Қызмет кездесулерінің кестесі
ЕСКЕРТУ: Жаз айларында “Біздің Патшалық қызметімізде” әр аптадағы қызмет кездесуінің кестесі беріледі. “Құдайды дәріптеңдер” деп аталатын облыстық конгреске байланысты әр қауымның өздері өзгеріс енгізулеріне болады. Орынды болған жерлерде облыстық конгрестің алдындағы аптада өткен айдағы нөмірдің қосымшасындағы жергілікті жерде қолдануға болатын лайықты кеңестерді қайталауға 15 минут бөліңдер. Қазан айында бір қызмет кездесуі толығымен конгресс бағдарламасының көңіл аударарлық бөлімдерін қайталауға арналады. Сол талқылауға дайын болу үшін, жеке өмірімізде және қызметте қолданғымыз келген ойларды, сондай-ақ маңызды немесе қызықты деген бөліктерін жазып алуымызға болады. Содан соң, конгрестен кейін сол кеңестерді қалай қолданғанымызды айтып беруімізге болады. Сол конгресте алған жақсы кеңестердің пайдасын қалай көргенімізді естіп барлығымыз жігерленеміз.
14 сәуірден басталатын апта
20-ән
15 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеп алынған хабарландырулар.
10 мин: Сауалдар жәшігі. Ақсақалдың баяндамасы.
20 мин: ‘Жарық жұлдыздай жарқырау’a. Соңында “Күзет мұнарасының” 1997 жылғы 1 маусымдағы нөмірінің 14, 15-беттеріндегі 8—13 дейінгі абзацтардағы мәліметке негізделіп 5 минут баяндама айт. Не себепті Патшалық туралы хабарды жасырмауымыз керек екеніне көңіл аудар.
134-ән және соңғы дұға.
21 сәуірден басталатын апта
25-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру.
15 мин: “Ехобаны мадақтау үшін бас қосу”b. Келтірілген сұрақтарды қолдан. Барлығын жұма күні таңертеңнен бастап, жексенбі күні түс қайтқанға дейін бағдарламаны толық тыңдауға жігерлендір. Тек тыңдап қана қоймай, білгенімізді қолдануымыз керек екендігіне ерекше көңіл бөл. Жоғарыдағы қазан айындағы қызмет кездесулерінің бірі облыстық конгрестің негізгі ойларын талқылауға арнау жоспарланып отырғаны жөніндегі ескертуді қарастыр. Барлығын да конгресс кезінде негізгі ойларды жазып отыруға жігерлендір.
20 мин: “Қабыл алсын”.c Бір немесе екі салт басты бауырласымызбен салт бастылықтың мүмкіндіктерін Патшалықтың ісі үшін қалай тиімді пайдаланып жүргендіктері жөнінде сұхбаттас. Олар қызметтерінен қанағат алуға ненің көмегі болып жүргенін айтып берсін.
35-ән және соңғы дұға.
28 сәуірден басталатын апта
51-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Сәуір айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. 8-беттегі кеңесті қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 мамырдағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет.
15 мин: “Игі істер жасауда үлгі болыңдар”d. Келтірілген сұрақтарды қолдан. Біздің пайдамыз үшін қарастырылған жерлерде тұрудың қажеттілігіне ерекше көңіл бөл. Не себепті әрқайсысымыздың да ізгілік танытқанымыздың маңызды екенін түсіндір.
20 мин: “Киелі кітапты зерттеу сабағына ұласатын қайта бару”.e Ақсақал жүргізеді. Ол келтірілген сұрақтарды қолданады. Тыңдаушыларды қызметте осы берілген кеңестерді қолданғанда оң нәтиже берген оқиғаларды қысқаша айтып беруге шақыр. 5-абзацты талқылағанда Киелі кітапты зерттеу сабағы басталған жергілікті аумақта болған оқиғаны көрсет.
89-ән және соңғы дұға.
5 мамырдан басталатын апта
120-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметіміздің” 2002 жылғы сәуір айындағы нөмірінің 2-бетіндегі “Жазғы уақытты қалай өткізетіндеріңді алдын ала жоспарлаңдар” деп аталатын бағдарлама бөлігіндегі кеңестерді қысқаша қайтала.
20 мин: “Әдеппен киінгеніміз Құдайды құрметтейтінімізді көрсетеді”.f Ақсақал өткізеді. Келтірілген сұрақтарды қолдан. Абзацтарды жақсы оқи алатын ер бауырласымыз мәнерлеп оқиды.
15 мин: Жақсы хабар қуанышқа бөлейді (Нақ. с. 15:30). Наурыз, сәуір айларында қызметке ерекше күш жұмсағанның арқасында қауымның қол жеткізген жетістіктерін тыңдаушылармен талқылау. Жариялаушыларды келесі салаларда қандай жігерлендіретін оқиғалар болғанын айтып беруге шақыр: 1) Қызығушылық білдіргендерге Еске алу кешіне келуге көмектесу, 2) қосалқы ізашар ретінде қызмет ету, 3) енжар бауырласымызға қауымның ісіне қайта араласуға көмектесу. 4) жаңа келгендерге жариялаушы болуға көмектесу және 5) Еске алу кешіне келгендердің қызығушылығын әрі қарай дамыту. Осы түсініктемелердің кейбірін алдын ала дайындап қой. Мақтау айтып, барлығын болашақта да осылай күш сала беруге жігерлендір.
126-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
e Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
f Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.