Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінің 2004 жылдың 28 маусымнан басталатын аптасында ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2004 жылдың 3 мамырдан басталатын апта мен 28 маусымнан басталатын аптасы аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. [Ескеретін жай: егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек (“Қызмет мектебі” оқулығын қара, 36, 37-беттер ор.)]
№1-ТАПСЫРМА
1. Нақыл сөздер 9:7, 8а тармақтарындағы сөздер нені білдіреді және оларды уағыздау қызметіне қалай қолдануға болады? (w01 15.5. 29-бет, 4, 5-абз., ор.).
2. Дана адам “білімді сақтап қояды” деген нені білдіреді? (Нақ. с. 10:14) (w01 15. 7. 27-бет, 4, 5-абз., ор.).
АПТА САЙЫНҒЫ КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
3. Сұрақтарға жауап бер. Мысырдан шығу 34:23, 24 жазылған Ехобаның бұйрығына мойынсұнып, исраилдіктердің сенім танытқандарынан не нәрсеге үйренуге болады? (w98 1.9. 20-бет, ор.; w67 436, ағ.).
4. Исраилдіктердің киелі шатырды құрған кезде бәрінде “дәл” етіп жасағандары біздің күнімізге қатысты ненің белгісі еді? (Мыс. ш. 39:32) (w95 15.12. 12-бет, 9-абз., ор. қара).
5. 1 Патшалықтар 1:1—7 сәйкес, Самуилдің отбасы қандай керемет үлгі көрсетті? (w98 1.3. 16-бет, 12-абз., ор. қара).
6. Неге Киелі кітапта Ели өз ұлдарын Ехобадан артық көрді делінген? (1 Пат. 2:12, 22—24, 29) (w96 15.9. 13-бет, 14-абз., ор. қара).
7. Дұрыс не дұрыс емес. Келісім сандығындағы керуб мүсіндері Ехобаның патша ретінде ‘солардың ортасында’, яғни Исраил халқының арасында, екенін білдірген (1 Пат. 4:4).
8. Дұрыс жауапты таңда. Исраилде билердің басқару дәуірі (Самуил; Дәуіт; Саул) патша ретінде майланып, көп ұзамай Ехобаның көмегімен (аммондықтарды; моабтықтарды; філістірлерді) жойғанда аяқталды (1 Пат. 11:6, 11) (w95 15.12. 9-бет, 2-абз., 10-бет, 1-абз., ор. қара).