Хабарландырулар
◼ Қараша айында “Білім” кітабы немесе “Құдай талап етеді” брошюрасы ұсынылады. Үй иелерінде бұл әдебиеттер болса, “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын немесе кез келген бұрынғы әдебиеттерді ұсыныңдар. Желтоқсанда “Менің Киелі кітап әңгімелерім” кітабы. Қаңтар айында қауымда бар кез келген 192 беттік кітаптарды ұсынуға болады. Ақпанда “Күзет мұнарасы” журналы ұсынылады.
◼ Төрағалық етуші бақылаушы не ол тағайындаған өзге бауырлас 1 желтоқсанда немесе мүмкіндігінше осы уақыттан көп ұзамай қауымның қаржы есебін тексеру керек. Қаржы жөніндегі кезекті есеп берілгеннен кейін тексерудің нәтижесін хабарлаңдар.
◼ Қауымдар келесі жолы әдебиетке тапсырыс бергенде, “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар” журналдарының 2003 жылғы түптелген томдарына тапсырыс берулеріне болады. Бұл томдар қай тілдерде шығатыны туралы тізім ай сайын қауымдарға жіберіліп отыратын “Барлық қауымға арналған хабарландыруларда” келтіріледі. Түптелген томдар дайын болғанша, тапсырыстар жіберілген тізімдегі “Кейінірек жіберіледі” деген жолда жазулы тұрады. Бұл томдар арнайы тапсырыс берілетін әдебиеттерге жатады.