Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 6.03. 8-б.
  • Құдайдың есімін паш ету

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдайдың есімін паш ету
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаның өз есімін асқақтатуы
    Құдай Патшалығы билік етуде!
  • Ехобаның ұлы есімін даңқта!
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдайдың есімі
    Ояныңдар! 2017
  • Құдай Тағаланың есімі кім?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2003
km 6.03. 8-б.

Құдайдың есімін паш ету

1. Құдайдың есімін білу адамдарға қалай әсер ете алады?

1 Құдайдың есімін алғаш рет білгеніңде қандай күйде болдың? Көпшілігінің сезімін бір әйелдің мына сөздерімен жеткізуге болады: “Киелі кітаптан Құдайдың есімін алғаш рет көргенімде, мен жылап жібердім. Құдайдың есімін білетінім және оны қолдана алатыным жүрегімді қатты тебірентті”,— деді ол. Бұл әйелге Құдайдың есімін білу Ехобаны тұлға ретінде танып, онымен қарым-қатынасын дамыту үшін маңызды қадам болған.

2. Өзгелерге Ехоба туралы тәлім бергеніміз неліктен өте маңызды?

2 Неліктен есімін паш ету керек? Құдайдың есімі оның қасиеттерін, ниеттері мен іс-әрекеттерін білдіреді. Бұл есім сондай-ақ құтқарылумен де байланысты. Елші Пауыл: “Ехобаның есімін шақырған әркім құтқарылады”,— деп жазды. Бірақ адамдар Ехоба туралы біліп, оған сенім білдірмесе, “олар қалай шақыра алады?”,— деді Пауыл қисынды түрде (Рим. 10:13, 14, ЖД). Олай болса, мәсіхшілер үшін өзгелерді Құдайдың есімімен таныстырып, оны паш ету өте маңызды іс болып табылады. Алайда Құдайдың есімін паш етудің бұдан да басқа өте маңызды себебі бар.

3. Уағыздаудағы ең басты мақсатымыз қандай?

3 1920 жылы Құдай халқы Киелі кітаптан Құдайдың билігі мен оның есімінің ақталуына қатысты даулы сұрақ көтерілгенін түсінді. Ехоба өзінің есіміне жала жапқандарды жоймай тұрып, Ол туралы шындықты ‘жер шарының бәрі’ білу керек (Иш. 12:4, 5; Езе. 38:23). Сондықтан да уағыздаудағы ең басты мақсатымыз — жұрт алдында Ехобаны мадақтап, бүкіл адамзаттың алдында оның есімін киелі тұту (Ев. 13:15). Құдайға және маңайымыздағыларға деген сүйіспеншілік Құдайдың өзі тағайындаған іске толығымен атсалысуға түрткі болады.

4. Ехобаның Куәгерлері Құдайдың есіміне байланысты қалай танымал болды?

4 ‘Өзінің атымен аталған халық’. 1931 жылы біз Ехоба Куәгерлері деп аталдық (Иш. 43:10). Содан бері Құдайдың халқы Оның есімін әйгілі еткені соншалық, “Жариялаушылар” (ағ.) кітабының 124-бетінде былай делінген: “Дүние жүзі бойынша Ехоба деген есімді ашық қолданатын адамды бірден Ехоба Куәгерлерінің бірі деп біледі”. Сені де осылай тани ма? Ехобаның мейіріміне деген ризашылық әрбір қолайлы сәтте оның ‘есімін мадақтауға’ талпындыру керек (Заб. 19:8; 144:1, 2, 7).

5. Жүріс-тұрысымыздың Құдайдың есімімен аталып жүруімізбен қандай байланысы бар?

5 ‘Өзінің атымен аталған халық’ ретінде біз Ехобаның нормаларын ұстануымыз керек (Ел. іс. 15:14; 2 Тім. 2:19). Жиі адамдардың Ехоба Куәгерлерінен бірінші байқайтындары — олардың үлгілі жүріс-тұрысы (1 Пет. 2:12). Құдайдың принциптерін ескермей немесе оған деген ғибадатымызды өмірімізде екінші орынға қойып, оның есіміне кір келтіруді ешқашан да қаламаймыз (Леуі. 22:31, 32; Малх. 1:6—8, 12—14). Мұның орнына, өз өмірімізбен Құдайдың есімімен аталып жүру мүмкіндігін жоғары бағалайтынымызды көрсетейік.

6. Қазіргі уақытта да, келешекте де нені қуанышпен орындаймыз?

6 Бүгінде біз Ехобаның: “Шығыстан батысқа дейін, халықтар арасында менің есімім ұлы болады”,— деп айтқан сөздерінің орындалуын көрудеміз (Малх. 1:11). Ехоба туралы шындықты паш етуді және “Оның киелі есімін мәңгі дәріптей” беруді жалғастыра берелік (Заб. 144:21).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу