Құдай даналығының теңдесі жоқ
1 Кейбіреулер Ехоба Куәгерлері адамзаттың бүгінгі күні кезігіп отырған қиыншылықтарын жеңілдетуге көбірек күш салулары керек деп ойлайды. Мұндай адамдар Киелі кітапқа негізделген ағарту ісінің қаншалықты бағалы екенін түсінбейді. Пауыл жазғандай: “Мәсіхтің айқыштағы құрбандығы туралы Ізгі хабарды тозаққа кететіндер ақымақтық деп есептейді, ал құтқарылатын біздер үшін осы хабарда Құдайдың құдіреті жатыр” (1 Қор. 1:18). Алайда біз мәсіхшілердің бүгінгі күні жер бетінде атқарып жатқан қызметтері ең маңызды іс екенін білеміз.
2 Қазірдің өзінде анағұрлым жақсы өмір. Адамзаттың қиыншылықтарды шешу үшін жасап жатқан әрекеттерінің нәтижесі шамалы. Қылмыстық әрекеттерге қатысты заңдар қылмыстың көбеюін тоқтатпады. Бейбіт бітімдер мен бейбітшілікті қолдау үшін қолданылатын шаралар соғысты тоқтата алмады. Әлеуметтік бағдарламалар кедейшілікті жоя алған жоқ (Заб. 145:3, 4; Ер. 8:9). Ал Патшалық туралы хабар миллиондаған адамның өмірін өзгертіп, Құдайға ұнамды жаңа адам болмысына ие болуға көмектесуде (Рим. 12:2; Қол. 3:9, 10). Осының нәтижесінде, олар қазірдің өзінде өмірлерінің жақсарып жатқанына қуанышты (1 Тім. 4:8).
3 Жарқын болашақ. Сонымен қатар Құдайдың даналығы өмірдегі қиыншылықтарды жеңіп, болашаққа дұрыс жоспар құруға мүмкіндік береді (Заб. 118:105). Ал бұл бізді осы заманды өзгертуге тырысып, босқа әуре болудан сақтайды (Еккл. 1:15; Рим. 8:20). Өмірімізді құр қияли мақсаттарға сарып етіп жатпағанымызға қаншалықты ризамыз десеңші! Керісінше, бар назарымызды Ехобаның әділдік орнайтын “жаңа аспан мен жаңа жердің” берік уәдесіне аударып отырмыз. Ехобаның соттайтын күні келгенде, Құдайдың даналығына арқа сүйегендердің дұрыс талғам жасағандары айқын болады (2 Пет. 3:10—13; Заб. 36:34).
4 ‘Күнәкар дүниенің’ даналығына беріліп кеткендерге Құдайдың даналығы пайдасыз болып көрінер, бірақ бұл нағыз ұстанатын жол болып табылады (1 Қор. 1:21; 2:6—8). Сондықтан ‘даналықтың бірден-бір Иесі’ Құдайдың хабарын бүкіл жер бетінде әрі қарай да жариялай береміз (Рим. 14:26).