Қызмет кездесулерінің кестесі
9 тамыздан басталатын апта
16-ән (143)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар және “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. Келесі аптада “Құдай талап етеді” брошюрасын алып келуді тыңдаушылардың естеріне сал.
15 мин. “Табандылық жүлдеге жеткізеді”a. “Күзет мұнарасы” журналының 2001 жылғы 1 қаңтардағы нөмірінің 16, 17-беттеріндегі 15—18 абзацтардағы ойларды келтір.
20 мин. Трактаттарды қолданып Киелі кітапты зерттеу сабақтарын бастаймыз. “Біздің Патшалық қызметіміздің” (ор.) 2001 жылғы қарашадағы нөмірінің 3, 4-беттеріндегі мәліметке негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. 5-абзацта көрсетілгендей, әр оқушының жағдайына бейімделуге дайын екенімізге көңіл бөл. 8—10 абзацтарға негіздеп бір немесе екі көрсету ұйымдастыр. Егер жергілікті аумақта басқа ұсыныс тиімді болса, онда соны айтып, көрсетіп бер. Тыңдаушыларды “Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” трактатын қолданған кезде болған оқиғаларды айтып беруге шақыр.
18-ән (162) және соңғы дұға.
16 тамыздан басталатын апта
19-ән (164)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Ақиқатты баланың құлағына құйыңдар. “Отбасы бақыты” кітабының 55—59 беттеріндегі мәліметке негізделген баяндама. Ата-аналар мәліметті іс жүзінде қолдана отырып, балаларына қандай төрт жолмен Ехобамен тығыз қарым-қатынас дамытуға көмектесе алатындарын талқыла.
20 мин. “Киелі кітапты зерттеу сабағын нәтижелі өткіземіз” (2-бөлім)b. 5 минуттық көрсету дайында. Жариялаушы Киелі кітапты зерттеп жүрген адамға рухани өсу үшін қалай көмектесуге болатынын ақсақалдан сұрайды. Ақсақал зерттеу сабағында көп жағдайда онша маңызды емес және тақырыпқа қатысы жоқ ойларды талқылауға өте көп уақыт бөлініп кететіндігін айтады. “Құдай талап етеді” брошюрасындағы 9-сабақты қолданып, ақсақал жариялаушыға: 1) тақырыптың негізгі ойларына қалай назар аударуға, 2) келтірілген Жазба орындарын қалай тиімді қолдануға және 3) сабақты оқушының қажеттілігіне сай қалай бейімдеуге болатынын көрсетеді. Ол әр сабақтың алдында жақсылап дайындалу керектігіне көңіл бөледі.
11-ән (85) және соңғы дұға.
23 тамыздан басталатын апта
8-ән (53)
15 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру. “Күзет мұнарасының” 1 тамыздағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Көріністе мұғалімге куәлік беруді көрсет.
10 мин. “Конгрестер бағдарламасын қайталаудың жаңа тәртібі”. 4-беттегі мақалаға негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Егер белгілі болса, келесі аудандық және арнайы бір күндік конгрестің болатын күндерін айтып өт. Шомылдыру рәсімінен өтуді қалайтындар осы ниеттерін төрағалық етуші бақылаушыға алдын ала айту керек.
20 мин. Қыркүйекте “Ең ұлы адам” кітабын ұсынамыз. Баяндама және көрсету. Осы басылым туралы айтылған кейбір пікірлерді айтып бер (w92 15.2. 19, 20-бет, ор.). Кітаптың мазмұнына қысқаша шолу жасап, жергілікті адамдарға қызықты болатын кейбір ойларға назар аудар (km 1/97 8-бет, ор.; km 1/96 8-бет, ор.; km 12/94 8-бет, ор.). “Біздің Патшалық қызметімізде” берілген алғы сөз бен Жазба орнынан тұратын және “Ең ұлы адам” кітабындағы бір ойға немесе тарауға назар аударатын қарапайым ұсынысты қалай жасауға болатынын айтып бер. Осы ұсынысты қабілетті жариялаушы көрсетіп берсін.
17-ән (187) және соңғы дұға.
30 тамыздан басталатын апта
25-ән (204)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Тамыз айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал.
15 мин. “Қызметті жетілдіру мектебі қызмет етуге есікті айқара ашады”. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. 2004 жылғы “Жылнаманың” (ор.) 239, 240-беттеріндегі ойларды келтір. Қызметті жетілдіру мектебінде оқығысы келетіндерге арналған кездесу аудандық конгресте өткізілетінін айтып өт. Талаптарға сай келетіндердің барлығын сол кездесуге қатысуға жігерлендір.
20 мин. Қалай пайдасын көрдіңдер? Тыңдаушылармен талқылау. Былтырғы қызмет жылында “Біздің Патшалық қызметімізде” берілген келесі кеңестерді қарастыр: уағыздау қызметінде қолданатын ұсынысыңды қағазға жазып ал (km 10/03 8-бет). Мақтау сөздер шын жүректен шығып, адамға жеке және арнайы айтылу керек (km 11/03 1-бет). Адамдардың көбісі үйлерінде болған уақытта уағызда (km 12/03 1-бет). Киелі кітапты оқуға, кездесулер мен уағыздау қызметіне дайындалуға белгілі уақыт бөл (km 1/04 3-бет). Жеке Киелі кітапты оқып, зерттегенде “Жақсы жерге қараңдар” (ор.) брошюрасын қолдан (km 3/04 2-бет). Киелі кітапты толық оқып шығуға мақсат қой (km 4/04 1-бет). Іскерлер аумағында уағызда (km 7/04 4-бет). Әңгімені бастау үшін трактаттарды қолдан (km 8/04 2-бет). Тыңдаушыларды осы кеңестерді қолданғанда, қандай пайдасын көргендерін айтып беруге шақыр.
23-ән (200) және соңғы дұға.
6 қыркүйектен басталатын апта
7-ән (51)
5 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
25 мин. “Ізашарлық рух танытыңдар”c. Бір немесе екі ізашардан қысқаша сұхбат ал. Толық уақытты қызметті бастауға ата-аналарының, ақсақалдар немесе басқа бауырластардың мысалдары оларды қалай талпындырғаны жайлы айтып беруге шақыр.
12-ән (113) және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.