Журналдар апарып тұру арқылы адамның қызығушылығын арттыр
1. Қалай журналдар апарып тұру арқылы адамның қызығушылығын арттыруға болады?
1 Қызметте көп адам бізбен жылы сөйлесіп, әдебиеттерімізді қуана-қуана алады, бірақ Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға тартыншақтайды. Олардың қызығушылығын арттырудың бір жолы — журналдар апарып тұру. Адамға журналдар ұсынғаннан кейін, оның есімін, мекен-жайын, жолыққан уақытыңды, қандай журнал қалдырғаның және талқылаған Жазба орнын, сонымен қатар оның қызығушылығын көрсететін кез келген жайттарды жазып ал. Жаңа журналдарды алысымен-ақ, адамдарға қызықты болады-ау деген ойларды түртіп ал да, журналдар апарғанда осы ойларға назар аударуға тырыс (Қор. 1-х. 9:19—23). Уақыт өте келе, журналдардағы қандай да бір ойлар адамдардың қызығушылығын оятып, олар көбірек мәлімет алуға ниет білдіруі мүмкін.
2. Неге адамдарға тап қазір Ехобаны іздеу қажет және оларға көмектесу үшін не істей аламыз?
2 Біз адамдардың көпшілігі өз беттерінше журналдарды оқып қана Ехобаның қызметшісі болмайтынын түсінеміз. Адамдарға тап қазір Ехобаны іздеу қажет болғандықтан, оларға көмектесу үшін не істей аламыз? (Соф. 2:2, 3; Аян 14:6, 7). Журналдарды апарған сайын, жақсылап таңдап алынған Жазба орнын талқылау арқылы олардың қызығушылығын арттыруға болады.
3. а) Бір тармақты қолданып әңгімелесуге болатын тақырыптарды қалай дайындауға болады? ә) Учаскеңдегі адамдарды әсіресе қандай тақырыптар қызықтырады?
3 Бір тармақты қолданып әңгімелесу. Журналдар апарып жүрген адамдар жайлы ойланып, қажеттілігіне қарай, әрқайсысына бірнеше Жазба орнын дайында (Філіп. 2:4). Әр барған сайын бір ғана тармақты талқыла. Мысалы, егер әлдекімнің таяуда жақын адамы қайтыс болған болса, бірнеше рет барып өлілер қандай күйде екенін және қайта тірілу үміті жайында Киелі кітапта не айтылғаны жөнінде көрсетіп беруге болады. Ол үшін “Өлген соң адаммен не болады?” кітапшасындағы мәліметті қолдануыңа болады. Ал кейінгі жолдары жайлап осыған қатысы бар тақырыптар, мысалы, аурудың, кәрілік пен өлімнің түпкілікті жойылатыны жайында әңгімелесуге болады. Біздің мақсатымыз — адамды қандай тақырып қызықтыратынын анықтап алып, осы жөнінде Киелі кітап не нәрсеге үйрететінін біртіндеп көрсетіп беру.
4. Неге Жазба орнын түсіндіру керек және мұны қалай істеуге болады?
4 Түсіндіру. Осындай әңгімелердің әдетте қарапайым да қысқа болғаны дұрыс. Алайда таңдаған Жазба орнын тек оқып қою жеткіліксіз болады. Шайтан ізгі хабарды түсінбеу үшін адамдардың саналарын соқыр қылып қойған (Қор. 2-х. 4:3, 4). Тіпті Киелі кітаппен таныс адамдарға да оны түсіну үшін көмек қажет (Ел. іс. 8:30, 31). Сол себепті Теократиялық қызмет мектебінде тапсырмамен шыққан кездегідей, Жазба орнын түсіндіріп, мысал келтір (Ел. іс. 17:3). Адамның Құдай Сөзінің өз өмірінде пайдасы бар екенін көре алғанына көзіңді жеткізіп ал.
5. Журналдар апарып тұру арқылы зерттеу сабағын қалай бастауға болады?
5 Егер біліп жатқандары адамға ұнайтын болса, әр барғанда біртіндеп талқылауға екі-үш Жазба орнын қос. “Құдай талап етеді” кітапшасын немесе “Білім” кітабын ұсынуға мүмкіншілік ізде. Осылай ете отырып, уақыт өте келе, журналдар апарып тұру арқылы Киелі кітапты зерттеу сабағын бастай аласың.