпы ізашар бар екенін айтып өт. Оларды мақтап, жалпы ізашар болудың жақсы жақтарын айтып, қызметтес болып, қонаққа шақырып және жол жүргенде, қаржылай көмек көрсету арқылы жігерлендіруге болатынын айт. Жалпы ізашарлардан басқалар оларды қалай жігерлендіретінін сұра. Қауымда жалпы ізашарлар болмаса, қосалқы ізашарларды қалай жігерлендіруге болатынын айт.
20 мин. Қыркүйек айында Киелі кітап зерттеу сабағын бастай аласың ба? Баяндама және көрініс. Қыркүйекте таратылатын әдебиеттерді пайдаланып, адамдармен алғашқы кездескен кезде-ақ зерттеу сабағын бастауға күш саламыз. Бұл үй иесіне әдебиет қалдырғанда, ондағы бірнеше абзацты талқылап кетуге тырысамыз дегенді білдіреді. Жергілікті адамдарды қызықтыратын бір-екі тақырыпты таңдап, екі көрініс дайында. Екі жағдайда да, қайтып келіп, әңгімені жалғастыру үшін үй иесімен қалай нақты келісуге болатыны көрсетілсін.
9-ән және соңғы дұға.
4 қыркүйектен басталатын апта
10-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Мектептегі достық қай кезде тым жақын саналады? Сәуір айындағы “Ояныңдар!” (ор.) журналының 17—19 дейінгі беттеріне негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Мәсіхші отбасында өскен бауырластардан ата-аналары оларды мектептегі сынақтарға төтеп беруге және Киелі кітап принциптерін қолдануға қалай дайындағанын сұра. Алдын ала бір-екі бауырласты дайындап қоюға болады.
20 мин. “Бет-жүзге қарамай уағыздау арқылы шынайы қызығушылық таныт”b. 3-абзацты талқылаған соң, “Барлық ұлт адамдарына арналған ізгі хабар” (ор.) деп аталатын кітапшаның 2-бетінде келтірілген үш қадамды айтып өт және бөтен тілде сөйлейтін жергілікті адамдарға куәлік ету үшін, кітапшаны қалай қолдануға болатынын көрсет.
3-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.