“Оның есімін бірге мадақтайық!”
1. Ехобаның есімін бірге мадақтаудың қандай қолайлы мүмкіндігі туатын болады және қазірден бастап қалай қам жасай аламыз?
1 “Менімен бірге Жаратқан Иені дәріптеңдер, Оның есімін бірге мадақтайық!” (Заб. 33:4). Алдағы болатын “Құдаймен бірге жүріңдер” деп аталатын облыстық конгресте көптеген қауымдардан келетін бауырластармен Ехобаның есімін бірге мадақтауға жақсы мүмкіндік туатын болады. Қай жерде тұрақтайтындарыңды, немен баратындарыңды, сондай-ақ жұмыс орнынан демалыс алып, алдын ала ойластырдыңдар ма? Мұны алдын ала ойластырғанымыз парасаттылық болар еді (Нақ. с. 21:5).
2. Неге конгресс өтетін жерге ертерек келуді жоспарлаған пайдалы?
2 Конгресс өтетін жайға келгенде. Конгреске қатысты көп нәрсені ескеруіміз керек. Ертерек қамданғанымыз тосын жағдайларды алдын алуға көмектеседі, сондай-ақ уақтылы отыратын орын тауып, шын жүректен алғашқы ән мен дұғаға қосылуымызға мүмкіндік береді (Заб. 68:31). Бағдарлама басталардан бірнеше минут бұрын, Патшалықтың әуені ойнап тұрған уақытта, бағдарламаның төрағасы мінбеге келіп орындыққа отырады. Бағдарлама тәртіппен, уақтылы басталу үшін осы аралықта әрқайсымыз өз орнымызға жайғасуымыз керек (1 Қор. 14:33, 40).
3. Отыратын орын іздегенде, қалай өзгелерге мұқият бола аламыз?
3 Құдай Сөзі: “Бәрін де сүйіспеншілікпен істеңдер!” — деп өсиет етеді (1 Қор. 16:14). Конгресс өтетін жердің есіктері таңғы 8:00-де ашылған кезде, өзгелерге мұқият болсақ, өзіміз қалаған орынды басқалардан бұрын алу үшін жүгіріп, асығып-аптығып, өзгелерді қағып-соқпаймыз. Отыратын орынды тек өзіңмен бірге келгендерге немесе бір үйде тұратын жандарға ғана алуға болады (1 Қор. 13:5; Філіп. 2:4).
4. Түскі үзіліс кезіне қатысты нені ойластырған абзал және мұның қандай пайдасы бар?
4 Түскі тамақты сырттан сатып алғанның орнына, өздеріңмен әкелулеріңді өтінеміз. Бұл бәрімізге де бауырластармен сенімімізді нығайтатын қарым-қатынас жасаудан қуаныш алуымызға, сондай-ақ түстен кейінгі бағдарламаға басынан бастап қатысуымызға мүмкіндік береді. Қажет болса тамақ салынған шағын ыдысты орындықтың астына қоюға болады. Үлкен отбасыларға арналған көлемді ыдысты, шыны ыдыстар мен спирттік ішімдіктерді конгреске алып келуге рұқсат етілмейтінін есте ұстаңдар.
5. Тәлімді қабылдау үшін қалай жүрегімізді дайындай аламыз?
5 Бізді алда рухани той күтіп тұр. ‘Шын Құдайды іздеуге жүрегін дайындаған’ адамдардың бірі Жосафат патша болған (2 Шеж. 19:3, ЖД). Конгрестің қарсаңында жүрегімізді қалай дайындай аламыз? “Ояныңдар!” (ор.) журналының 22 мамыр және 8 маусым айларындағы сандарының соңғы бетіндегі мақалада осы рухани тойдың бағдарламасы келтіріледі. Ехобаның бізге дайындап отырғандарын тағатсыздана күтуіміз үшін сол мақалалардың үстінен ой жүгіртуге неге уақыт бөлмеске? Жүрегімізді дайындауға, сонымен қатар алатын тәлімді қабылдап және оны іске асыру үшін дұғада Ехобадан көмек сұрау да жатады (Заб. 24:4, 5).
6. Біз не нәрсеге құштармыз және неліктен?
6 Бәріміз де Құдай Сөзінен көбірек үйренуге құштармыз, өйткені сол арқылы құтқарыла алатынымызды түсінеміз (1 Пет. 2:2). Сол себепті “Құдаймен бірге жүріңдер” деген облыстық конгреске қатысып, Ехобаның есімін бірге мадақтайық (Заб. 33:4).
[3-беттегі қоршау]
Құдайдың есімін мадақтаудың жолдары
◼ Алдын ала жоспар құрыңдар
◼ Өзгелерге сүйіспеншіліктеріңді көрсетіңдер
◼ Жүректеріңді дайындаңдар