Филиалдан хат
Қымбатты Құдай Патшалығының жариялаушылары!
Аумағымызда Патшалық ісінің қалай алға басып жатқанын үлкен тебіреніспен бақылаудамыз. 2002 жылдың қыркүйек айынан бастап, Ресей мен филиалдың қарамағындағы өзге де елдерде 28 000-нан астам Киелі кітапты зерттеу сабағы басталып, қызметтің өзге де түрлерінде жаңа жоғары сандарға қол жеткізілді.
Ехоба өзге тілді танапта атқарылып жатқан істерге батасын берді. Біздің аумағымызда орыс тілді қауымнан басқа, ондаған тілдерде қауым мен топтар бар. Өткен жылғы қызмет жылында татар тілінде алғашқы қауым ашылды. 2003 жылдың ақпан айында құрамына Ресейдегі осы тілде сөйлейтін қауымдар мен топтар кіретін ым тіліндегі аудан құрылды.
2003 жылдың көктемінде филиалдың аумағында қол жеткізген керемет нәтижелер үшін өте қуаныштымыз (Аян 2:19). Көктемгі айларда Ресейде, Беларусь пен Арменияда жалпы ізашарлардың саны ең жоғары көрсеткіште болды. Сәуір айында Қазақстанда, ал мамыр айында Армения, Әзірбайжан мен Беларусьте уағыздау ісіне жариялаушылардың ең жоғарғы саны қатысты. Аумағымыздағы көптеген елдерде Киелі кітапты зерттеу сабағы ең жоғарғы санға жетті. Құдайдың халқы шынында да Ехобаның “шайқас күніне” дайын екені көрінді (Заб. 109:3, ПА).
2004 қызмет жылынан бастап, біз сендермен бірге Ехобадан әрі қарай да Патшалықтың тұқымын “өсіре” беруін сұрап дұға етеміз. (1 Қор. 3:6).
Бауырластарың, Ехоба Куәгерлерінің Ресейдегі филиалы.