Балаларыңның қызметте жетістіктерге жетулеріне көмектесіңдер
1 Мәсіхші ата-аналарға балаларын жастайынан қызметке қатысуға үйрету міндеті жүктелген. Бұның әр түрлі жолы бар. Кейбір балалар әлі оқи алмаса да, Киелі кітаптан қажетті тармақты жатқа айтып бере алады. Бұл адамдарға қатты әсер етуі мүмкін. Ал өсе келе, балалар көбірек нәрсе істей алады. Балаларыңа куәлік беруге қалай көмектесулеріңе болады? Келесі ұсыныстар сендер үшін пайдалы болуы мүмкін.
2 Сәлемдескен соң, былай деуіңе болады:
◼ “Менің балам [есімін ата] сіздің назарыңызды бір маңызды Жазба орнына аударғысы келеді”. Баланың былай деуіне болады: “Мысырдан шығу кітабындағы мына тармақтан мен Құдайдың есімі туралы білдім. [Бала Мысырдан шығу 3:15-ті (сілтеме) оқып не жатқа айтып береді.] Мына журналда Ехоба Құдайдың біз үшін не істейтіні айтылады. Оны сізге беруіме бола ма?” Әңгімені дүниежүзілік іс қалай қаржыландырылып жатқанын айтып, өзің аяқтауыңа болады.
3 Сөзді былай да бастауға болады:
◼ Сәлеметсіз бе, мен қызымды [есімін ата] айналамыздағы адамдардың жағдайын ойлауды үйретіп жүрмін. Ол сізбен Киелі кітаптағы қысқаша мәліметпен бөліскісі келеді”. Одан соң қыз бала былай деуіне болады: “Мен басқаларға көмектескім келеді. Соның бір жолы — Киелі кітаптың болашаққа қатысты беретін үміті жайында айту. [Ол Аян 21:4-ті оқып не жатқа айтып береді.] Мына журналда Құдай Патшалығы біз үшін не істейтіні туралы айтылады. Журнал сізге ұнайды деп ойлаймын”.
4 Үнемі қарапайым ұсыныстарды қолданудың арқасында балаларда Патшалық туралы хабарды тарата алатындарына сенімділік пайда болады. Анық сөйлеп, әрі дауысты дұрыс шығарып жаттықса, олар кез келген жағдайда сөйлеп үйренеді. Алдын ала жақсылап дайындалу мен шын жүректен мақтау балаларға сенімдерін ашық білдіруге көмектеседі.
5 Осындай көмектің арқасында көп бала шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болған. Балаларымыздың қызметте жетістікке жетіп жатқанын көру қандай қуанышты! (Жох. 1-х. 2:14ә).