Қызмет кездесулерінің кестесі
14 маусымнан басталатын апта
16-ән (143)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
15 мин. “Ехоба өзіне арқа сүйейтіндерге көмек береді”a. 4-абзацты талқылағанда 2003 жылғы 1 қыркүйектегі “Күзет мұнарасы” журналының 32-бетіндегі 19-абзацтағы және “Қызмет мектебі” (ор.) кітабының 67-бетіндегі 2-абзацтағы ойларды келтір.
20 мин. Неліктен нашақорлықтан аулақ болу керек? “Жастардың сауалдары” (ор.) кітабының 272—278 беттерінде келтірілген мәліметке негізделген тыңдаушылармен талқылау. Есірткіні “көңіл көтеру” үшін қабылдау кеңінен тараған жайт. Көптеген адамдар мұны зиян емес деп есептейді; тіпті кейбіреулер есірткіні қабылдауға заңды түрде рұқсат берілу керек дейді. Мұндай адамдармен қалай әңгімелесуге болатынын талқыла. 1999 жылғы 8 қарашадағы “Ояныңдар!” (ор.) журналының 10-бетіндегі қоршаудағы ойларды келтір.
13-ән (124) және соңғы дұға.
21 маусымнан басталатын апта
11-ән (85)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. “Періштелер қол ұшын беруде”b. Уақыт болса, тыңдаушыларды келтірілген Жазба орындарына түсініктеме беруге шақыр.
20 мин. Жоғарыдан келген даналық парасатты етеді (Жақ. 3:17, ЖД). “Қызмет мектебі” (ор.) кітабының 251, 252-беттеріндегі мәліметке негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Парасатты болу деген нені білдіреді? Неге қызметімізде парасатты болу маңызды? Елші Пауылдың үлгісінен қандай сабақ алуға болады? Қалай жариялаушылар жергілікті аумақтағы адамдардың шыққан нәсілі мен өзге де жайттарды ескере алады? Киелі кітапты зерттеушілер парасаттылық таныту үшін қалай көмектесе аламыз? Алдын ала бір немесе екі жариялаушыдан парасаттылықтың пайдасын көрсететін оқиғалар айтып беруін өтін.
8-ән (53) және соңғы дұға.
28 маусымнан басталатын апта
28-ән (224)
12 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру. Маусым айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. Балалар келесі аптада өздерінің “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” басылымын кездесуге алып келсін. 4-беттегі ұсынысты қолданып (егер жергілікті аумақта орынды болса), “Күзет мұнарасының” 1 маусымдағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Көрсетуде жариялаушы әңгімені қысқа, достық пейілмен айтылған алғы сөздермен бастасын. Осылай етер болсақ, үй-иесі өзін еркін сезінетінін атап өт.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
18 мин. “Біз қауымның кітап оқу кездесуін қажет етеміз”c. Келтірілген сұрақтарды қолдан. “Біздің Патшалық қызметіміздің” 2002 жылғы қарашадағы нөмірінің 1-бетіндегі “Кітап оқу тобының бақылаушысына қолдау көрсет” мақаласынан алынған ойларды келтір.
23-ән (200) және соңғы дұға.
5 шілдеден басталатын апта
18-ән (162)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Сен не айтасың? Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Шілде және тамыз айларында брошюралар ұсынамыз. Жергілікті аумақта жариялаушылар қандай брошюраларды тиімді деп есептейді? “Біздің Патшалық қызметіміздің” (ор.) 1998 жылғы шілдедегі нөмірінің 8-бетіндегі ұсыныстарды немесе соңғы сандарындағы ұсыныстарды талқыла. Әр ұсыныс 1) сұрақтан, 2) Жазба орнынан және 3) басылымда келтірілген ойдан тұратынына көңіл аудар. Бір немесе екі ұсынысты көрсет. Барлығын ізгі хабарды уағыздаған кезде, Киелі кітапты қолдануға шақыр.
20 мин. Балаларыңнан шәкірттер дайындаңдар. Сұхбат пен көрсету және тыңдаушылардың көрсету жайлы түсініктемелері.
Кіріспе: Ал, балалар, кімде “Менің Киелі кітап әңгімелерім жазылған кітабым” басылымы бар? — деп сұрақ қой. Қолдарын көтеріп, кітаптарын көрсетуді өтін. Бұл — жастарға Ехоба мен оның Сөзі жайлы білім алуға көмектесетін тамаша құрал. Иса Матай 28:19, 20-тармақта шәкірттер дайындап, оларды үйретіңдер деп айтқан. Біз өз отбасымыздың мүшелерін, өз балаларымызды назардан тыс қалдырғымыз келмейді. Олар да шәкірт болып, өз сенімдері жайлы ашық айтулары керек.
Осы кітапты өз балаларымен үнемі зерттеп жүрген ерлі-зайыптыны сахнаға шақыр. Егер қаласаң, екі немесе үш ерлі-зайыптыны шақырсаң да болады. Олардан қандай жақсы нәтижеге жеткендері, сондай-ақ қалай бұл кітапты тек ермек үшін емес, шын мәнінде, балаларға тәлім беруге көмектескені жайлы сұра. (Мысалы, 2-әңгіме Құдайға және оның жасаған шараларына шынайы сүйіспеншілік пен ризашылық танытуға талпындырады. 4-әңгіме ұрлық жасау дұрыс емес екеніне үйретеді. 6-әңгіме жек көрушілік пен ашу-ызаның қайғылы зардабын, сондай-ақ неге қызғаншақ болмау керек екенін көрсетеді.) Олар кітаптағы суреттерді қалай қолданады? Балаларымен зерттеу үшін қандай әдісті қолданады? Ерлі-зайыптылар балаларымен зерттеу сабағын көрсетсін.
Тыңдаушыларды көрсетілген зерттеу туралы қалай жүргізілгені және не ұнағаны жайлы түсініктеме беруге шақыр. Сондай-ақ балаларымен бұл басылымды оқығандары қандай пайда әкелгенін айтып беруін өтін.
Бұл кітап көруге қызықты әрі тартымды суреттері болғандықтан, қызметте ұсынуға оңай, бірақ, сонымен қатар ол тәлім беруге және шәкірттер дайындауда да керемет құрал болып табылатынын барлығының түсінуіне көмектес. Ехобаны, балаларды қоса алғанда, “жаны барлар түгелдей” мадақтайды (Заб. 150:6).
19-ән (164) және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.