Қызмет кездесулерінің кестесі
14 шілдеден басталатын апта
56-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеп алынған хабарландырулар.
15 мин: Ехобаға ғибадат ету өмірімізді қалай байытады? Тыңдаушылармен талқылау. Шынайы ғибадат бақыт пен мағыналы өмірдің кілті болып табылады. 1) Ол өмірдегі проблемаларымызды шешуге және уайымға салынбауымызға көмектеседі (Філіп. 4:6, 7). 2) Құдайға ұнамды қасиеттерді дамытуға жігерлендіреді (2 Пет. 1:5—8). 3) Уақытымыз бен қаражатымызды барынша дұрыс жұмсауға көмектеседі (1 Тім. 6:17—19). 4) Келешекке берік үміт береді (2 Пет. 3:13). 5) Құдаймен тығыз қарым-қатынас дамытуға мүмкіндік береді (Жақ. 4:8). Ал Ехобаны білмейтін не оған қызмет етпейтіндерде мұның ешқайсысы да жоқ екеніне көңіл бөл.
20 мин: “Ехобаның рақымдылығына деген ризашылық”a. 3-абзацты талқылағанда, 1998 жылғы қазан айындағы (8-бет, ор.) “Біздің Патшалық қызметімізде” келтірілген журналдар апарып тұруды қалай бастауға болатын кеңестерді ұсын. Бір не екі қабілетті жариялаушыдан Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауда қандай тиімді әдісті қолданатындарын сұра. Барлығын да Киелі кітапты зерттеу сабағын бастап, оны өткізуді мақсат етіп қоюға жігерлендір (om 91-бет, ор.).
176-ән және соңғы дұға.
21 шілдеден басталатын апта
184-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру.
10 мин: “Аудандық конгрестің жаңа бағдарламасы”. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Келесі аудандық конгрестің болатын күнін хабарла. Егер қауым қатысатын конгресс мерзіміне бірнеше ай қалған болса, шомылдыру рәсімінен өтуді қалайтындар осы ниеттерін төрағалық етуші бақылаушыға айту керектігін ескерт. Барлығын да Киелі кітапты зерттеп жүргендерді конгреске келіп, оның барлық бағдарламасын тыңдауға шақыру үшін арнайы күш салуға жігерлендір.
25 мин: Уағыздаудағы олардың батылдығына еліктеңдер. 2003 жылғы “Күзет мұнарасының” 1 наурыздағы нөміріне (21, 22-беттер, 8—14 абз.) негізделген тыңдаушылармен талқылау. Оларды 8—14 дейінгі абзацтарда келтірілген сұрақтарға жауап беріп, кейбір жазба орындарын қолдануға шақыр. Іріктеп алынған жазба орындарын оқы. Осы жайттардан алатын сабақ пен уағыздау тапсырмасына дұрыс көзқараспен қарауға қалай көмектесетінін ашып көрсет.
201-ән және соңғы дұға.
28 шілдеден басталатын апта
45-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Шілде айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. 4-беттегі кеңесті қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 тамыздағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет.
15 мин: Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин: “Топ болып уағыздау қуанышқа бөлейді”b. 3-абзацты талқылағанда, 2001 жылғы “Біздің Патшалық қызметіміздің” қыркүйек айындағы нөмірінің “Сауалдар жәшігіндегі” ойларды қос. Қауымның кітап оқу тобының бақылаушысынан қысқаша сұхбат ал. Өзінің кітап оқу тобында қызметке қатысты қандай шаралар ұйымдастырылғанын және топ мүшелері бірге куәлік етудің қалай пайдасын көріп жүргенін сұра.
36-ән және соңғы дұға.
4 тамыздан басталатын апта
178-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Осы айда ұсынылатын әдебиеттерді естеріне сал. Оларды ұсынудың бір не екі көрсетуін дайында.
20 мин: “Көп тілде сөйлейтін аумақта әдебиеттерді ұсыну”c. Келтірілген сұрақтарды қолдан. 3-абзацты қарастырғанда, жергілікті жерде кездесетін, бірақ қауым жоқ шет тілінде қарапайым көрсету дайында (km 7.02. 1-бет, 4-абз.).
15 мин: Ехобаны мадақтайтын жастар! Тыңдаушылармен талқылау мен сұхбат алу қарастырылған баяндама. Жастардың кездесулерде жақсы дайындаған түсініктемелерін естіп қуанамыз. Олардың ынтасы мен Теократиялық қызмет мектебіндегі жетістіктері қуанышқа бөлейді. Қызметте керемет куәлік етулерімен олар өздерінің шынайы сенімдерін көрсетеді. Олардың Құдайға ұнамды жүріс-тұрыстары Ехобаға даңқ әкеледі (1998 жылғы “Біздің Патшалық қызметіміздің” маусым айындағы нөмірі, 7-бет, ор.). Олардың рухани жетістіктері келешек қызметтерінің негізі болып табылады. Қауымның істеріне үнемі атсалысудан қуаныш алып жүрген екі не үш жас бауырласымыздан қысқаша сұхбат ал. Ехобаны мадақтауға барынша тырысып жүргендері үшін қауымдағы жастарға шын жүректен мақтау айт.
49-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.