Қызмет кездесулерінің кестесі
12 шілдеден басталатын апта
3-ән (32)
12 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
18 мин. “Ехобаның әділеттілігіне еліктеңдер”a. Уақыт болса, тыңдаушыларды келтірілген Жазба орындарына түсініктеме беруге шақыр.
15 мин. Киелі кітап — сенімді пайғамбарлықтар кітабы. “Жалпыға арналған кітап” брошюрасының 27—29 беттеріндегі мәліметке негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Қызметімізде болашақты білгісі келетін адамдарды жиі кездестіреміз. Киелі кітапта тіл алғыш адамзатты жарқын болашақ күтіп тұрғаны жайлы сенімді мәлімет бар. Болашақта орындалатын пайғамбарлықтарға деген сенімімізді арттыратын Киелі кітаптың кейбір пайғамбарлықтарын қарастыр. Жариялаушы қызығушылық білдірген адамның Киелі кітапқа деген сенімін арттыру үшін онда жазылған оқиғаларды қалай қолдануға болатынын қысқаша көрсетсін.
18-ән (162) және соңғы дұға.
19 шілдеден басталатын апта
25-ән (204)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Жол жүру немесе жаз айларында жасалатын басқа да істер қалыптасқан күн тәртібімізді бұзатын болса да, Киелі кітапты күнделікті оқу бағдарламасын ұстанудың қаншалықты маңызды екенін талқылап өт. 2000 жылғы 15 тамыз айындағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 32-бетіндегі ойларды келтір.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. “Киелі кітапты зерттеу сабағын нәтижелі өткіземіз” (1-бөлім). Қызмет бақылаушысының баяндамасы. Тыңдаушыларды 1997 жылғы 15 қаңтардағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 25—27 беттеріндегі мәліметке сай түсініктеме беруге шақыр және Киелі кітапқа негізделген ағарту ісінің бүгінгі тарихына шолу жасап өт. Келесі жолы шығатын бірқатар мақалаларға қызығушылық оят. Ол мақалаларда келесі тақырыптар қарастырылады: зерттеу сабағын өткізу үшін қалай дайындалу керек? Зерттеушінің сабаққа дайындалуына қалай көмектесуге болады? Қанша мәліметті қарастыру керек? Жазба орындарын қалай тиімді қолдануға болады? Зерттеушінің сауалдарына қалай жауап беруге болады? Сабақ алдында дұға етуді қалай бастау керек? Зерттеушіні ұйымға қалай бағыттау керек? Барлығын берілген кеңестерді қолдануға және кейіннен есіне түсіру үшін осы мақалаларды сақтап қоюға шақыр.
23-ән (200) және соңғы дұға.
26 шілдеден басталатын апта
25-ән (204)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру. Шілде айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. 4-беттегі кеңесті қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 шілдедегі нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Көріністе “Неменеге қайта-қайта келе бересіңдер?” деп әңгімені бөлген кезде не айтуға болатынын көрсет. (“Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап, оны жалғастырудың жолдары” (ор.) брошюрасының 12-бетін қара.)
10 мин. Сауалдар жәшігі. Талқылауды қабілетті ақсақал өткізеді. Келтірілген Жазба орындары да талқылансын.
25 мин. “Іскерлер аумағында қалай уағыздау керек?”b. Іскерлер аумағында уағыз айту үшін қандай жергілікті шаралар ұйымдастырылғанын атап өт. 4, 5-абзацта келтірілген екі ұсынысты немесе жергілікті аумақта тиімді болатын басқа ұсыныстарды қысқаша көрсет. Уақыт болса, тыңдаушыларды іскерлер аумағында уағыздағанда болған жігерлендіретін оқиғаларды айтып беруге шақыр.
22-ән (130) және соңғы дұға.
2 тамыздан басталатын апта
5-ән (46)
8 мин. Жергілікті хабарландырулар.
22 мин. Сен дәлелдер келтіресің бе? “Қызмет мектебі” (ор.) кітабының 254-бетіндегі 1, 2-абзацтағы мәліметке негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Уағыздау қызметінде және мінбеден сөйлегенде, Жазба орындарын түсіндіріп, қалай қолдануға болатынын көрсеткенде, ойымызды жай ғана айта салмай, дәлелдер келтіретін болсақ, берген тәліміміз әлдеқайда нәтижелі болады. Біздің әдебиеттердегі жергілікті аумақта тиімді болатын мысалдарды қолдана отырып, 1) тармақтағы негізгі сөздерді қалай анықтап және түсіндіруге болатынын, 2) мәнмәтіннен (контекст) немесе тақырыппен байланысты басқа бір тармақтан қандай дәлел келтіруге болатынын, 3) айтқың келген ойларыңның ақылға қонымды екенін көрсету үшін қалай мысал қолдануға болатынын және 4) тыңдаушыларыңа айтқан нәрселерің жайлы дәлелдер алу үшін сұрақтарды қалай қолдануға болатынын көрсет. Не үшін дәлелдер келтіру керек екенін түсіндір.
15 мин. Қызметте болған оқиғалар. Тыңдаушыларды облыстық конгресте болғанда, қосалқы ізашар ретінде қызмет еткенде немесе жазғы уақытта өзге де рухани істермен айналысқанда болған жігерлендірерлік оқиғаларды айтып беруге шақыр.
3-ән (32) және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.