Хабарландырулар
◼ Желтоқсанда қауымда бар кез келген 192 беттік кітап. Егер үй иесі кітапты алмаса, “Сергек болыңдар!” кітапшасын ұсыныңдар. Қаңтарда “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабы. “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” басылымын да ұсынуға болады. Наурызда “Жалпыға арналған кітап” кітапшасы мен қауымда бар 32 беттік кез келген кітапшалар. Сәуірде “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” кітабы. Үй жағдайында Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыну керек.
◼ Әр қауымға өзінің негізгі тіліндегі 2006 жылғы “Еске алу кешінің” шақыру қағаздары жақында жіберіледі. Егерде сендердің аумақтарыңда өзге де тілде сөйлейтіндер болса, сондай-ақ сол тілдерде шақыру қағазын алуды қаласаңдар, мүмкіндігінше ертерек “Әдебиетке тапсырыс беру бланкісі” (S-14) арқылы тапсырыс берілу керек. Еске алу кешінің шақыру қағазы қай тілде бар екендігі туралы мәлімет “Барлық қауымға арналған хабарландыру” арқылы жіберіледі. Аумақтарыңа қажетті тілдерге ғана тапсырыс берулеріңді өтінеміз.
◼ 2007 жылғы Еске алу кеші 2 Сәуірде дүйсенбі күні, күн батқан соң болатынына көңіл аударуларыңды өтінеміз. Бұны бір Патшалық Сарайын бірнеше қауым қолданып жүрген болса, яғни өзге орын табу керек болса, бауырластардың жалға лайықты зал алулары үшін алдын ала хабарлап отырмыз. Ақсақалдар жалданған ғимаратта өтетін Еске алу кешінің тыныштықта және ұйымдасқан түрде өтуіне өзге іс-әрекеттер кедергі болмау үшін ғимараттың әкімшілігімен келісулері қажет.
◼ Оқиғаның маңыздылығына байланысты Еске алу кешіне баяндамашыны таңдаған кезде, ақсақалдар кеңесі кезек орнатпай немесе жыл сайын бір бауырласты тағайындамай, қабілетті ақсақалдардың бірін таңдағандары абзал. Егер қабілетті майланған ақсақал болатын болса, соны таңдаулары қажет.
◼ 2005 жылдың 4 қыркүйегінде Рудный қаласында Патшалық Сарайының бағыштау бағдарламасы болып өткенін қуанышпен хабарлаймыз. Бағдарламаға 197 адам қатысты.