Көзіңді ашып, жан-дүниеңе қозғау салатын бейнетаспа
1951 жылдың сәуір айы. Бұрынғы Кеңес Одағындағы мыңдаған Ехоба Куәгерлері отбасыларымен қоса жүк таситын вагондарға тиеліп, Сібірге айдалған болатын. Неліктен қуатты Кеңес үкіметі олардың көзін жойғысы келді? Осындай көп жылға созылған сұмдық қуғынға қарамастан бауырластарымыз қалай аман қалып, тіпті көбейе түсті екен? Бұл сұрақтардың жауабын “Сынақ кезінде адалдығын сақтағандар — Кеңес Одағындағы Ехоба Куәгерлері” бейнетаспасынан табасыңдар. Оны көріп шығып, ойға тоқыған, білгендерің сендерді кез келген жағдайда Ехобаға адал болып қалуға ынталандырғай.
Мына сұрақтарға жауап бере аласыңдар ма? 1) Ехоба Куәгерлері Ресейде ресми тіркеуден қашан өтті? 2) Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында және одан кейін Кеңес Одағында Куәгерлер қалай көбейді? 3) Олардың сенімдері қалайша Лениннің пәлсапасына тікелей қайшы келді? 4) “Солтүстік операциясы” деген не және Сталин оның көмегімен нені жүзеге асырғысы келді? 5) Жер аударылған Куәгерлер қандай жағдайды бастарынан кешті және одан қалай құтылуға болатын еді? 6) Сібірге ұзақ сапарларында бауырластарымыздың бір-бірін жігерлендіруі тұтқындаушыларын қалай таңғалдырды? 7) Сібірде Куәгерлер қандай қиыншылықтарды бастарынан кешті? 8) Ехобаның халқы қандай рухани тамақты аса жоғары бағалады және неліктен? 9) Бауырластарымыз әдебиеттерді алу үшін неліктен бастарын өлімге тігуге дайын болды және үкіметтің кедергі жасау үшін жасаған аяусыз әрекеттеріне қарамастан қалайша рухани тағам алып отырды? 10) Құдайдың халқына қарсы шабуылды Хрущев қалай жалғастырды? 11) Қалайша шенеуніктер Куәгерлердің балаларының сенімдерін сөндірмекші болды? 12) Өздерінің қуғындалып жатқандығының себебі туралы бауырластарымыздың қандай айқын түсінігі болды? (2002 жылғы “Жылнама”, 203, 204-беттер, ор.). 13) Құдайдың ұйымына қарсы жасалған әрекеттердің бәрі қалай керісінше нәтиже берді? (2002 жылғы “Жылнама”, 220, 221-беттер, ор.). 14) Бұрынғы Кеңес Одағындағы Куәгерлер үшін тек арман болып келген қандай жайт орын алды? 15) Бұл бауырластарымыздың қиыншылықтарға төтеп берулеріне қалай көмектесті және бейнетаспадағы соңғы көрініс Еремия 1:19-ғы сөздердің растығын қалай суреттейді? 16) Қиыншылықтарға қарамастан адалдығын сақтағандар туралы өзіңе қатты әсер еткен оқиғалардың бірін айтып бер.