Өмірге жетелейтін білім
1 Құдай Сөзіндегі шындықты түсінген кездегі адамдардың жайнаған көздерін көру неткен ғанибет! Адамдарға Құдай мен оның ниеті туралы білім беру, шынында да, қанағат сезіміне бөлейді. Мұндай білім адамды мәңгілік өмірге жетелейді (Жох. 17:3).
2 Теңдесі жоқ білім. Бүгінде қандай жолмен болса да, қай салада болса да, білім алуға болады (Еккл. 12:12). Алайда мұндай білімнің бірін де ‘Құдайдың ұлы істерімен’ салыстыруға да келмейді (Ел. іс. 2:11). Осы дүние беріп жатқан білім адамзатты Жаратушыға жақындатып, оның еркі жөнінде үйрете ме? Ол өлген соң не болатынын немесе қайғы-қасірет неге соншама көп екенін түсінуге көмектесе ме? Үміт бере ме? Отбасы өмірін жақсарта ма? Жоқ. Біз тек Құдайдың білімінің арқасында ғана өмірдегі ең маңызды сұрақтардың жауаптарын таба аламыз.
3 Құдайдың білімі бүгінгі дүниеге мүлдем жетіспейтін нәрсені береді. Бұл — жоғары құлықтылық нормалары. Құдай Сөзі оның тәрбиесін қабыл алып, өмірлерінде қолданатын адамдардың жүректерінен нәсілге, руға және ұлтқа бөліну дегенді түп тамырымен жояды (Ев. 4:12). Ол адамдарды қатыгездіктің кез келген түрінен бас тартып, ‘жаңа ізгі болмысқа ие болуға’ талпындырған (Қол. 3:9—11; Миха 4:1—3). Оның үстіне, бұл білім миллиондаған адамдардың бойларына терең еніп кеткен Құдайға ұнамсыз әдеттер мен мінез-құлықтардан арылуларына күш берген (Қор. 1-х. 6:9—11).
4 Уақыт күттірмейді. Ұлы Ұстазымыз қандай уақытта өмір сүріп жатқанымызды есімізге салып отырады. Оның пайғамбарлық сөздерінде қазіргі уақыт үшін маңызды хабар айтылған. Бұл хабар дүние жүзіне таралу керек (Аян 14:6, 7). Мәсіх қазір көкте билік етіп отыр, жақында дүние жүзіндегі жалған діндер империясы жойылады және Құдай Патшалығы жер бетіндегі барлық үкімет атаулыны жояды (Дан. 2:44; Аян 11:15; 17:16). Сондықтан адамдардың қазір тақта отырған Құдай тағайындаған Патшаны мойындағандары, Ұлы Бабылдан шыққандары және сеніммен Ехобаның есімін шақырғандары өте маңызды (Заб. 2:11, 12; Рим. 10:13, ЖД; Аян 18:4). Басқаларға өмір беретін білімді жеткізу ісіне мүмкіндігінше толық атсалысайық.