Басқалардың алдындағы парызымыз
1 Елші Пауыл өзін адамдарға уағыздауға міндетті сезінген. Ол барлық адамның Исаның қымбат қанының арқасында құтқарылуына Ехобаның мүмкіндік жасағанын білген (Тм. 1х 2:3—6). Сондықтан ол: “Гректер мен басқа ұлттарға білімділер мен білімсіздерге Ізгі хабарды жариялау менің парызым”,— деген. Ол жақындарына ізгі хабарды жеткізу арқылы олардың алдындағы парызын өтеу үшін құлшына және қажырлылықпен еңбек еткен (Рм 1:14, 15).
2 Пауыл сияқты бүгінгі мәсіхшілер де әрбір мүмкіндікті пайдаланып, жақындарына ізгі хабарды жеткізуге тырысады. “Ауыр азап” жақындап келе жатқандықтан, жүрегі ашық адамдарды іздеу шұғыл іс болып табылады. Адамдарға деген шынайы сүйіспеншілігіміз құтқару ісіне бар күшімізді салуға талпындырсын (Мт 24:21, сілтеме; Езе. 33:8).
3 Парызымызды өтеу. Адамдарды кездестірудің бірден-бір жолы — үйме-үй уағыздау. Учаскеде көп адамды үйлерінен таба алмасақ, келген уақытымызды жазып алып, басқа уақытта келетін болсақ, көбірек адамдарды кездестіре аламыз (Қр. 1х 10:33). Іскерлер аймағында, көшеде, саябақтарда, көлікжайларда және телефон арқылы да куәлік етуге болады. Өзімізден: “Өмір сыйлайтын хабарды жеткізу үшін уағыздаудың барлық тәсілін қолдануға тырысамын ба?”— деп сұрауымызға болады (Мт. 10:11).
4 Бір ізашар бауырлас учаскесіндегі барлық адамдарды табуға өзін жауапты сезінген. Оның учаскесінде бір үйдің перделері үнемі жабық тұратын және үйде ешқашан адам болмайтын. Бірақ бір күні жай өтіп бара жатып, сол үйдің қасында көліктің тұрғанын байқайды. Мүмкіндікті жіберместен, ол үйдің қоңырауын басады. Есікті ер адам ашады да, алғашқы әңгімеден соң, бауырлас ол кісіге күйеуімен тағы да бірнеше рет барады. Ақырында, ол кісі Киелі кітап зерттеу сабағын бастайды, ал қазір ол біздің бауырлас. Ол ізашар бауырласымызға басқаларға уағыздау жауапкершілігін сезінгені үшін риза.
5 Уақыт тез өтіп жатқандықтан, қазір уағыздау ісіне барымызды салып, жақындарымыздың алдындағы парызымызды өтейтін уақыт.