Хабарландырулар
◼ Шілде және тамыз айларында 32-беттік брошюралардың кез келгенін ұсынуға болады. Қыркүйекте “Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?” брошюрасы. “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабын да ұсынуға болады. Қазанда “Күзет мұнарасы” журналы. Қызығушылық білдіргендерге “Құдай талап етеді” брошюрасын ұсынып, Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар.
◼ Қыркүйек айынан бастап аудандық бақылаушылар “Болашаққа сеніммен және батылдықпен қараймыз” деп аталатын баяндама айтатын болады.
◼ Тағайындалмаған аумақта уағыздағанда “Білім” кітабы мен “Құдай талап етеді” брошюрасын ұсынуға болады. Үй иесінде аталмыш басылымдар бар болса, басқа әдебиеттерді ұсынуға болады. Ал үйде ешкім болмай қалғанда немесе әдебиетімізді әлдекім қабыл алмаған жағдайда ұсынатын әр түрлі трактаттар алып жүруіміз керек. Әсіресе тағайындалмаған аумақта жақын арадағы қауымның жариялаушылары уағыздай алатын болса, адамдардың қызығушылығын әрі қарай да дамыту үшін күш салыну керек.
◼ Қауым хатшысында “Жалпы ізашар болуға өтініш” (S-205) және “Қосалқы ізашар болуға өтініш” (S-205b) бланкілері жеткілікті мөлшерде болу керек. Оларға “Әдебиетке тапсырыс беру бланкісі” (S-14) арқылы тапсырыс беруге болады. Кемінде бір жылға жететін бланкілер болсын.
◼ Жалпы ізашарларға арналған өтініш бланкілерін филиалға жіберер алдында, қауым хатшысы олардың толық толтырылуын қадағалау керек. Егер өтініш бергендер шомылдыру рәсімінен өткен күнін нақты есіне түсіре алмаса, шамамен қай уақыт екенін еске түсіріп, жазып қою керек. Бұл мәліметті қауым хатшысы “Жариялаушылардың есептерін тіркеу қағазына” жазып қою керек.
◼ Егер саяхаттап басқа елге барғанда, сол елдегі қауым кездесулеріне, аудандық не облыстық конгреске қатысуды жоспарлайтын болсаңдар, олардың өтетін күні, уақыты және жері жөніндегі мәліметке қатысты тапсырыстарыңды сол жердегі қызметті қадағалайтын филиалға жіберіңдер. Филиалдардың мекен-жайын осы жылғы “Жылнаманың” соңғы бетінен табуға болады.
◼ Филиалда барлық төрағалық етуші бақылаушылар мен хатшылардың ең соңғы мекен-жайлары мен телефон нөмірлері болу керек. Өзгерістер болған жағдайда қауымның қызмет комитеті “Төрағалық етуші бақылаушының/хатшының өзгерген мекен-жайы” бланкісін (S-29) толтырып, қол қойып, филиалға жіберу керек. Поштаның индексінің өзгергені туралы да осылай хабарлау керек.
◼ 2004 жылдың ақпан айының қызмет жөніндегі есебі бойынша, Ресейде жариялаушылар санының ең жоғарғы көрсеткіші 135 167, жалпы ізашарлар 15 302 және 131 333 Киелі кітапты зерттеу сабағы болғанын хабарлап отырғанымызға қуаныштымыз. Қазақстанда да жариялаушылардың саны ең жоғарғы меже 14 047-ге жетті, жалпы ізашарлар 1 280 және Киелі кітапты зерттеу сабағы 13 458 болды. Қырғызстанда жалпы ізашарлардың жоғарғы саны 339, Киелі кітапты зерттеу сабағы 4 358, ал Арменияда Патшалықты жариялаушылардың жоғарғы саны 8 321-ге жеткеніне өте қуаныштымыз. Бұл — аймағымызда ‘[Ехобаның] сөзі кеңінен тарап, Мәсіх жолын қуушылардың саны көбейіп’ жатқандығынын дәлелі (Ел. іс. 6:7).