Қызмет кездесулерінің кестесі
10 шілдеден басталатын апта
20-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Қауымның ұйымдастырылуы және басқарылуы. “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” (ор.) кітабының 4-тарауына негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау.
20 мин. “Бәрі де Құдай Сөзін ‘ықыласпен қабылдаулары’ керек!” Сұрақ-жауап ретінде талқылау. 2006 жылдың қаңтар айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасындағы 21-абзацта? келтірілген кеңестерді айтып өт.
18-ән және соңғы дұға.
17 шілдеден басталатын апта
23-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. 2000 жылдың 15 тамызындағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 32-бетіндегі мәліметті қысқаша қарастырып өт. Тіпті демалыс күндерінде немесе күнделікті күн тәртібіміз бұзылған кезде де, Киелі кітапты жүйелі түрде оқудың қандай пайдасы бар екеніне ерекше назар аудар. 4-беттегі немесе жергілікті аймақ үшін тиімді басқа бір ұсынысты қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 шілдедегі нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Ұсыныстан соң үй иесінің қызығушылығын оятқан алғы сөзді тағы бір айтып өт.
15 мин. Қызметімізді атқару үшін сүйіспеншілік пен кішіпейілділіктің маңызы зор. 2002 жылдың 1 қарашасындағы “Күзет мұнарасының” 14—16 дейінгі беттеріндегі 13—20 дейінгі абзацтарына негізделген баяндама.
20 мин. “‘Бақытты Құдайымыз’ Ехобаға еліктеңдер”a. Жариялаушылардан жергілікті аймақта жайдары жүзбен және жалындаған рухпен уағыздауға не көмектесетінін сұра.
22-ән және соңғы дұға.
24 шілдеден басталатын апта
25-ән
15 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы.
10 мин. “Олар адалдықтың үлгісін көрсетіп келеді”. Баяндама. Біздің әдебиеттердегі арнайы ізашарлар туралы мәліметтерді айтып өт, немесе қауымдарыңда арнайы ізашарлар бар болса, солармен сұхбаттас. (“Күзет мұнарасы басылымдарының индексіндегі” (ор.) “Арнайы ізашарлар” деген тақырыпшаны қара.)
20 мин. Табанды болыңдар, сенімдеріңнен айнымаңдар (Қор. 1-х. 15:58). Жылдар бойы адал қызмет етіп келе жатқан екі-үш жариялаушымен немесе ізашармен сұхбаттас. Олардан шындықты қалай білгендерін, жаңадан жариялаушы болғанда, уағыздау ісінің қалай жүргенін, олардың қандай қиыншылықтарға кезіккендерін және шынайы ғибадат үшін табандылық сақтағандары үшін қандай баталарға ие болып жатқандарын сұра.
12-ән және соңғы дұға.
31 шілдеден басталатын апта
15-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Шілде айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал. Тамызда қандай әдебиеттерді ұсынатынымызды айтып өт.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. “Жақсы нәрселерді әдетке айналдыр да, Құдайдың көл-көсір батасына ие бол”b. Тыңдаушылардан рухани істерді әдетке айналдырып, сол әдеттерін сақтап қалу үшін не істеп жатқандарын және осының арқасында қандай баталарға ие болып жатқандарын сұра.
21-ән және соңғы дұға.
7 тамыздан басталатын апта
20-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметіміздегі” қарапайым ұсыныстарды жергілікті жағдайға қалай бейімдеуге болатынын қысқаша айтып өт (2005 жылдың қаңтарындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 8-бетін қара).
15 мин. Сүйіспеншілік көрсетіп игілік істеуге қозғау салатын кездесулер. 2002 жылдың 15 наурызындағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 24, 25-беттеріне негізделген баяндама. Жариялаушының кездесулерге үнемі келіп тұру үшін не істейтініне және оның қандай пайдасын көріп жатқанына назар аударатын қысқаша сұхбат.
20 мин. Қызмет кезінде бейімделе отырып, жаңа қадамдар жаса. 2005 жылдың 1 желтоқсанындағы “Күзет мұнарасының” 29—31 дейінгі беттеріне негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. 6—11 дейінгі абзацтарға келгенде, Пауылдың уағыздағанда және тәлім бергенде мұқият, бейімделгіш болғанына және түрлі жағдайдан жол тауып шыға білгеніне назар аудар. Одан кейін жариялаушыларды жергілікті жағдайларда қалай қолдануға болатынын көрсете отырып, 12—14 дейінгі абзацтардың сұрақтарына жауап беруге шақыр. Жариялаушылар жергілікті адамдармен сөйлескенде, олардың қажеттілігін, жағдайын және мәдениетін ескере отырып, қалай бейімделуге болатынын көрсетсін.
18-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.