Қызмет кездесулерінің кестесі
12 маусымнан басталатын апта
23-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
20 мин. “Біздің қызметіміз — жанашырлықпен атқарылатын іс”a. Уақыт болса, залдағылардан Жазба орындарын түсіндіріп отыруға шақыр.
15 мин. “Адал да ақылды құлға” сенім арту. “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” (ор.) кітабының 3-тарауына негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау.
7-ән және соңғы дұға.
19 маусымнан басталатын апта
15-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. 4-беттегі немесе жергілікті аймақ үшін тиімді басқа бір ұсынысты қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 маусымдағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Ұсыныстың соңында жариялаушы келесі жолы “Білім” кітабы бойынша жауап беру үшін, үй иесін ойландыратын сұрақ қояды.
20 мин. “Уақтылы айтылған сөз бір ғанибет болар”. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 16—19 дейінгі беттеріне негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Алғы сөз ретінде “Мақтау сөздің пайдасы” деп аталатын тақырыпшада келтірілген мақтау сөздің төрт түрлі пайдасына назар аудар. Одан соң залдағылардан: “Мақтауға ең бірінші кім лайық? Неге бауырластарымыз мақтауға лайық? Қауымдағыларды не үшін мақтауға болады? Отбасымыздағыларды мақтағанымыз неліктен пайдалы және оларды қалай мақтауымызға болады? Мақтау сөздерінің сендерді жігерлендіріп, немесе нығайтқан кезі болды ма?”— деп сұра.
15 мин. “Мақтау арқылы шынайы қызығушылық таныт”b. Қысқаша көріністе жариялаушы үй иесін мұқият тыңдайды да, оны шын жүректен мақтайды. Одан кейін үй иесінің сөзін жалғастырып, жағдайға сай келетін Жазба орнын оқиды.
3-ән және соңғы дұға.
26 маусымнан басталатын апта
25-ән
15 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы.
15 мин. Шет тілде сөйлейтін қауымда қызмет ету. 2006 жылдың 15 наурызындағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 17—20 дейінгі беттеріне негізделген баяндама. “Ұйымдасқанбыз” (ор.) кітабының 112-бетінің 2-абзацындағы ойларды айтып өт. Бұл мәліметті жергілікті аймақта қалай қолдануға болатынын айт. Қызметтерінің аясын кеңейту үшін басқа тілді үйреніп жүрген бір-екі бауырласпен қысқаша сұхбаттасуға болады.
15 мин. Шілдеде ізгі хабарды тарату. Аймақтарыңда адамдарды жалпы не қызықтырады? Жаңа әдебиеттерді жақсы қолданатын, мүмкін, зерттеу сабағын да бастаған бір-екі жариялаушымен сұхбаттас. Одан соң аймақтарың үшін тиімді болып табылатын ұсыныстардың бірін пайдаланып, үйден-үйге жүргенде әдебиетті қалай ұсынуға болатынын көрсет (2005 жылдың ақпанындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 8-бетіндегі 5-абзацты қара).
17-ән және соңғы дұға.
3 шілдеден басталатын апта
5-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Әлі өткізбеген болса, маусым айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. “Рухани мақсаттарыңа жеткің келсе”c. Қауымдағы жастардан рухани мақсаттары туралы және оларға жету үшін не істеп жатқандарын сұра. Олардың бір-екеуін алдын ала дайындап қоюға болады.
27-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.