Сауалдар жәшігі
◼ Киелі кітапты отбасымен бірге зерттеу туралы қауымға есеп берілу керек пе?
Егер мәсіхші ата-аналар Киелі кітапты отбасымен бірге зерттеп, оған шомылдыру рәсімінен өтпеген балалары қатысатын болса, онда олар ең көп дегенде аптасына бір сағат, бір аптаға бір қайта оралып бару мен айына бір Киелі кітапты зерттеу сабағы өткізілді деп есеп бере алады. Егер Киелі кітапты зерттеу бір сағаттан көпке созылса да, аптасына бір емес, бірнеше рет өтіліп, я болмаса балаларымен жеке өтілсе де есеп осылай беріледі (“Біздің қызметіміз” кітабының 104-бетін қара, ор.).
Ал егер отбасы мүшелерінің бәрі шомылдыру рәсімінен өткен жариялаушылар болса, өткізілген зерттеу туралы да, оның сағаты жайлы да есеп берілмейді (бұл жайт бала шомылдыру рәсімінен өткен соң, әлі екінші кітапты оқып жатқан жағдайға қатысты емес). Себебі қауымның уағыздау ісі туралы есебі бірінші кезекте ізгі хабардың, сондай-ақ Ехобаға өзін әлі бағыштамағандармен және шомылдыру рәсімінен өтпегендермен Киелі кітапты зерттеу жұмысының қалай атқарылып жатқанын көрсетеді (Мат. 24:14; 28:19, 20). Алайда бұл Киелі кітапты отбасымен үнемі зерттеудің маңыздылығын еш төмендетпейді.
Балаларымен Киелі кітапты зерттеу — мәсіхші ата-аналардың міндеті. Отбасымен зерттеуді ұйымдастыруда не оны жақсартуда көмек қажет болса, ата-аналардың ақсақалдарға жүгінуіне болады. Егер қауымдағы мәсіхші бауырластың шомылдыру рәсімінен өтпеген ұлымен я қызымен Киелі кітапты зерттеуді өзге жариялаушы өткізгені жөн деп табылса, бұл жөнінде төрағалық етуші бақылаушы не қызмет бақылаушысымен кеңесу керек. Егер бұған рұқсат етілсе, сабақты өткізіп жүрген жариялаушы ол туралы есепті өзінің өткізіп жүрген басқа да Киелі кітапты зерттеу сабағы сияқты береді.
Балаларды Ехобаның жолымен тәрбиелеу уағыздау ісінің есебінде келтірілгеннен әлдеқайда көп уақыт пен күш жұмсауды білдіреді (Заң. қ. 6:6—9; Нақ. с. 22:6). Мәсіхші ата-аналар балаларын ‘ақылмен жөн сілтеп, Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелеудегі’ иықтарындағы ауыр жүкті арқалап жүргендері үшін мақтауға лайық (Ефес. 6:4).