Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 2.06. 6-б.
  • Қиын кезде дайын көмек

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қиын кезде дайын көмек
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • Ұқсас мәлімет
  • Ақсақалдардың көмегіне жүгінуден тартынбаңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Қауымдар қандай тәртіппен құрылған?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Дер кезіндегі көмек
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Өз істеріңізге қуаныңыз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2006
km 2.06. 6-б.

Қиын кезде дайын көмек

1. Бір бауырлас қалай рухани әлсіреп қалады?

1 Күйеуі куәгер болмағандықтан әрі жұмысы көп уақыт алғандықтан, Анна есімді бауырласқа жүйелі түрде мәсіхшілер кездесуіне қатысу, қызметке шығу және Құдай Сөзін зерттеу қиын болды. Сөйтіп жүріп, ол Ехобаны жақсы көрсе де, енжар жариялаушы болып қалады. Алайда қамқор ақсақалдар оған рухани көмек көрсетеді.

2. Мәсіхшілер қалайша дайын көмекші бола алады?

2 Мәсіхшілер қауымы арқылы көрсетілетін рухани көмекті қабыл алған адам өзінің Ехобаға сенім артатынын көрсетеді. Қауым ақсақалдары Иса Мәсіхтің сүйіспеншілікпен көрсеткен қамқорлығына еліктей отырып, рухани жағынан қиналып жүрген адамдарды жігерлендіріп, іс жүзінде көмек көрсетудің мүмкіндігін іздейді (Сал. 1-х. 5:14). Көбінесе Жазбаларға негізделген бір-екі ауыз жылы сөздің өзі жетіп жатады. Әлсіреп қалған адамдарға қолдау көрсету — ақсақалдардың ғана емес, бәріміздің де міндетіміз. Қамқорлықпен әрі ‘орнымен айтылған сөздің’ керемет құдіретін қайсымыз сезінбедік! (Нақ. с. 25:11; Иш. 35:3, 4)

3, 4. Бауырластарға көмектесу үшін не істеуіміз керек және мұны қалай істеуімізге болады?

3 Бірінші болып қадам жаса. Көмекке мұқтаж адамдарға сүйіспеншілік көрсету үшін бірінші болып қадам жасауымыз керек және оның қуанышы мен қайғысына ортақтас екенімізді әрі шынымен көмектескіміз келетінін көрсетуіміз керек. Жонатан Дәуіттің жағдайының қиын екенін білгенде, ‘ну орманға келіп, оның Құдайға деген сенімін нығайтқан’ (Пат. 1-ж. 23:15, 16). Бауырласқа көмек көрсеткенде, жұмсақ бол. Шын ықыласпен айтылған сөздер күшті әсер етеді. Оның үстіне, бауырласты қайта табу үшін, осы мақсатқа жеткенше, аянбай әрекет ету керек екенін Иса анық көрсеткен (Лұқа 15:4). Бауырласқа шын көмектескіміз келсе, бұл бізді жетістік бірден көрінбесе де, оған табандылықпен көмек көрсете беруге талпындырады.

4 Бауырластарды, мысалы кітап зерттеу тобындағыларды, бірінші болып қызметке шақырған қандай жақсы! Бауырласпен бірге қызмет ете жүріп, оны жігерлендіруімізге болады. Ехобаға бірге қызмет етіп, қуанышқа кенелгеніміз әсіресе қайтадан рухани қадамдар жасап жатқан бауырластарды жігерлендіреді.

5. Кей жағдайда ақсақалдар қандай көмек көрсетулері мүмкін?

5 Сүйіспеншілікпен жасалған шара. Егер бауырлас біршама уақыт бойы уағыздау қызметіне шықпаған болса немесе қауымға келмей жүрсе, сенімін нығайту үшін, оған қосымша көмек көрсеткен дұрыс болар. Мысалы, онымен “Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер” кітабы бойынша зерттеу сабағын жүргізуге болатын шығар. Бірақ бұл шомылдыру рәсімінен өткен бауырлас болғандықтан, сабақты ұзақ уақыт өтудің қажеті жоқ. Мұндай сабақты кіммен өтуге болатынын мұқият қарастыру — қауымның қызмет комитетінің міндеті (1998 және 2000 жылғы “Біздің патшалық қызметіміздің” қараша айындағы сандарында жарияланған сауалдар жәшігін (ор.) қараңдар).

6. Бір бауырластың рухани айығуына не көмектесті?

6 Жоғарыда айтылып кеткен Анна ақсақалдардың рухани толысқан бауырласпен Киелі кітап зерттеу сабағын өту туралы ұсыныстарын қуана қабыл алады. Зерттеу сабағын төрт мәрте өткен соң-ақ, ол Ехобамен жақын қарым-қатынасын қалпына келтірді. Оның қайтадан қауым кездесулеріне баруға және Ехобаны көпшілік алдында дәріптеуге деген ықыласы оянды. Анна үйме-үй уағыздауды бастамас бұрын біраз нығайып алғанша, сабақ өткен бауырлас оны Киелі кітап зерттеу сабақтарына алып барып жүрді. Аннаға керегі осындай көмек қана еді.

7. Бауырластарды рухани нығайтудың қандай пайдасы бар?

7 Әлсіреген адамдарды нығайтудың пайдасын бәрі де көреді. Көмек алған бауырлас Ехобамен қарым-қатынасын қалпына келтіріп және оның ұйымында қызмет етуден қуаныш алады. Ал оған қарап, ақсақалдар қуанады (Лұқа 15:5, 6). Бауырластардың бір-біріне көрсеткен қамқорлықтары мен сүйіспеншіліктері қарым-қатынастарын нығайта түседі (Қол. 3:2—14). Қиын кезде дайын көмекшіміз Ехобаға еліктеу талпынуға тұрарлық іс емес пе! (Ефес. 5:1)

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу