Қызмет кездесулерінің кестесі
13 ақпаннан басталатын апта
21-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
10 мин. Ехобаның ұйымымен бірге жүріп келесің бе? “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” кітабының (ор.) 7—10 дейінгі беттеріне негізделген баяндама.
25 мин. “Нұрға назар аудар”a. Бұл бөлімді қызмет бақылаушысы дайындайды. Қауымдағы қосалқы ізашарларды атап шық. Уағыздауға арналған қосымша кездесулер ұйымдастырылғанын айт. 2005 жылдың ақпан айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 5-бетінде көрсетілген қосалқы ізашарлық қызметке арналған қарапайым кестелер туралы қысқаша айтып өт.
28-ән және соңғы дұға.
20 ақпаннан басталатын апта
23-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеп алынған бірнеше хабарландырулар.
15 мин. “Уағыздаудың мүмкіндігін ізде”b. Уағыздауға еркін атсалыса алмайтын жариялаушыдан куәлік етудің жолын қалай табатынын сұра.
20 мин. “Қиын кезде дайын көмек”c. Бұл бөлімді ақсақал дайындайды. 1998 жылдың және 2000 жылдың қараша айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” (ор.) сауалдар жәшігіндегі ойларға тоқталып өт.
15-ән және соңғы дұға.
27 ақпаннан басталатын апта
28-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Ақпан айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал. 8-беттегі немесе аймақтарыңда қолдануға болатын басқа ұсынысты пайдаланып, “Күзет мұнарасының” 1 ақпандағы санын қалай ұсынуға болатынын көрсет.
10 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
25 мин. “Білім” кітабын ұсынудың жолы. Наурыз айында “Білім” кітабын таратамыз. 4, 5-беттердегі қосымшадан жергілікті аймақта жақсы қолдануға болатын ұсыныстарға шолу жасап, бір-екеуін көрсет. Жариялаушыларды кітапты ұсынғанда болған, әсіресе Киелі кітап зерттеу сабағы басталған, ерекше оқиғаларды айтып беруге шақыр.
4-ән және соңғы дұға.
6 наурыздан басталатын апта
7-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Трактаттар алып жүруге қолайлы әрі көз тартарлық болғандықтан, үйме-үй, көпшілік орындарында және бейресми куәлік еткенде, оларды қолданып оп-оңай әңгіме бастауға болады. “Барлық қайғы-қасірет жақында жойылады!” деп аталатын трактатты қолданып, қалай әңгіме бастауға болатынын көрсет. Трактаттың 2-бетінде келтірілген тармақтардың біріне назар аудар.
15 мин. “Дайындалып келу арқылы шынайы қызығушылық таныт”d. Қысқаша көрініс. Екі жариялаушы “Білім” кітабына ұсыныс дайындайды. Олар 4, 5-беттерден ұсыныс таңдайды да, оны жергілікті аймаққа бейімдей отырып, өз сөздерімен қалай айтып жеткізуге болатынын талқылайды. Көрініс олар ұсынысты дауыстап айтып жаттығайын деп жатқан жерінен бітеді.
20 мин. Көрнекі құралдарды қолданып тәлім берe. Мақаладағы әр фильмді талқылаған сайын, оны қолыңа алып көрсетіп, сыртында жазылған қысқаша мазмұнын оқы. Жариялаушылардан фильмдерді қызметте қолданғанда болған оқиғаларды айтып берулерін өтін (1997 жылғы “Жылнаманың” (ор.) 54-бетін және 1995 жылғы “Жылнаманың” (ор.) 50, 51-беттерін қара).
3-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
e Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.