Хабарландырулар
◼ Мамыр айында “Күзет мұнарасы” журналы ұсынылатын болады. Қайта оралып барғанда қызығушылық білдірген адамдарға, сондай-ақ Еске алу кешіне не өзге де теократиялық кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ адамдарға “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын ұсынуға баса көңіл аударыңдар. Әсіресе, бұрындары “Білім” кітабын немесе “Талап етеді” брошюрасын зерттегендермен Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға күш салыңдар. Маусымда “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым”. Егерде баламыз жоқ десе, “Талап етеді” брошюрасын ұсыныңдар. Брошюраны қолданғанда үй жағдайында Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға күш салыңдар. Шілде және тамыз айларында брошюраларды ұсынуға болады.
◼ Төрағалық етуші бақылаушы немесе ол тағайындаған өзге бауырлас 1 маусымда немесе мүмкіндігінше осы уақыттан көп ұзамай қауымның қаржы есебін тексеру керек. Қаржы жөніндегі кезекті есеп берілгеннен кейін, тексерудің нәтижесін хабарлаңдар.
◼ 2005 қызмет жылы басталғанға дейін барлық қауымдар бір жылға жететін қауым бланкілерін алады.