Ехоба өзіне арқа сүйейтіндерге көмек береді
1 Көптеген адамдар жетістіктерге жетудің негізгі кілті ақша, билік және адамның қабілеті деп қарастырады (Заб. 11:5; 32:16, 17; 48:7). Сөйтсе де, Киелі кітапта Ехобадан қорқатын және оған арқа сүйейтіндер үшін ‘ол олардың көмекшісі және қалқаны’ деген кепілдік бар (Заб. 113:19). Олай болса, қандай екі салада Ехобаға арқа сүйейтіндігімізді көрсету керек екендігімізді қарастырып көрейік.
2 Уағыздау қызметімізде. Қауымда тәлім беру тапсырылғанда не уағыздау қызметінде жүріп адамдарға тәлім бергенде, Құдайға сенім артуға тиіспіз. Исаның мысалын қарастырайық. Ол Құдайдың Ұлы болса да, өз даналығына не қабілетіне арқа сүйемеген, қайта, толығымен көктегі Әкесіне сенім артқан (Жох. 12:49; 14:10). Олай болса, бізге көктегі Әкемізге қаншалықты үміт арту қажет десеңші! (Нақ. с. 3:5—7). Ехобаның демеуімен ғана шамамыз келгенше атқарған қызметіміз оны дәріптейді, әрі өзгелерге пайда әкеледі (Заб. 126:1, 2).
3 Дұға айтқанда оның басшылығын және киелі рухы арқылы көмектесуін сұрайтын болсақ, Ехобаға сенім артатынымызды көрсетеміз (Заб. 104:4; Лұқ. 11:13). Оның үстіне, тәлім бергенде оның Сөзіне, яғни Киелі кітапқа, негіздеп сөйлейтін болсақ, Құдайға арқа сүйейтінімізді көрсетеміз. Бұл хабардың жүрекке әсер ететін және өмірді өзгертетін күші бар (Ев. 4:12). Біз ‘Тәңірдің берген күш-қуатымен қызмет етсек’, Ехоба мадақталатын болады (1 Пет. 4:11).
4 Қиындықтарға кезіккенде. Сондай-ақ қысым көріп және қиындықтарға кезіккенімізде, Ехобадан көмек іздеуіміз керек (Заб. 45:2). Мысалы, жұмыс беруші конгреске қатысуымыз үшін жұмыстан босатпай қоюы мүмкін немесе отбасында күтпеген қиыншылыққа тап болуымыз мүмкін. Осындайда Ехобаға табандылықпен дұға етуімізбен, сондай-ақ Сөзі мен ұйымы арқылы беріп отырған басшылығын іс жүзінде қолдануымызбен оған арқа сүйейтінімізді көрсетеміз (Заб. 61:9; 118:143, 173). Осылай етер болсақ, өмірімізде Ехобаның көмегін сезіне аламыз (Заб. 36:5; 117:13, 16).
5 Ехобаның өзі: “Тәңірге арқа сүйеген және Тәңірге үміт артқан адам батаға ие болады”,— деп кепілдік береді (Ер. 17:7). Оған арқа сүйейтінімізді барлық істерімізде көрсете берелік! (Заб. 145:5).