Дәрменсіз, бірақ еңбектері жемісті
1 Егер көптеген дәрменсіз Ехоба Куәгерлерінің қатарында болсаң, әлі де болса қызметіңді жемісті ете аласың. Тіпті сенің жағдайың куәлік етуге және өзгелердің сенімін нығайтуға ерекше мүмкіндіктер тудыруы мүмкін.
2 Куәлік етудің мүмкіндіктері. Өзінің ауруымен күресіп жүргендердің көпшілігі қызметке толығымен қатысып жүр. Мысалы, ота жасаудың нәтижесінде жүре алмай қалған және сөйлеу қабілетіне қатты зақым келген бір әйел бауырласымыз, күйеуі көлігін адамдар көп жүретін жолдың бойына қойғанда, көлікте отырып, журналдарды тарататын болған. Бірде ол осылайша екі сағаттың ішінде 80 журнал таратады! Сенің жайың басқаша жолмен сөйлесу қиын болған адамдармен әңгімелесуге жол ашуы мүмкін. Осылай болған жағдайда, оларды арнайы учаскем деп қарастыр.
3 Сенің уағызың өте жемісті бола алады. Өзгелер батыл әрекетің мен Киелі кітаптағы шындықтың сенің өміріңе тигізген керемет әсерін көргенде, олардың да Патшалық туралы хабарға үн қатулары мүмкін. Оның үстіне, әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді кездестіргенде, өз басыңнан өткерген жағдайлар саған олар үшін Құдай сөзінен жұбаныш сөзін тауып беруге көмектесуі мүмкін (2 Қор. 1:4).
4 Өзгелерді нығайта аласың. 37 жыл бойы жасанды тыныс алдыратын “темір өкпенің” ішінде жатып, 17 адамға Киелі кітаптағы шындықты білуге көмектескен Лорел Нисбеттің өмірбаянын оқығанда қатты жігерленбедің бе? Дәл сол сияқты, сенің де көрсеткен үлгің өзгелерді Ехобаға қызмет етуге бар күштерін салуға талпындырады (g93 1.22 18—21-беттер, ор.).
5 Сенің хал-ахуалың қызметке өзің қалағандай қатыса алуыңа кедергі жасағанымен, сен өзгелердің сенімін нығайта аласың. Бір ер бауырласымыз: “Тіпті халі нашар адамдардың өзі өзгелерге үлкен қолғабыс бола алатынын білдім. Әйелім екеуміз қауымдағы көптеген бауырластарымызға кеменің зәкірі іспеттіміз. Өйткені осындай халімізден үнемі іздегенде табыламыз, оларға көмектесуге әрқашан дайынбыз”. Әйтсе де, барлық кезде құлшынысыңа сай қызмет ете алмайтының түсінікті жайт. Сөйтсе де, біраз қол ұшын бергеннің арқасында қызметке белсене қатыса аласың. Сондай-ақ егер қандай да бір көмек қажет болса, бұл жөнінде ақсақалдарға немесе қауымдағы өзге де көмектесе алатын бауырластарға айтуға қысылма.
6 Ехоба өзіне қызмет ету үшін, қолыңнан келгеніңнің бәрін істеп жатқаныңды көріп тұр, ол сенің шын жүректен шыққан қызметіңе қатты риза болады (Заб. 138:1—4). Оған арқа сүйер болсаң, Ол қызметіңді мәнді де жемісті етеді (2 Қор. 12:7—10).