Ехобаның рақымдылығына деген ризашылық
1 Мәсіхші болғанға дейін елші Пауыл мәсіхшіліктің таралуына қатты қарсылық көрсеткен болатын. Алайда ол мұны білместіктен істеген соң, Құдай оған рақым етті. Ехоба қайырымдылық көрсетіп, Пауылға аса құнды уағыздау міндеті тапсырылды. Пауыл бұл тапсырмасын өте жоғары бағалады (Ел. іс. 26:9—18; 1 Тім. 1:12—14). Ол: ‘Иса Мәсіх мені сенімді болады деп бағалап, Өзіне қызмет етуге тағайындады’,— деп жазды (1 Тім. 1:12—14; Ел. іс. 26:9—18). Ехобаның рақымдылығына деген ризашылығы Пауылды өз қызметін жанқиярлықпен атқаруға талпындырды (2 Қор. 12:15).
2 Құдайдың рақымдылығының арқасында бізге де қызмет ету тапсырылған (2 Қор. 4:1). Пауыл сияқты, біз де Құдайдың бізге көрсеткен рақымына деген ризашылығымызды өзгелердің рухани өсулеріне көмектесуге бар күшімізді салу арқылы көрсете аламыз. Мұны істеудің бір жолы Киелі кітапты зерттеу сабағын бастап, жалғастыру болып табылады.
3 Киелі кітапты зерттеу сабағын бастау. Киелі кітапты зерттеу сабағын бастаудың бірден-бір жолы — адамдарға журнал апарып тұру. Соның арқасында біз сол адамдарды не мазалайтынын жақсырақ біле аламыз. Уақыт өте келе, журналдардың ішіндегі қандай да бір мақала “Құдай нені талап етеді?” брошюрасымен Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға себеп болуы мүмкін. Келесі жолы үй иесіне журналдарды әкелгенде, “Құдай нені талап етеді?” брошюрасын талқылауды әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік болып қалар.
4 Дұға ету мен күш салу қажет. Дұға етіп және барынша күш салғанымыз уағыздау ісінде белсенділігімізді арттырады. Бір Киелі кітапты зерттеу сабағы бар әйел бауырласымыз Ехобадан тағы да сондай Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға батасын беруді сұрап дұға етеді. Сөйтіп ол дұғасына сай іс-әрекеттер жасайды. Ол өзінің қалай қызмет етіп жүргенін қарастырғанда, қайта оралып барған кезде, адамдарға Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауды ұсынбайтынын байқайды. Кейін ол осыны қолға алғанда, қосымша екі Киелі кітапты зерттеу сабағын бастайды.
5 “Құдайдың рақымы туралы Ізгі хабарды” паш етуге атсалысуға мүмкіндігіміз болғаны қандай керемет! (Ел. іс. 20:24). Ехобаның рақымдылығына деген ризашылығымыз өзгелерге Ехобаның рақымының игілігін көрулеріне көмектесу үшін бар күшімізді салуға талпындырсын.