Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 2.03. 8-б.
  • Сен үшін ең маңызды іс не?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сен үшін ең маңызды іс не?
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Ұқсас мәлімет
  • Қызметімізді толықтай атқарып жүрміз бе?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Мәсіхші ретіндегі қызметіміз — ең басты жұмысымыз
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • ‘Иеміз саған міндеттеген қызметіңе ықылас сал!’
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қызметіміз ең басты орында тұрсын
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2003
km 2.03. 8-б.

Сен үшін ең маңызды іс не?

1 Көптеген діни ұйымдар білім алуға арналған ғимараттар соғу, медициналық көмек көрсету сияқты қайырымдылық істеріне ерекше көңіл қояды. Ал Ехоба Куәгерлері болса, “жақсылық жасап, өзгелермен бөлісуді” ұмытпағанымен, бірінші кезекте өзгелерге рухани көмек көрсетеді (Ев. 13:16, ЖД).

2 Бірінші ғасырдағы үлгі: Жердегі қызметінің барысында Иса көптеген игі істер жасады, алайда оның негізгі ісі шындық туралы куәлік ету болған еді (Лұқ. 4:43; Жох. 18:37; Ел. іс. 10:38). Ол шәкірттеріне “күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп... үйретіңдер!” деп тапсырды (Мат. 28:19, 20). Сондай-ақ өзіне сенім білдіргендер өзі бастаған істі әлдеқайда көп мөлшерде атқаратынынын айтты (Жох. 14:12). Иса үшін ең маңыздысы уағыздау ісі болды, өйткені ол іс адамдарға құтқарылу жолын білуге көмектеседі (Жох. 17:3).

3 Елші Пауыл уағыздау ісін ‘борышты міндеті’, яғни ескерусіз қалдыруға болмайтын талап ретінде қарастырған (1 Қор. 9:16, 17). Ол қызметін атқару үшін кез келген құрбандыққа баруға және сынақтарға төзуге, сондай-ақ ең қажетті заттарға байланысты қиындықтарды да көтеруге дайын болды (Ел. іс. 20:22—24). Елші Петір мен қызметтестері де сондай рух танытты. Тіпті түрмеге жабылып, дүре соғылғанына қарамастан “олар... тәлім беріп, Исаның Мәсіх екендігін уағыздауларын тоқтатқан жоқ” (Ел. іс. 5:40—42).

4 Ал біз ше? Патшалық туралы ізгі хабарды жариялап, шәкірттер дайындау ісін өмірімізде бірінші орынға қойып жүрміз бе? Иса сияқты “бағушысы жоқ қойлардай қалжыраған бейшара” адамдарға шынымен жанымыз аши ма? (Мат. 9:36). Әлемдегі соңғы жаңалықтар мен Киелі кітаптағы пайғамбарлықтар жақында осы зұлым дүниенің жойылатынын анық көрсетіп отыр. Уағыздау ісінің маңыздылығын есте ұстағанымыз әрі қарай да құлшына уағыздауға талпындырады.

5 Жағдайларыңды қарастырып көріңдер: Адамның жағдайы жиі өзгеріп отыратындықтан, уағыздау қызметіне көбірек уақыт бөлу үшін өзгерістер жасауға болатын-болмайтынын қарастырып отырғанымыз жөн. 50-ші, 60-шы және 70-ші жылдары жалпы ізашар ретінде қызмет атқарған бір әйел бауырласымызға денсаулығының нашарлағандығынан оны тоқтатуға тура келеді. Алайда уақыт өте келе оның денсаулығы жақсарады. Ол жағдайын қайта қарастырып, қайтадан ізашар ретінде қызмет етуіме болады деген қорытындыға келеді. 90 жасында “Ізашарлық қызмет мектебіне” қатысқанына ол қандай қуанышты болды десеңші! Сендер жайында не айтуға болады? Сендер жақында зейнетке шығайын деп немесе оқуды тамамдағалы отырған жоқсыңдар ма? Жағдайларыңның өзгергені ізашар ретінде қызмет атқаруға мүмкіндік бере ме?

6 Мартаның қонақ күтудің қамын ойлап “зыр жүгіргенін көргенде”, Иса көп бейнеттенбей, керегін ғана істесе, алатын сыйы әлдеқайда көп болатынын жылы сөзбен түсіндіреді (Лұқ. 10:40—42). Сендер өмірлеріңді жеңілдете аласыңдар ма? Шын мәнінде ерлі-зайыптылардың екеуінің бірдей жұмыс істеуі қажет пе? Егер өзгерістер жасаса, бір адам жұмыс істесе де өздеріңді ең қажетті заттармен қамтамасыз етуге болар ма еді? Уағыздау қызметіне көп уақыт бөлу мақсатымен өзгеріс жасаған көп бауырластар оның рухани пайдасын көруде.

7 Барлығымыз да Иса мен елшілері қалдырған үлгіге еліктегейміз! Маңызды Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздау ісіне көбірек қатысу үшін қолымыздан келгенін істесек, Ехобаның батасын төгетініне сенімді болуымызға болады (Лұқ. 9:57—62).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу